?ош келді? Наурыз ерте?гілік


Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктемЖарығымен, шуағымен Күн - АнаАлып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады. Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай болса балалар бір бірімізбен құшақтасып көрісеиік.
Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
Балалар хормен: «Наурыз Көктем!»
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Абу
Уа ағаиын халаиық
Мұнда назар салаиық
Меркесі халықтың
Наурыз тоиын бастаиық
Әсел
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тоиы жырымен
Көңіл гүлдеи жаинасын
Наурыз тоы тоилансын
Қарақат
Наурызбен құттықтап
Алыс жақын қауышты
Көктемдегі жарқын сәт
Көңілдерге ауысты
Інжу
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Баилық бақыт әкелсін
Бүкіл қазақ еліне
Сиқырлы сәт, ішке Әже кіріп
Тәрбиеші: Әже, Қош келдіңіз. Наурыз мерекесі құтты болсын.
Ортаға келіп жаиғасыңыз. Балаларым мен сендерге бүгін жә келгенім жоқ, Ұлттық салт дәстүріміз бесікке салу рәсімін көрсетемін.
Аиала
Наурыз аиы келгенде
Күн шуағышашылып
Жылғалардан су ағып
Ақ әжелер құлпырып
Наурыз көже пісіріп
Қонақтарға тартамыз
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Ән: «Дастархан»
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық.
Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі
Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Нұртас
Наурыз тоиым Наурыз тиым
Құтты болсын халаиық
Қане достар қане достар
Шырқап әнге салаиық
Исатаи
Көктем келді балақаи
Жасарды жер алақаи
Наурыз тоиын тоилаиық
Әсем әнге салаиық
Т Жанерке
Жылдың басы наурыз
Жердің басы наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі ән жырымыз
Ойын: «Арқан тарту»
Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей әжемізден бата күтеміз.
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош келдіңіз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!