Коучинг кері байланысты? саба? ?дерісіне ?сері


   Уақыты: 16:00-17:00 Күні: 21.12.16
        Коучинг сабақтың тақырыбы Сабақтағы кері байланысЖалпы мақсаты Әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әркетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланысты  маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру
    Күтілетін нәтиже Сабақтағы кері байланыстың тиімділігін түсінеді. Күнделікті сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алады. Келесі сабақтың жоспарын құруда, оқушылардың ұсыныстарын ескереді. Әрбір мұғалім өзіне есеп беруге дағдыланады.
Әдебиет 1. Мұғалімге араналған нұсқаулық.
2. Үлестірме материалдар3. А. Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» атты оқу құралы, Алматы 2013ж.
4. А.Әліміов. «Оқытудағы ИНТЕРБЕЛСЕНДІ әдіс-тәсілдер»
Астана, 2014ж.
        Уақыт             Коучтің  әректі           Тыңдаушылардың әрекеті
1.Топтау: «Астана, тәуелсіздік, Қазақстан» сөздері арқылы топтастыру
 
Берілген сөздер арқылы 3 топқа топтасады.
2. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі смайликтер арқылы қатысушылардың көңіл күйін білу
Кері байланыс туралы «Білемін, не білгім келеді?» әдісі арқылы «Білім ағашына» ораналстыру Көңіл-күйіне сәйкес смайликті таңдап, бұлтқа немес күнге жабыстырады.
3. Слайдпен жұмыс. Кері байланыс туралы мәліметтер беру.
«Қоқыс жәшігі, чимодан, еттартқыш» әдісі арқылы кері байланыс алу
Сергіту сәті: Алдын ала қатысушылар отыратын столдар астына «Ана», «Бала», «Хит» деген парақшалар жапсырылады. Аты айтып тұрғандай әр топ өз тақырыптары бойынша өлең айту керек. Бұл жаттығуда тыңдаушылар біраз сергіп қалады Слайдтан алған мәліметтерді тиісті кері байланыс арқылы талдайды..
11:15-11:20 4. Топтық тапсырма беру. «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы» Инфографика әдісі арқылы топтық талқылау жасату.
Топтық кері байланыс алу:
Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;
Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;
Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді. Неге?
3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
Бір адамға бағытталған стиль
Тапсырманы орындауға топпен бағытталған стиль Тапсырманы топпен талқылайды. Тыңдаушылар кері байланыстың түрлерімен танысады.
Қорытынды: Қатысушылар кері байланыс туралы жинақтаған білімдерін «Білім ағашына» орналастырады Талқылайды.