Саба? жоспары ?аза? тілі 3-сынып М?тін т?рлері


Қазақ тілі 3- сынып мерзімі_________
Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері
Сабақтың мақсаты: мәтінннң түрлері туралы мағлұмат бере отырып, оларды ажырата бңлуге үйрету. Сөйлемдерді тиянақты жаза білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру;
Психологиялық ахуал:
-Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.
-Жарайсыңдар,осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызды бастаймыз. Орнымызға отырайық.
Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
(Балалардың жауабы тыңдалады.)
Жаңа сабақ
1-жаттығу
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
1-топқа тапсырма.
Өйткені деген сөзінің көмегімен сөйлемдерді жалғастырып жазу.
Жолды кесіп өтерде абай болу керек,...
Тамақтанар алдында қолды жуу керек,...
2-топқа тапсырма.
Себебі сөзіңің көмегімен сөйлемдерді жалғастырып жазу.
Итті ызаландыруға болмайды,...
Есіктің қоңырауы соғылғанда, бірден есікті ашуға болмайды,....
Ортақ тапсырма.
Сондықтан деген сөзінің көмегімен сөйлемдерді жалғастырып жазу.
2-жаттығу Екі мәтін екі топқа бөлініп беріледі.
Әр топ өз мәтіндерін оқып түрлерін ажыратады. Себебін түсіндіреді.
Сергіту сәті
-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық
-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.
Ұзын мұртты құмырысқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға, солға қарады
Допты үлкен тау деп ойлады.
-Жақсы, балалар, отырыңдар.
Дәптермен жұмыс
4-жаттығуды орындау арқылы оқушылар өз ойларын еркін әрі айқын жеткізе алады.
Кітаптағы мәтінді оқып, екі топқа бөлінеді.
1-топқа тапсырма. Компьютердің пайдасын жазады.
2-топқа тапсырма. Компьютердің зиянын дәлелдеп жазады.
Сабақты бекіту
Мәтіннің түрлері



Әңгімелеу Пайымдау Сипаттау
Үйге тапсырма
3-жаттығу
Қорытынды
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Балақайлар бүгін сендер сабаққа белсенді қатыстыңдар. Жарайсыңдар!