Открытый урок на тему: «Буындардан с?з ??ра. Сурет бойынша ??гіме ??рату»


Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Буындардан сөз құра. Сурет бойынша әңгіме құрату.Мақсаты: буындардан сөз құрап оқуға жаттықтыру. Сурет бойынша сөйлемдер құрау арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге баулу. Балалардың сөзді ести білу және еске сақтай алу қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін, логикалық ойлауын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, гүлдердің суреті.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Негізгі бөлім.
Ойыншықтарды балаларға көрсету.
Мынау не?
Мынау - доп. Мынау - секіртпе.
«Түсі қандай? Көлемі қандай? Ол не үшін керек?» деген сияқты сұрақтарды қоя отырып, суретпен жұмыс жүргізу.
Балабақша ауласынан және тұрғын үй ауласынан не көріп тұрсыңдар?
Сызба бойынша екі, үш, төрт сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрастыру.
Буындардан сөз құрап текшенің ішіне жазу тапсырмасы бойынша тақтамен жұмыс жүргізіледі. Балалар кеспе әріптерден а-на, а-та, ба-ла, ә-ке, ә-же, і-ні, а-га сөздерін құрастырып, оларға дыбыстық талдау жасайды.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Бірнеше бала әңгіме құрастырған соң, оны өмірмен байланыстыра әңгімелеуге бағыт беру. Өз балабақшасы мен тұратын ауласы жайлы әңгімелету. Сұраулы және хабарлы сөйлемдер құрастыру.
Гүлдердің аттарын айтқызып, оларға дыбыстық талдау жасату. Гүлдердің аттарын буынға бөлгізіп айтқызу. Мысалы: бәй-ше-шек, қа-лам-пыр, қыз-ғал-дақ, түй-ме-дағы, қо-ңы-рау- гүл, рау-шан-гул.
«Қай әріпті жоғалттым?» дидактикалық ойыны.
Сергіту сәтін өткізу.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
«Буындардан сөз құра» дидактикалық ойыны. Шарты: берілген буыннан сөздер құрау. Мысалы: тор-ғай, то-қыл-дақ, ақ-қу, ша-га-ла, тыр-на.
«Құстардың атын ата» тапсырмасын орындау. Дегелек, қарлығаш және аққудың суреттері берілген. Дегелек, қарлығаш және аққу сөздерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру. Сөйлемдерді дәптерге жазғызу.
III. Қорытындылау.Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері арқылы өткен сабақтарда алған білімдері бекітіледі.