Жаратылыстану п?нінен Жыл мезгілдеріжануарлар?а ?алай ?сер етеді?


Сабақ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Маңғыстау облысы
Жаңаөзерн қаласы
Мектеп: №9 орта мектеп
КҮНІ: 18.11.2017ж МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Кулбаракова Күнсұлу Жалгасбаевна
СЫНЫП:1 «В» Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар саны: 2
Оқу
мақсаты: 1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;
1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру
Жетістік критерийлері Оқушылар:
жануарлар жыл мезгілінің ауысуына қалай бейімделетінін білетін болады (қысқы ұйқыға кетеді, қысқы қор жинайды, өрістейді);
жыл құстарымен, қыстап қалатын құстармен (бұлдырық, көкшымшық, шұбаршымшық, сұр тырна, сарыайдар үйрек) танысады.
Құндылықтарды дарыту Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта
Ресурстар жыл мезгілдері, өрістейтін, ұйқыға кететін, қор жинайтын жануарлардың суреттері.үлестірмелі парақшалар;
жаңғақтар, бүрлер, тұқымдар, дәндер, нан, сорпа, кәмпиттер (кейбірінің суреттері).
Сабақтың
мақсаты: Барлық оқушылар: жануарлардың жыл мезгілінің ауысуына бейімделуін түсінеді;
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасайды.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Тілдік құзіреттілік: көктем-весна-spring, жаз-лето-summer, күз-осень-autmn ,қыс- зима-winter.
Алдыңғы білімдер Үй жануарлары мен жабайы жануарлар?
Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс- әрекет Дереккөздер
Сабақтың басы
7 минут
3 минут
4 минут Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Жануарлар арқылы топтарға бөлу
Топтың аттары: «Аю», «Суыр», «Кірпі», «Борсық»
Топ басшысын сайлау.
Топ ережесін еске түсіру
Топ басшылары топтағы оқушыларды
жетондар арқылы қолдап отырады.
(Ұ) «Табиғат сыры»
Жыл мезгілдерінің суреттері бойынша әңгіме.
Интерактивті тақтадан жыл мезгілдерінің суреттерін көрсете отырып, оқушылармен жыл мезгілдерін сипаттау жұмысын жүргізу. Жыл мезгілдерін 3 тілде айтқызу
-Балалар біз не туралы айттық?
-Табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне байланысты ауысып отырады екен.
- Осы табиғаттың бір бөлшегі- жануарлар жыл мезгілдерінің ауысуына қалай бейімделеді екен?
Алдыңғы оқумен байланыстыру:
- Біз алдыңғы сабақтарда жануарлардың қандай түрлерімен таныстық?
Оқушылар үй жануарлары мен жабайы жануарладың ерекшеліктерін айтады.
-Бүгін біз жабайы жануарлардың осы жыл мезгілдеріне қалай бейімделетіні туралы білетін боламыз.
Шаттық шеңбері
Топқа бөлуге арналған жануарлар суреттері
Интерактивті тақта
Сабақтың ортасы
33 минут
3 минут
8 минут
2 минут
10 минут
5 минут
3 минут
2 минут
«Ой шақыру» (Ұ)
Қыс мезгілдеріне байланысты суреттермен әңгіме

-Қыс мезгілі жаздан қалай ерекшеленеді? Жануарлар қыста жаздағыдай тіршілік ете ала ма?
- Оқушылардың жауаптары.
- Дұрыс айтасыңдар. Себебі шөп, жәндіктер жоқ әрі суық. Тиін қысқа қалай дайындалады?
- Оқушылардың жауаптары.
- Олар қысқа қор жинайды.
Жылдың әрбір мезгілі жануарлардың тіршілігіне өзінше әсер етеді. Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқы ұйқыға кетеді, оған дейін олар еселеп қоректенеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі — күрделі биологиялық үдеріс. Қыста суық кезде және азықтың жоқ кезінде жануарлардың күш-қуат шығынын азайту үшін дене температурасы төмендеп,­ жүректің соғу жиілігі баяулайды.

Сергіту сәті
Зерттейік. Жануарлар қысқа қандай азық жинайды? Оны қайда сақтайды? Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Әр топқа жем үлгілерін (немесе солардың сурет­ терін) таратамын. Қысқа қор жинайтын жануарларды атап, жазып алуды тапсыру. (тиін, тышқан, aралар, борсық, құндыз, боршатышқан, аламандар). Оқушылар әр жануардың ұсынылған үлгілердің ішінен қайсысынан қор жинайтынын анықтап, артығын алып тастайды. Олардың талқылауы: «Қор жинайтын жануарларды» параққа топтастырып, оларға қысқы азыққа сақтауға болатын азық түрлерін жинайды.
Құстар. Оқушылардың назарын құстардың суреттердегі атауларына аудартамын. Олардың кейбірі оқушыларға таныс болмауы мүмкін. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып,
олар туралы айтып беремін. “Құстардың бұл тобы қалай аталады? Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесуге болады?” (Қосымша жем беру.)
Орман жануарлары Ұйқыға кететін жануарлардан басқа қорегін қыста табатын жануарлар да бар. Екі қатардағы суретті салыстыруды­ тапсырамын. Бұлардың әрқайсысы қалай қоректенеді? Қасқыр мен түлкі — жыртқыштар. Олар қыста қорек таба алады. Бұлан — бұтақтармен және қабықпен қоректенеді. Қоңыр аю, борсық, кірпі қысқы ұйқыға кетеді.
Сен білесің бе?
Интерактивті тақта
АКТ
Интерактивті тақта
Үлестірме қағаздар
А3 парақтары жем үлгілерінің, тағам түрлерінің суреттер
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта
Қорытынды бөлім
5 минут
4 минут
1 минут (Т;Қ) «Не үйрендім, не білдім?»
Қысқы орман. Оқушылар қысқы ұйқыға кететін жануарларды бояйды.
Рефлексия
«Бас бармақ» арқылы оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін көрсетеді. Қосымша ақпарат
Дифференциация:
Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар қор жинайтын, қыстап қалатын, ұйқыға кететін жануарлады біледі, бояйды.
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін өзіндік жұмыстарда, топтық жұмыстарда бағалаймын. Дүниетану сабағы
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, табиғатты қорғай білуге
тәрбиелеу
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?)
Уақыт дәлдігі қалай болды?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім Оқу міндеттері анық
Жануарлардың қыс мезгіліне қалай бейімделетінін
Жақсы өтті деп ойлаймына
Тапсырмалар сәйкес
Ауытқушылық болды
Өзгеріс енгізілмеді.
Қорытынды бағалау
Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.
Жаңа тақырыпты ашу кезеңі
«Зерттейік» кезеңі.
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.
1.Топтық жұмыс
2. Өзіндік жұмыс
Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?
Кейбір оқушылар топпен жұмыс жасағанда белсенділік танытпады. Сол оқушыларды қалыптастыру мақсатында көбірек жұмыс жасау керек.