Презентация шипасы мол шубат


Жобаның тақырыбы: Шипасы мол Шұбат Жоспары:1 кіріспе.2 негізгі бөлім 2.1 Түйе жануары, ерекшеліктері. 2.2 Түйенің түрлері.3 Шұбат. 3.1 Шұбаттың пайдасы. 3.2 Шұбаттың медицина саласындағы рөлі. 3.3 Шұбатты қалай дайындайды?4 Қорытынды.5 Пайдаланған әдебиеттер: Кіріспе Мәселе: Түйе малының сүті-шұбатты тұрмыста қолданылғанмен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады. Мақсаты:Түйе сүті шұбаттың пайдасын, түрлерін, ерекшеліктерін оқып білу. Міндеттері: Шұбаттың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету. Ғалым, докторлар мен профессорлар еңбектерімен танысу.Нысаны: Түйе сүті Шұбат.Пәні: Қазақ тілі.Болжам: Егер шұбат туралы көп мәлеметтер жинасақ, шұбаттың сырларын ашып, пайдасын білер едік.Нәтижесі: Іздену нәтижесінде шұбаттың денсаулыққа пайдалы екенін, емдік қасиеті бар екенін білеміз. Қазіргі уақытта ішіп жүрген кола, пепси, спрайт сусындарынан шұбаттың пайдасы мол екенін дәлелдеймін. “Жылқы –малдың патшасы,түйе-малдың қасқасы” Халық даналығыТағы бір тілек тілейін,Бергеніңді білейін.Қотанға сыймас түйе бер,Түйе берсең, үйе бер. Бұл түйе мен түйешілердің пірі – Ойсылқара жайындағы өлең жолдары. Төр түлік малЖылқыҚойТүйесиыр Түйе – төрт түліктің төресі. Алыс сапарға шыдап, ауыр жүк артылсадағы, бел омыртқасы қайыспайтын жануарды көшпелі халық айрықша қадірлеп-қастерлеген. Түйе жануары шөлге шыдамдылығымен ерекшеленеді. Жолсыз шөл жерлерде жүретін «қара жердің алып кемесі» атанған жануар. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы» атанған жануар, табиғи жайылымда тез қоңданады, әрі оның сүті мен шұбаты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Жүні де жеңіл өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Міне осындай пайдасы бар мал санаулы мемлекеттерде ғана бар. Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады. Түйенің екі түрі бар. Біреуі: қос өркешті, екіншісі: Нар-жалғыз өркешті түйе. Қос өркештің таза қандысын – бактриан, нардың таза қандысын – дромадер деп атайды. Бактерианның биіктігі 178 см, тұрқы 158 см, жүні қара қоңыр. Дромадердің биіктігі 210 см, тұрқы 155 см, жүнінің түсі қызыл сұр келеді. Бактриан – қос өркештіДромадер – жалғыз өркешті Түйенің күйіне қарай атаулары:Жардай түйе – түйенің керемет семіргені.Құр түйе – қом салынбай, тек қана жайылымда жүріп, әбден семірген түйе, Жараған түйе – түйенің жол үстінде үнемі мініліп, жайыла алмай қалғаны.Азған түйе – қатты жүдеген түйе.Қара қиыс түйе – жаңадан жүн шығып, үлгермей құр терісімен жүрген түйе. Шұбат.Суды сирек ішкендіктен түйенің сүті қою, майлы, қуатты болады. Шайға қатып ішуге, немесе сиыр, қой сүтіне араластырып құрт-ірімшік жасауға болады. Түйенің сүтінің ашытылған түрін Шұбат деп атайды. Бұл әрі сусын, әрі тағам, оның емдік қасиеті де бар. Оны бір қорландырып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл-мезгіл пісіріп отырудың қажеті жоқ.Шұбат әдетте түйенің мойнағынан тігілген торсыққа ашытылады. Ішінде қоры бар торсыққа құйып, бірер түн асырса болғаны, шұбат дайын болады. Ашу сәтінен дайын болғанға дейінгі мерзімге байланысты, шұбат үш түрге бөлінеді: Бәсең – бір тәуліктік, Орташа – екі тәуліктік, Күшті – үш тәулітік. Шұбаттың пайдасы. Қазіргі таңда шұбаттың адамға әкелетін пайдасын ғалымдар толығымен дәлелдеп отыр. “Шұбаттың құрамына тоқталатын болсақ, құрамында өте көп мөлшерде С витамині бар, А витамині болады, калци, фосфор, мыс, хром сияқты микро элементтер болады. Шұбаттың қымызға қарағанда айырмашылығы, құрамы нәзігірек болады және сіңімділігі де соған байланысты жоғарырақ болады. Тағы бір артықшылығы, өте сирек кездесетін, ағзаға өте қажетті амин қышқылдары өте көп мөлшерде кездеседі. Ол ақуыз қатарына жатады және ол организмдегі барлық алмасу процесіне қатысады. Оны ынталандырып, жандандырып тұрады . Қандайда бір амин қышқылы жетіспейтін болса ақауға алып келеді, сондықтан, міндетті түрде осындай көзге көрінбейтін, білінбейтін ауытқулардың орнын толықтырып тұрады”, - дейді медицина ғылымының кандидаты – Майгүл Сейдоллақызы Шұбаттың медицина саласындағы рөліҚұрғақ шұбат. Идея авторы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мұсатіллә Тоханов сублимациялық процесс, яғни, өнімнің ылғалын сорып алу әдісі арқылы шұбат сусынын құрғақ түрінде ұзақ мерзімге сақтауға болатындығын айтады.Ракпен күрестің тағы бір жолы. Таяу маңда идея авторлары түйе сүтінен лактоферрин алу әдісі бойынша патентке ие болмақ. Зерттеу қортындысы түйе сүтінен антиоксидантық, қабынуға қарсы қабілеті бар препарат алуға болатынын дәлелдеген.Мамандардың айтуынша, лактоферриннің 1 граммын алу үшін 100 литр сиыр сүті қажет болса, түйе сүтінің 25 литрі жетеді екен. Құрамы жағынан ана сүтіне ұқсас. Биохимиялық сараптау уыздың құрамы 500 есе көп екенін көрсетті. Ғалымдар қатерлік іс ауруына қарсы күресетін тағы бір мүмкіндік пайда болатынын айтады. Шұбаттың табиғи адам иммунитетін күшейткіш қасиетінің барын дәлелдеген мамандар, бұл ел үкіметі тарапынан қолдау табарына үміт артады. Германияда бұл сусын аса сұранысқа ие, неміс зерттеушілері бұл сусын дәріханадан орын алуға ие деп шұбаттың қасиетін бағалап отыр. Шұбатты қалай дайындайды?Шұбатты дайындау технологиясы да қымыз дайындау технологиясына ұқсасШұбат дайындау үшін суытылған түйе сүтін сүзіп, 30 – 35 градусқа дейін салқындатып, емен кеспекке құйып өндірістік ашытқы салып піспекпен 20 – 30мин араластырып, 3-4 сағат ашытады. Бұл кезде құрамындағы күрделі заттар жай заттарға айналып, қышқылдылығы көтеріліп, ішіндегі казеин іріп тұнбаға түсіеді. Тұнбадағы казеинді майдалау үшін шұбатты араластырып отырады. Әр сауыннан алынған сүтті шұбат бар кеспекке құйып жақсылап піседі, ал ашыту процесі 20 – 25 температурада 10 – 12 сағатқа созылады. Бір тәулік бойы ашыған шұбат – әлсіз, екі тәулік бойы ашыған шұбат – орташа, үш тәулік бойы ашыған шұбат – күшті деп аталады. Ашытқы әсерінен түйе сүтіндегі сүт қанты ыдырайды сүт қышқылының, спирттің, көмір қышқылының жаңа қосылыстары түзеледі, витаминдер молаяды. Қазіргі біздің ішіп жүрген кола, пепси, спрайт т.б. сусындарға қарағанда, шұбаттың емдік қасиеті өте мол. Сондықтанда осы сусынға көп мән берулеріңізді сұраймын. ҚорытындыӘл-Бухари жеткізген хадисте: “Муса бин Исмайлдің Анастан естуі бойынша, Мадинаға келген бір топ адам сырқаттанып қалғанда Пәйғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға түйе зәрі мен сүтін ішуге әмір еткен, олар соны ішіп дерттерінен жазылып кеткен”Түйе төрт түліктің төресі. “кедейдің малы”атанған жануар қазақ үшін қасиетті мал. Сүті – сусын әрі ем екеніне көзім жетті. Назарларыңызға рахмет