Т?зулер мен жазы?тар ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы тарауын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: 1. Негізгі мақсат. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін тексеру. Түзу мен жазықтықтардың перпедикулярлығының қасиеттері туралы теоремаларды қарастыру, оны игерту. Жазықтықтар арасындағы бұрыш ұғымы енгізу, оған есептер шығару.
Білім,білік дағдысына қойылатын талаптар. Барлық тақырыптардың анықтамасын жадында сақтау, теорема тұжырымдамаларын жатқа айту. Теоремалық білімді түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын анықтауға үйрету ғана емес, сонымен қатар геометрияда шамаларды өлшеуге арналған есептерді шығару кезінде де қолдана білуді игеру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тез ойлауға, және шапшандылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, тест парағы музыка, формулалар.
Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: а)Ұйымдастыру.
ә)Үй тапсырмасына тоқталу.
б)Өткен тарауды қайталау барысында оқушылардың білімін тексеру.
в)Тест тапсырмасын алу.
г) Сыныпта есептер шығару.
д) Қорыту.
ІІІ-тарау. Түзулер мен жазақтықтардың перпендикулярлығы тарауындағы тақырыптар.Тақырыптардың бәрін осылай қайталап болсақ.Пысықтау ретінде №154 есепті шығарымыз. Берілгені. Екі жақты бұрыш М және N нүктелері берілген.
|ММ1| 3см
|ММ2| 5см
|NN1| 9см табу керек NN2-?
9/х+5=3/5 NN2 = М2М+М N
3х+15= 45 М N = 10см
3х= 30 NN2= 5+10 = 15см
Х=10
Жауабы:15см
№-160есеп Бұрыштың шамасы φ -ға тең екі жақты бұрыштың қырынан А және В нүктелері алынған. Осы нүктелерден әр түрлі жағына АС және ВД перпендикуляры жүргізілген.Егер |АВ|= а, |АС| = в |ВД| =с болса, онда СД ұзындығы неге тең?
(СС)||(АВ)
АВ┴ВД
АВ ┴ ВС
СС түзуі ВДС үшбұрыштың жазықтығына перпендикуляр
(СС)┴ (ДС)
ВДС, үшбұрыштың ДС, қабырғасының ұзындығын косинустар теоремасы бойынша табамыз.
|ДС|= √ в2+с2-2вс∙cos φ ал ДС,С үшбұрышынан
|ДС|= √ а2+в2+с2-2вс cos φОқушылардан тест аламын. Қорытындысын бір-біріне өздеріне тексертемін.
Кеңістіктегі түзулердің перпендикулярлығы.
Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы
Перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қасиеттері
Перпендикуляр және көлбеу
Үш перпендикуляр туралы теорема
Түзулер мен жазықтықтардың арақашықтығы
Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш
Екі жазықтықтың арасындағы бұрыш
Екі жазықтықтың арасындағы бұрыш
Екі жақты бұрыш
Осы тақырыптарды оқушылардан сұраймын. Теоремаларын, анықтама, дәлелдерін оқушылардан сұрақ-жауап ретінде сұрап пысықтап өтемін. Сызбаларды тақтаға іліп қоямын. Мысалы: 1. Анықтама. Айқас түзулер арасындағы бұрыш деп оларға параллель және өзара қиылысқан екі түзудің арасындағы бұрышты айтамыз.
Анықтама. Бір-бірімен 900 бұрыш жасайтын кеңістіктегі екі түзуді перпендикуляр түзулер деп аталады. 13-теорема. Егер түзу өзара параллель екі түзудің біріне перпендикуляр болса, онда екінші түзуге де перпендикуляр болады.
32сызба. Дәлелдеу а||в d┴ а → d ┴ в ДОВ ДОА демек ОА мен ОВ түзулері беттеседі және шарт бойынша d ┴ а ( ДОА 900) сондықтан ДОВ 900 Бұл d┴в екенін көрсетеді. Теорема дәлелденді.
Сабақты қорта келе оқушыларды бағалаймын. Тарауды бекіту барасында берілген сұрақтар мен тапсырмалар арқылы жүзеге асады. Үйге тапсырма ретінде. Екіжақты бұрыш тақырыбын қайталау.
2.1-тест
1
2 3 4 5 6 7
с
в е е а D в
8
9 10 а
е с