?МЖ Молекула м?лшері .Молекула массасы (10 сынып)


Бекітемін:
Пәні: Физика
Сыныбы: 10
Күні:
Қысқа мерзімді жоспар № 26
Сабақтың тақырыбы Молекула мөлшері. Молекула массасы.
Сілтеме Жоспар, ғаламтор, Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.
Жалпы мақсаты Оқушыларға молекулалардың өлшемі, молекула саны, молекуланың массасы, салыстырмалы молекулалық масса, мольдік масса , Авогадро саны, зат мөлшері, молекулалар концентрациясы шамалары туралы білімді өз беттерімен іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру , формулаларына есептер шығару арқылы есеп шығару дағдысын дамыту.
Ресурстар Интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, постерлер, оқулық, бағалау парағы, электрондық оқулық (10 сынып), бейнематериал, АКТ, тапсырмалары бар парақшалар, таныстырылым .
Күтілетін нәтиже Оқушылар молекулалардың өлшемі, саны туралы толық мәліметті біледі, молекулалық физикадағы негізгі шамалармен танысады, формуласына есеп шығарады.
Негізгі идеялар Атом мен молекулалардың өлшемі мен массасы өте аз. Зат мөлшері дегеніміз – берілген денедегі молекулалар саны 12 г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама.
Дереккөз
1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. Физика,10 сыныпАлматы, «Мектеп» 2010 ж
2. С.Тұяқбаев, Ш. Тынтаева, Ж.Бақынов. Физика. Есептер жинағы Алматы «Мектеп», 2010
3.А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы, Алматы, «Мектеп» 2012 ж
Әдістер Сергіту.
«Миға шабуыл»
«Ойлан, жұптас, бөліс»
Бағалау.
Топтық жұмыс. Ауызша мадақтау
Жұптық жұмыс. Екі жұлдыз, бір тілек.
Жеке жұмыс. Өзін-өзі бағалау парағы.
Жиынтық бағалау
Жұмыс формалары
Тапсырмалар 1. Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл . Сұрақтар арқылы
2.Топтық жұмыс . Мәтінмен танысу
3.Жұптық жұмыс . Анықтамалық кесте
4.Жеке тапсырма . Есептер шығару
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады) :

Сабақ кезеңдері Әдістер Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1 Ұйымдастыру кезеңі
(5 минут) Сергіту.
«Топқа бөліну» Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.
1,2,3–ке дейін санау арқылы топқа бөлу.
Оқушылар сергіту жаттығуын орындайды.
Оқушылар үшке дейін санау арқылы төрт топқа бөлінеді.
2 Үй тапсырмасын сұрау ( 5 минут).
Автор орындығы Үй тапсырмасын сұрау. Үйде дайындаған эксперименттік тапсырмаларын оқиды.
3 Қызығушылығын ояту. (4 минут) «Миға шабуыл»
«Сұрақтар арқылы»
1.Молекулалардың өлшемі жайлы не білесіңдер?
2.Химиядан салыстырмалы молекулалық масса, мольдік масса, зат мөлшері туралы білетіндеріңді еске түсіріңдер.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
4
Мағынаны тану.
(20 минут)
Топтық жұмыс.
«Ойлан,жұптас, бөліс»
Жұптық жұмыс.
Анықтамалық кесте Топ мүшелеріне мәтінмен танысуға тапсырма беріледі.
Оқушыларды жұпқа бөліп, анықтамалық кесте толтыруға тапсырма беріледі.
Топтағы оқушылар алдымен өздері оқып шығады, жұппен талдайды, топта талқылайды. Мәтіннің мазмұнын ашады.
Постерге өз ойларын жазып, қорғайды.
«Аялдама» әдісі бойынша қорғайды»
Оқушылар жұппен тапсырманы орындайды.

5 Ой толғаныс.
(8 минут). Жеке жұмыс.
Есептер шығару. Тақырып бойынша негізгі формулаларға есептер шығару.
Жұмысты тексеру,
критерийлер бойынша бағалау
Оқушылар парақшада берілген тапсырманы орындайды.
6 Қорытынды
Кері байланыс
(3 минут) «Молекулалардың массасы мен өлшемі» тақырыбындағы таныстырылым арқылы қортындылаймын.
«Маған не қиын болды, не оңай болды»
Әр оқушы сабақтан алған әсерін стикерге жазады, кестеге іледі.
7
Үй тапсырмасы.
Кейінгі тапсырмалар. Молекулалардың массасы мен өлшемі (оқу) 8 - жаттығу.
Кейінгі оқу.
РРРРРр
Жұптық жұмыс. Анықтамалық кесте.
№ Физикалық шаманың атауы
Өлшем бірлігі Формуласы Анықтамасы
1 Молекула массасы 2 Молекула саны 3 Зат мөлшері 4
Салыстырмалы молекулалық масса 5
Мольдік масса 6
Молекулалар концентрациясы Жеке жұмыс. Есептер шығару.
1.Бетінің ауданы 20 см² затқа қалыңдығы 1 мм күміс жалатылды. Күміс қабатындағы атом санын анықтаңдар.(ρкүміс = 10500 кг/м3 ; М(Ag) = 108∙10-3 кг/моль ; NA =6∙1023 моль-1)
2.Көлемі 1 мм³ мұнай тамшысы су бетінде 3 м² ауданға жайылды десек, мұнайдың ең кіші бөлшегінің өлшемі неге тең?
3.Күміс және алюминийден жасалған көлемдері бірдей қасықтардағы атом санын салыстыр (ρк =10800 кг/м3 ; Мк =108∙10-3 кг/моль; ρалю =2700 кг/м3 ; Малю =27∙10-3 кг/моль )
4.Көлемі 2 л оттегіде 6 ∙10²² молекула болса, тығыздығы (М(О2) = 32∙10-3 кг/моль ; NA =6∙1023 моль-1)
5.Сыйымдылығы 1 л ыдысқа толтырылған азоттың тығыздығы 2 кг/м³ болса, осы ыдыстағы азот молекуласының саны (М(N2) = 28∙10-3 кг/моль ; NA =6∙1023 моль-1)
6.Ашық стаканнан 20 тәулікте 200 г су буланады. 1 секундта осы стаканнан буланған молекула саны (М(Н2О) = 18∙10-3 кг/моль ; NA =6∙1023 моль-1)
7.Табақша ішіндегі 50 г су 6 тәулікте толығымен буланып кетсе, 1 с ішінде осы беттен буланатын молекула саны (М(Н2О) = 18∙10-3 кг/моль ; NA =6∙1023 моль-1)
8.20 моль көміртегі мен 50 моль сутегі қосылысынан 10 моль жанатын газ түзеледі. Осы газдың молярлық массасы неге тең?
9.12 моль алюминийдің алатын көлемі (М(Аℓ) = 27∙10-3 кг/моль ; ρ Аℓ =2700кг/м3)
10.Мыс купоросының (СuSО4) мольдік массасы мен молекула массасы неге тең?
Рефлексия.
Сабақта мақсатыма жете алдым ба ________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Сабақтың тиімді жақтары _________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Тиімсіз болған жақтары ___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Келесі сабақта нені ескеру қажет _________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________