Таным. Жаратылыстану. Дене м?шелері


Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Дене мүшелері
Мақсаты: Адамның дене мүшелері туралы айту, ажыратуға үйрету
Міндеттері:
1. адамның дене мүшелері туралы мәлімет беру.Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып бойынша сөздік қорын молайту.
2. тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру, дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жетілдіру. Көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;
3. дене мүшелерін таза ұстауға, қолдарын жуа білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
қуыршақ, суреттер
Әдіс – тәсілдер: әңгіме, сұрақ– жауап, ойын
Ұйымдастыру кезеңі: Топпен
Сөздік жұмыс: бас, аяқ, қол, дене
Екі тілдік компонент: бас – голова, қол – рука, аяқ - ноги
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Баланың іс-әрекетіЕсеп
Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру-іздестіру
Рефлексивті-түзетушілік Шаттық шеңбері
Бір – біріне жақсы сөздерді айтып, амандасады.
Топ, топ басып аяқпен,
Шапалақтап қолынмен.
Басты бұрып оң жаққа,
Басты бұрып сол жаққа
Бір - бір аяқ көтеріп
Денемізбен танысайық!
- Балалар, біз жаңа не істедік?
- Иә, балалар оларды біз бір сөзбен «дене мүшелері» деп атаймыз.
Суретпен жүмыс "Дене мүшелері" әңгімелеседі.
- Балалар, ал дене мүшелерін таза ұстау керек пе?
- Неге таза болу керекпіз?
- Дұрыс, көрсетіндерші қолды, аяқты бетімізді қалай жуамыз?
- Ал, осы дене мүшелері бізге не үшін керек?
- Керемет! Енді ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: "Суретші нені ұмытты"
М: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ш: Суреттегі бір тақырыпқа сәйкес келмеген заттарды көрсетіп, сұраққа жауап беру.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды түсіріп,
Үлкен болып шығамыз.
Мойнымызды бұрамыз.
Алақанды соғамыз.
Қолымызды көтеріп,
Басты төмен саламыз,
Саусақты ашып-жұмамыз.
Жаттығу жасап осылай.
Ұсақ моторикаға жаттығу: «Денемізді құрастырайық»
М: Балалардың есте сақтау және моторикасын дамыту.
Ш: Қиылған парақшалардан адамның дене мүшесін құрастыру.
Сөздік жұмыс: бас – голова, қол – рука, аяқ - ноги
Санамақ:
Кел санайық санамақ
Саусақтарды дар алап
Бас бармағым алғашқы
Балаң үйрек жалғасы
Ортаң терек кезекші
Шылдыр шүмек көмекші
Шынашағым балапан
Бәріне ортақ алақан.
Қорытынды:
- Балалар, біз бүгін не істедік?
- Қандай жаңа сөздермен таныстық?
Мадақтау. Шеңберге тұрып, жылы лебіздер айтып, амандасады.
Бірге қайталайды. Орындайды.
- аяқты, қолды, т.б. қозғалттық, жаттығу жасадық
Суретті тамашалайды.
Мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
- Иә
Көрсетеді.
- Жүру, жүгіру, секіру үшін. Сурет салу, жазу, тамақ ішу үшін, т.б.
Ойынға барлығы қатысады. Орындайды.
Сергіту сәтіне барлығы қызығып қатысады.
Ойынға қатысады. Ойланады. Жинастырып орындайды.
Қайталайды. Мағынасын ұғады. Жаттайды.
Сөздерді, қимылдарды тәрбиешімен бірге орындайды.
Сұраққа жауап береді.
- Ойын ойнадық, сөздерді жаттадық, т.б
- дене мүшелері, аяқ, қол, т.б. Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Тілдерін байыту.
Нені игереді: Дене мүшелерін.
Нені біледі: Гигиеналық шараларды.