Саба?ты? та?ырыбы: С?бит М??анов «Каронмен к?рес» («Балуан Шола?» повесінен ?зінді)


Сәбит Мұқанов «Каронмен күрес»
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Каронмен күрес» («Балуан Шолақ» повесінен үзінді)Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңіII Үй тапсырмасын тексеру.III Сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру.IV Жаңа сабақ:1. Жазушы туралы берілген оқулық мәтінімен жұмыс «өзара оқыту» техникасы арқылы өткізіледі. Әрбір оқушы берілген мәтінді өзі пысықтап, басты ұғымдарды бөліп алып, тірек конспект жасайды. Дайындалған оқушы жасаған конспектісін пайдалан отырып, серігіне түсінгенін айтып береді, кейін жұптар ауысады.Мазмұндаудың тірек сызбасын да жасатуға болады.2. «Каронмен күрес» үзіндісімен танысу:а) Мұғалімнің кіріспе сөзі Балуан Шолақ туралы болады. Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақ халқының белгілі сазгері, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерінің атасы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Азан шақырып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Жас күнінде саусағын отқа күйдіріп алуына байланысты және өнеріне сүйсінген халық оны «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. Балуан Шолақтың бар өмірі сұлу Көкше өңірінде өтеді.Балуан Шолақ бала кезінен балуандықпен аты шығып, ел ішіндегі ойын – тойлардан қалмайды. Ат ойынына ерекше ден қойып, қалың көпшіліктің көңілінен шығып жүреді. Ат үстінде түрегеп тұрып өнер көрсеткен. Теңге алу, сайыс, көкпар ойындарында алдына жан салмаған. Сонымен қатар өнерге деген құштарлығы ерте оянып, Біржан салдың, Ақан серінің әндерін нақышына келтіріп орындайтындардың бірі болған. Ел аралап, халық ішінен шыққан өнерпаздармен танысады, өзі де ән шығарады.Балуан Шолақ өзінің өнерімен, ақындығымен, әншілігімен ел арасында сыйлы да қадірлі болды. Арқада әншілік өнердің дамуына елеулі үлес қосқан әншілердің бірі.Балуан Шолақ өзінің шығармаларында халық мұңын мұңдап, қазақтың би-болыстары мен байларының әділетсіздіктеріне, сондай-ақ патша үкіметінің озбырлығына, зорлық-зомбылығына қарсы өзінің ән-жырымен күреседі.Белгілі музыка зерттеушісі А.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізді.Өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқаны сазды әуенімен тербеткен, өз заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.ә) Балуан Шолақтың әндерінен үзінді тыңдатуб) «Каронмен күрес» үзіндісі. Үзіндіні түсініп оқып шығув) Сөздік жұмысы:бақ – счастьеас - годовщина смертиұлы думан – великое пиршествомін - изъянсыбыс - слух, молвааждаһадай – гигантскийкүндеу – завидоватьерегіске жаны құмар- любитель спорить, не уступатьтеріскей – северная сторонақұрсауылдап айналу - окольцовыватьсусындау – утолить жаждутақтай үйшік – деревянный домикделебе – возбуждение, интерес, азарттұлға – фигурасескену – опасаться, страшитьсясылтау – причинажауырын – лопаткабұлшық еттер – мускулы, мышцымойын – шеяалқым – горло, глоткатәсіл – приемтұзақ – петляүйіру – закрутитьиық – плечошалқасынан- на спинушөкесінен отыру – сидеть на корточкахқауіптену – опасатьсяысқыру- свистетьөңді- красивыйтыржиту – сморщитьсямертігу – получить травмунәтиже – результаткір көтеру – поднять гиритізе – коленошынтақ – локотьг) Үзіндіні бірнеше бөліктерге бөліп, атау беру. Бөліктер санына байланысты оқушылар өздері де топтарға бөлінеді. Әр топ мәтін бөлігін тағы да бір рет зейін қойып оқып шыққаннан кейін, бөлік мазмұнын сурет, сызба, арнайы белгілер арқылы берулері керек. Енді пайда болған «шпаргалканы» пайдаланып, мәтін бөлігін мазмұндап береді. Барлық топтардың «шпаргалкаларын» біріктіріп, үзінді мазмұны толық баяндалады.V Сабақты бекітуҮзінді мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру:• Балуан Шолақтың атағы қандай оқиғадан соң ел ішіне жайылды?• «Сегіз қырлы жігіт» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?• Балуан Шолақ қандай сыбыс естіді?• Балуан Шолақ қандай шешімге келеді?• Балуан Шолақ достарымен қайда келеді?• Балуан Шолақ пен оның достары Қара масканы қайда кездестіреді?• Французша күрестің ерекшелігі қандай екен?• Қара маска мен Балуан Шолақ қалай күресті?Үзіндіні оқып беріңдер.• Күрес қалай аяқталды?• Балуан Шолақ жұртқа өзінің күш иесі екенін қалай дәлелдеді?VI Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау.Блиц-турнир сұрақтарына жауап беру:• С.Мұқанов ...• С.Мұқанов - ...• Жерлестері оны ... атандырды.• 1919 жылы …• 1938 жылы ...• Жазушы ... марапатталды.• Балуан Шолақ туралы шығармасы...• Балуан Шолақтың шын аты ...• Балуан Шолақ жеңген палуан ...VII Рефлексия кезеңіСабақтан алған әсерлерімен бөлісу, спортпен шұғылдануға көзқарастарын білдіру.VIII Үй тапсырмасы:1. Хрестоматияда берілген үзіндіні пайдаланып, балуандар туралы төмендегі кестені толтыру.Балуан Шолақ Түйе балуан Карон Қандай?2.Қазақ халқының атақты балуандары туралы шығармашылық жұмыс орындау.
Кері қайту