Техологиялы? карта: «Отбасына арнал?ан б?лме»


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің Күні:айы: 08.12 технологиялық картасы Аптасы:1
II кіші «Балапан» тобы Тәрбиеші:М.К.Валеева
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Отбасына арналған бөлме» (дидактикалық ойын)
Мақсаты: Өзінің отбасы мүшелеріне,бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беруге үйрету.Отбасы үшін бөлме,жиһаздары мен ыдыс-аяқтарды орналастыруға ынталандыру.Ата-аналарды,балаларды бір-біріне көмектесіп,жақсы көретіні туралы түсініктерін қалыптастыру.
Билингвалдық компонент:Отбасына арналған бөлме-комната для семьи,көмектеседі-помогает,жиһаз-мебель,ыдыс-аяқ-посуда.
Сөздік жұмыс:Жиһаз,ыдыс-аяқ,отбасы
Көрнекіліктер:үлестірмелі үй жиһаздарының суреті,ыдыс-аяқтар,жатын бөлме жабдықтары.
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Д/о: «Орнын тап» Балалар өз бөлмесінің қажетті заттардың аттарын атап,суретін таба білу.
Ұйымдастырушылық ізденушілік Д/о: «Үй жиһаздарын тиісті орынға орналастыр»
-Сендер үйде ата-аналарына көмектесіңдер ме?
-Қалай көмектесесіңдер?
-Анаң қандай жұмыс атқарады?
-Әкелерің қандай жұмыс атқарады?
-Балалар,біз қайда тұрамыз?
-Қандай үйде тұрамыз?
-Сендер нешінші пәтерде,қай қабатта тұратындарынды білесіңдер ме?
-Үйде қандай бөлмелер болады?
Д/О : «Қай бөлмеде қандай заттар тұрады?»
-Мына екі суретте бір киіз үй,екінші суретте көп қабатты үй.Сендер қай үй тұрғыларын келеді.
-Қазақ бұрышындағы жиһаздарды тамашалайық.
-Қандай үй жиһаздарын көріп тұрсындар?
-Осы жердегі заттар туралы жұмбақ жасырамын:
Жұмбақ:
Жүз мүйізі бар,үстінде киізі бар.
Кіруге адам батпайды,
Суға салса жатпайды.
Ішіне кірген заттарды,
Аман есен сақтайды.
Сергіту сәті:
Керегені жазайық
Уықтарды қояйық,
Шанырақты көтеріп,
Киіз үйді құрайық. -Керуерт,диван,сервант,үстел,орындық.
-Иә.
-Дастархан жасаймыз,ойыншықтарымызды жинаймыз.
-Анам тамақ пісіреді,ыдыс жуады,мен дастарханды сүртемін.
-Үйдің шаңын шаңсорғышпен сорады,маған көмектеседі.
-Таран ауданыңда.
-Өздері тұратын үйлері туралы әңгімелейді.
-Білетін балалар айтып жатты.
-Қонақ бөлме,жатын бөлме,менің бөлмем, ас бөлмесі.
-Бөлмелерді атап,онда тұратын жиһаздарды айту.
Бала өз қалауымен әңгімелеп береді.
-Сандық,үстел,домбыра,бесік,керуерт.
-Киіз үй.
-Сандық.
Балалар бірге айтып қимылмен жасайды.
Рефлексивті-түзету -Балалар біз бүгін немен таныстық?
-Отбасында қандай бөлмелер бар?
-Қай бөлмеде қандай жиһаздар тұрады,мысалы ас бөлмесінде қандай жиһаз болады? -Отбасына арналған бөлмемен таныстық.
-Өз үйлеріндегі бөлмелерді әңгімеледі.
-Ыдыс-аяқ салатын шкаф,тамақ істейтін пеш,үстел,орындықтар.
Ұғынады:Отбасы үшін бөлме жиһаздарының атауын.
Түсінеді: Өзінің отбасы мүшелері жақсы көруі,бір-біріне көмектесу түсініктерінің
Қолданады: Бір- біріне қамқорлық жасау