Квадрат те?сіздіктерді парабола ?дісімен шешу (8 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді парабола әдісімен шешу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға квадраттық теңсіздікті шешуде функцияның графигін қолдану тәсілін меңгерту.
Дамытушылық: Есептер шығаруда тиімді тәсілді қолдану, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
«Не? Қайда? Қашан?» телеойыны
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, конверттер.
Сабақтың әдісі: Танымдық ойын, тест, сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті, күнделікті өмірмен байланыс
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. Сабақтың өту барысымен таныстыру.
«Не? Қайда? Қашан?» телеойыны барысында сырттан келген тапсырмаларды орындау.
«Озық ойлы оқушы» наминациясын анықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Еске түсіру
а) Квадрат теңдеудің түбірін қалай табамыз?
ә) Дискриминант, түбір формуласы қалай жазылады?
б) Квадрат теңсіздік анықтамасы қалай айтылады?
в) Квадрат теңсіздікті шешудің қандай әдісін білесің?
г) Парабола төбесінің формуласы қандай?
Сан аралықтарын сәйкестендіру

D [ -1;4)
C ( -1;4]
В [ -1;4]


5.(-∞;5)сәуле
6.кесінді
7.интервал
8. жартылай интервал
9.ашық сәуле
ІІІ. Зерде журналының тапсырмасы(шексіз мейірімділік)
1. -2;0;1 сандарының қайсысы квадраттық теңсіздіктердің шешімі болады:
а) х2 +6х +8<0; ә) х2 +х>0; б) 3х2 – х +2 > 0
2. . Теңсіздікті қанағаттандыратын бүтін сандарды тап.
-1≤х≤3 3<х<6
3. Теңсіздіктерді шеш:
(х-1)(х-3) >0
ІV.Математика және физика журналының тапсырмасы(келешекке ақ жол)
1. Теңсіздіктерді шеш:
а) х2 – 49 >0 ә) 2х2 – 4х +1 >0

2. . х-тің қандай мәндерінде өрнектің мағынасы бар болады:
;

V.Логика журналының тапсырмасы( асқақ құдірет иесі)
Автобус 8 рейісте 185 –тен көп жолаушы тасыған , ал 15 рейісте 370-тен аз жолаушы тасыған . Әрбір рейісте автобуста неше орын болса ,сонша жолаушы тасыған. Автобуста неше орын болған?
VІ. «МАБ» орталығының тапсырмасы( адам сәулетшісі-)
1.Өрнектің мәнін тап : А.81 В.72 С.32 Д.36 Е.144
2.Үшмүшені көбейткіштерге жікте: х+х-12 А.(х-2)(х+6) В.(х+2)(х-6) С.(х-3)(х-4) Д. (х+3)(х-4) Е. .(х-3)(х+4)
3.Жарысқа 600 оқушы қатысты.Олардың 55%-ы –қыздар.Қанша ұл бала қатысты?
А.270 В.260 С.250 Д.240 Е.230
4. Өрнектің мәнін тап : . а=-2 b=-3 c=-4 А.1 В.-2 С.2 Д.-3 Е.3
5:Жақшаны аш:(2-3n)( 2+3n) А.4+9n В.4-9n С.4-3n Д.4+3 n Е. 3n -4
VІІ.Үйге тапсырма : №286, 290
VІІІ. Бағалау, марапаттау