?аза? тілінен ашы? саба? жоспары Спорт т?рлері


Пәні: қазақ тілі Класы: 6 класс Күні: 15.03.2017ж
Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды спорт түрлері туралы білімдерін тереңдету және жаңа танысқан сөздер арқылы сөйлемдер мен мәтін бойынша сұрақтарды құрастыруға үйрету, тіркесті сөздермен сөйлемдер құруды үйрену. Дамытушылық: қатысымдық тұрғысындағы әр түрлі  тапсырмаларды орындау барысында оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білімділік: қазақ тілін үйрене отырып, спорт түрлерінің қазақша атауларын таныстыру, оқушылардың сөздiк қорын байыту; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.Тәрбиелік: оқушыларды спортқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,  қазақ тіліне құрметін арттыру.
Сабақтың әдісі: сөздікпен жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, талдау, БИС, СИНКВЕЙН әдістері
Көрнекілігі: слайд, суреттер, қима қағаздар, жүрекше, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі: Сабаққа психологиялық дайындық. «Жүректен жүрекке» шеңбері.
Дөңгеленіп тұрамыз,
Үлкен шеңбер құрамыз.
Бірімізге-біріміз
Лебіз айтып шығамыз, - бір - бірлеріне жылы сөздер арнайды. «- Дильназ, сен ақылды қызсың. Дима сен ақылды баласың....»
Қызығушылығын ояту. «Ой қозғау»
Сурет таңдап түстер бойынша 2 топқа бөлінеді. Таңдаған суреттері бойынша сабақтың тақырыбын ашады.
Мақсатымен таныстыру.
- «Спорт шынықтырады, Ұйқы тынықтырады. Спорт өмірді ұзартады, Еңбек ширатады.» дейді халық даналығы. Ендеше бүгінгі сабағымызда спорт түрлері, спорттың адам өміріндегі алатын орны, Қазақстан спортының мақтаныштары туралы сөйлесеміз. 
ІІ Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға тест тапсырмаларын орындату. Бағалау. Өздерін өздері бағалау.
ІІІ Жаңа сабақ. «Мағынаны таны»
Сөздікпен жұмыс.
а/Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздер: Қазақша күрес-борьба, жеңіл және ауыр атлетика –легкая и тяжелая атлетика, жүзу-плавание, тау шаңғысы - горные лыжи, коньки тебу спорты - конькобежный спорт, шайбалы хоккей- хоккей с шайбой, мәнерлеп сырғанау - фигурное катание , бәйге - байга , спорт түрлері - виды спорта ә/ спорт түрлерін қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша екі топқа бөлу.
б/ спорт түрлерін қатыстырып сөйлем құрау.
Бағалау: Топтық бағалау (топ бір-бірін бағалайды)
Мәтінмен жұмыс.
а/ Дарынды оқушының мүмкіндігін пайдалану. «Менің сүйікті спортшым...» тақырыбында мәтін дайындап оқиды.
ә/ Жұптық жұмыс. Мәтін бойынша жұптасып бір-біріне сұрақ дайындап, жауап береді.
Бағалау: Жұптық бағалау (жұптар бір-бірін бағалайды)
Оқушыларды қолдарындағы таңдап алған суреттері бойынша қысқы және жазғы спорт түрлері деп екі топқа бөлу.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқта.  Қарамен жазылған сөздердің қай сөз табы екенін ажырат.
1. Менің әуес ісім - ... шұғылдану. 2. Спорттың ... көп. 3. Мен аптасына екі рет футболға ... . 4. Біз баскетболдан ... ... алдық. 5. Спорттың қай - қайсысы да денсаулыққа ... . 
Керекті сөздер : түрі, барамын, спортпен, пайдалы, бірінші орын. 
2 – тапсырма. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
Дене шынықтырумен шұғылдану- денсаулыққа пайдалы. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқан дұрыс. Үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Біздің мектепте спорттық үйірмелер бар.  І деңгей: Бесінші сөйлемге морфологиялық талдау жасау. ІІ деңгей: жаттығу денсаулық сөздерін септеу. ІІІ деңгей: үйірме, жылдамдық сөзіне фонетикалық талдау жасау.
Бағалау. Оқушылар бір-бірін бағалайды.
4.Үлестірмелі қағазбен жұмыс. Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
 Мектепте, спорттық, біздің , жарыс , өтті. Барлық, қатысты, оған, оқушылар. Футболдан, жеңді, команданы, барлық, сыныптастарымыз, біздің. Қыздарымыз, жеңіп, баскетболдан, алды, орын, бірінші. Білдірді, алғысын, жарысқа, сынып, жетекшіміз, командаларға, қатысқан 
ІҮ Бекіту: БИС әдісі арқылы оқушылар берілген мақал-мәтелді 30 секундта жаттап айтады.
«Спорт – денсаулық кепілі», «Дені саудың – жаны сау»
Ү Қорытынды: «Ойтолғау» СИНКВЕЙН әдісі. Спорт сөзіне бес жолды өлең құрастыру
1.сөз Спорт.2. сын есім (қандай?) Қызықты,мықты 3. етістік (не істейді?) Айналысамын, жасаймын,жүгіремін 4. сөзден құрылған сөйлем. Маған футбол өте ұнайды. 5. жалпы мағынасын білдіретін сөз Денсаулық 
Бағалау. Топтық бағалау.
Кері байланыс:
Сабақ өте қызықты болды. Бәрін түсіндім.
Сабақ жақсы өтті. Бірақ толық түсінбедім.
Сабақ ұнаған жоқ.
Бағалау парақшасы
Кезеңдер І топ ІІ топ
Үй тапсырмасы Сөздікпен жұмыс (топтық бағалау – баллмен) Мәтінмен жұмыс (жұптық бағалау) Қорытынды Дәптермен жұмыс (мұғалім бағалауы – жетонмен) Үлестірмелі карточкамен жұмыс (мұғалім бағалауы – жетонмен ) БИС әдісі – (топтың бағалауы – шапалақпен) Қорытынды