Кесте т?рлерін орындау та?ырыбында?ы с?ндік-?олданбалы ?нер п?нінен ашы? саба?


Шалқар аудандық Көркемсурет лицейінің
Жаңақоныс орта мектеп филиалы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Кесте түрлерін орындау»
Өткізген: Торғаева. Ш
Сыныбы: 2
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Кесте түрлерін орындау»
Мақсаты:
1.Халық қол өнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
2.Танымдық қызығушылығын дамыту, ой өрісін, қол шеберлігін, эстетикалық талғамын ұштау.
3.Еңбексүйгіштікке, қол еңбегінің меңгертуге, икемділікке, іскерлікке, өнерге баллу.
Көрнекілік: оқулық, кестелер түрлері (сурет), еңбек құралдары,
слайд, суреттер,
Сабақтың әдісі: теориялық, сарамандық жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Қызым еркем-кестесімен көркем,
Ұлым көркем-өрнегімен көркем.
Қолөнері кестеде,
Сөз өнері-өлеңде.
1.Еңбек бәрін де... (жеңбек.)
2.Еңбек түбі... (береке.)
3.Еңбек етсең... (емерсің.)
Кіріспе.
Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халықымыз.Қазақ қол өнері өзінің төлтума бітім қасиеті мен, көркемдік мән мағынасымен, шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері.Сол кестелеу өнерін жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.Кестелеу өнері әр халықта бар.Жалпы кесте тігу технологиясы табиғат пен тығыз байланысты.
Кесте-мата, кейіз, т.б материяалдар бетіне әр алуан суреттер мен өрнектер салып әр түрлі жіптермен немесе әсем таспа, бейсер, моншақтармен, т.б. қол өнері бар.Кесте түрлері: шым кесте, айқас, қиғаш, терме тышқан із, баспа кесте біз кесте.
II. Қауіпсіздік ережелері:
Қайшыны жолдасына сабымен ұсын.
Қайшының ұшын сабымен көтерме.
Өтпейтін, тозған қайшымен жұмыс жасама.
Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
Инемен дұрыс жұмыс істе.
Инені аузына жақындатпа.
III. Сарамандық жұмыс:
1.Суреттер, дайын үлгілерді көрсету.Кестеге тігуге қажетті жіптің түрлерін таңдап алу.
2.Сұрақ-жауап (ауызша.)
Кестелеуге қандай жабдықьтар қолданылады?
Кестелеуге қандай жіптер немесе таспа, т.б. заттар қолдануға болады?
Кесте тігуге кергіш не үшін қажет? Қандай тігіс түрлерін және атауларды білеміз?
3.Жұмыс реті:
Кесте инемен, бізбен, әр алуан түсті жіптермен, әсемдік таспалар, бисер және моншақтар қолданып тігіледі.
Иненің жуан, жіңішкелігі материалдың қалыңдығына, және жіптің жіңішкелігіне байланысты болады.
4.Технологиялық нұсқау картамен жұмысКесте тігуге мата дайындап, оларды арнайы өлшем бойынша пішіп, кергішке керіп әзірледік .Таңдаған нәрсенің суретін салдық
Қазіргі сабағымызда, таңдаған баспа, шым кесте тышқан із тігіс түрлерін орындаймыз.
1.-әдіс Шым кестемен өсімдіктің жапырақтары, гүл, сондай-ақ геометриялық ою-кесте орамалды, киімді, дастарқанды, безендіреді.
2-әдіс Тышқан із тігісі-тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір-біріне тіркесе тігіледі.
3.-әдіс: Баспа тігісі-тік, қөлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. Инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді.Тігіс жиі, ашық жері қалмай орындауы тиіс.
5.Жеке дара жұмыс
-Көрсеткен әдістер бойынша оқушылар жұмыс істейді.
Кесте тігістерің көлемі біркелкі әдемі, ұқыпты, таза сапалы болуы керек.
Әр қатар өздерінің тіккен тігіс түрлерін ортаға шығып көрсетеді.
Қортытынды
-Кесте түрлерін ата
-Шым кестемен қандай өрнектерді орындайды?
-Кестеге арналған ине қандай болады?
-Кергіш не үшін қажет?