Атом ??рылысы. Элементар электр заряды.


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№36 орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Шарипова Асем Маликовна
Сабақтың тақырыбы: §30. Атом құрылысы. Элементар электр заряды.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Атом мен атом ядросының құрылысы туралы және элементар электр заряды, электрон жөніндегі түсініктерін қалыптастыру, заттың құрылысы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Атом құрылысы туралы білімдерін жетілдіре отырып, оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттері мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, өз ойын дәл, нақты айтуға үйрету.
Сабақтың міндеттері: Оқушыларды атом құрылысының моделімен және электр зарядының шамасымен таныстыру, топтық жұмыс жасауға бейімдеу;
Оқыту әдістері: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту;
Сабақтың көрнекіліктері: Венн диаграммасы, Э.Резерфорд суреті, бейнеролик, тірек сызбалар, презентация эбонит, пластмасса таяқшалар, шар, жібек мата, электроскоп, султан, т.б.
Пәнаралық байланыс: химия пәні
Күтілетін нәтиже: Оқушылар атом құрылысының моделімен танысып, біледі, электр зарядының шамасымен танысады, өздіктерінен тәжірибе жасауға бейімделеді;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, кезекші мәліметін алу, оқушылар назарын сабаққа аудару, оқушыларды топтарға бөліп, топ басшыларын сайлау;
Балалар сабақтың әр бөлімі бойынша тиянақты жауап берген оқушыларға түрлі түсті атомдар ( дөңгелектер) үлестіремін. Сол бойынша сабақ соңында атом (дөңгелек) санына қарап бағалаймын (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
а) «Сен маған, мен саған»
І – топ оқушылары екі сұрақ дайындап, 2 топ оқушыларына қояды
ІІ – топ оқушылары екі сұрақ дайындап, 3 топ оқушыларына қояды
ІІІ – топ оқушылары екі сұрақ дайындап, 1 топ оқушыларына қояды (7 мин)
ә) «Тәжірибе көрсету» Ал балалар енді үй тапсырмасын тәжірибе арқылы қорытындылайық.
І – топқа: Шар мен жүн беріледі. Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріреді.
ІІ – топқа: Сұлтан мен пластмасса таяқша беріледі. Оқушылар денелердің электрленуін түсіндіреді.
ІІІ – топқа: Эбонит таяқшасы мен электроскопты беріледі. Оқушылар электроскоптағы тілшенің қозғалысының нәтижесін түсіндіреді. Әр топқа 1 тапсырмадан беріледі. Әр топ өзара талқылап, топтан бір оқушыдан шығып, тәжірибе жасап, нәтижесін түсіндіреді. (5 мин)
Осындай тәжірибелердің нәтижесінде біздер денелердің электрлену барысында бір тектес зарядтардың тебілетінін, ал әр текті зарядтардың тартылатынын байқадық.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа тақырыптың мәнін ашуға оқушыларға шағын тәжірибе көрсетемін.
Тәжірибе: Шыны құтыға суды құйып, астынан спирт шамын жағамын, сол кезде оқушылардан құбылыстың мәнін түсіндіруге рұқсат беремін.Осы тәжірибе арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашып, оқушыларды сабақтың келесі бөліміне көшіремін.
Әр топқа тірек сызба ұсынылады. Оқушылар сол бойынша топпен жұмыстанып, ойларын ортаға салады.
І – топқа: « Атом құрылысының моделін ашу»
ІІ – топқа: «Элементар электр зарядының мәнін ашу, электрон зарядының сандық мәнін жазу»
ІІІ – топқа: «Иондалудың мәнін ашып түсіндіру»
Әр топ оқушылары тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты меңгереді. Ойларын басқа топ оқушыларымен бөліседі.
1 - тірек сызба «Атом құрылысының мәнін ашу»

АТОМ


+
+

+
+





Нейтрон
Протон

1. Ядро заряды оң,
2. Абсолют мәні бойынша атомдағы барлық электрондар зарядына тең.
3. атомның ядролық немесе планетарлық моделі;
4. Бұл моделді ұсынған Э. Резерфорд 1911жыл.

1.Ядроның құрамына кіреді
2.Заряды жоқ бейтарап
3.нейтроннын массасы протоннын массасынан сәл үлкен.

1.Он заряд
2.протон массасы электрон массасынан 1840 есе үлкен
3.электрон мен протон заряды өзара тең

2 - тірек сызба «Элементар электр зарядының мәнін ашу, электрон зарядының сандық мәнін жазу»

3 - тірек сызба «Иондалудың мәнін ашып түсіндіру»
Бұл екінші тірек сызба бойынша екінші топ оқушылары тірек сызбаларын алып, тақырыптын мәнін ашады.

Бұл тірек сызба бойынша оқушылардың ойын толық тыңдау, өзара пікірлесу, түсіндірген бөлімдерінің негізгі түжырымының дұрыстығына көз жеткізу үшін оқушыларға шағын бейне ролик ұсынамын. Тақырыбы « Атом құрылысы»
VІ. Қорытынды. Венн диаграммасы арқылы күнделікті өмірде кездесетін химиялық элементтер су мен тұздың айырмашылығы мен ұқсастығының мәнін ашу.

VІІ. Бағалау.
Сабақтың әр бөлімі бойынша оқушылардың жинаған әр түрлі түсті атомдарының санына қарап бағалаймын. Егер оқушы бес дөңгелек атом жинаса, ол оқушы беске бағаланады. Ал егер төрт дөңгелек түрлі түсті атомды жинаса, онда ол төрт бағасымен бағаланады. Ал егер үш дөңгелек жинаса, ол оқушы үш бағасымен бағаланады.
Топта ерекше көзге түскен, сұрақ-жауапқа тез, әрі жылдам, нақты жауап бере алған оқушыларды бағалау. (2мин)
VIІІ. Үй тапсырмасын беру; §30. Атом құрылысы. Элементар электр зарядын оқып келу, Э.Резерфорд туралы БАҚ-нан мәлімет әкелу
М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі
«Әдістемелік шеру»
(Пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктердің шеруі) сценарийі
Жүргізуші: А.М . Шарипова
Орал қаласы – 2013 оқу жылы