Доклад по казахский язык на тему Тере?детілген сыныпта?ы ?аза? тілі п?нінен Ж. Ералиеваны? ?з ж?мысынан есебі


Тереңдетілген сыныптағы қазақ тілі пәнінен Ж. Ералиеваның
өз жұмысынан есебі.
Қазақ тілі-қазақ халқының асыл мұрасы, баға жетпес қазынасы. Оны жете түсіну, қыр-сырын білу-басты міндет. Өз тілімізді құрметтеп, дамытып, бағалай білгеніміз дұрыс.
9 «а» сыныбына қазақ тілі пәні кеңейтіле оқытылады. Сыныпта барлығы 15 оқушы бар. Бұл сынып қазақ тілі пәнін аптасына 2 сағат өтеді. Оның 1 сағаты кеңейтіліп оқытуға арналған. Бұл сағатқа арнайы күнтізбелік жоспар жасақталды. Ол 9-сыныптың қазақ тілі оқулығына негізделіп, 32 сағатқа жасалған. Жоспар бойынша сабақтар уақытында өткізіліп келеді. Сыныптың жалпы білім деңгейі, оқушылардың сабаққа қатысы жақсы. 1-тоқсан соңында жазба жұмысы алынды. Жазба жұмысының сапасы 70%-ды көрсетті. Сыныптың 1-тоқсандағы білім сапасы 67 %-ды көрсетіп, үлгерім 100% болды. 2-тоқсанда тест алынды. Оның қорытындысы 60 %-ды, үлгерімі 100%-ды көрсетті.
Алдағы уақытта да сыныптың білім сапасын арттыру мақсатында жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отырады.
Ә. Жангелдин орта мектеп мемлекеттік мекемесі
Тереңдетілген сыныптағы қазақ тілі пәнінен
Ж. Ералиеваның өз жұмысынан есебі.
2016-2017 о. ж.