Темекіні? адам а?засына зияны т?рбие са?атыны? жоспары 10-сынып


ТЕМЕКІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ 
 Сабақтың тақырыбы: "Темекінің адам ағзасына зияны". Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру. 2 Күтілетін нәтиже: оқушылардың бойында темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптасады. Сабақтың көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта,Жасөспірімдерге арналған ереже. 2. Темекіден болатын аурулар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.Амандасу,Сергіту сәті ,топқа бөлу  II.Ой қозғау. Видеокөрініс «Темекінің зияны».
1-тапсырма
I топ. Бұл көрініс сіздерге қандай ой тастады?II топ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері неде деп ойлайсындар?
Мағынаны тану: «Темекінің шығу тарихы»
2-тапсырма. Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді). Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба? Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма? Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұғалім мектепке келсін деді. Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі - Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой. Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың. Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады). Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба? Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар. Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды). Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой! Мамасы: жүгіріп Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды). Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған. Шешесі: Балам-ау не Көрініс дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр? Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем. Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды). Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым. Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады. Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті. Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым. Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті. Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің. Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды). Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім. Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің. Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын. Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың). Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын. Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз. Шешесі: Тартпайды дей сал. Ой-толғаныс: 3-тапсырма
Осы көрініске қатысты презентация қорғау.