Е?бекке баулу п?нінен Пішіндер жасау та?ырыбы


Пішіндер жасауМақсаты:    Табиғат әлемінің әр алуан байлығынан әсер алуға, оған ұқсатып пішіндер жасауға үйрету; танымдық қабілетін дамыту;  эстетикалық тәрбиесіне баулу
Көрнекілігі: қағаз түрлері.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын мақсатын қою.
 ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Фигураларды еске түсіру.Ойын “ Қай топ тапқыр? ” Ережесі:әр топ өзіне берілген фигураларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру.  Мұғалім фигуралардан аппликация жасап көрсетеді. (аппликация туралы түсінік өткен сабақтарда меңгертілген, практикалық жұмыс жасалған.)Үлгі- қалыптарды тарқатып, түрлі-түсті қағаздан фигураларды қию.
Өздері қиған фигуралардан өзіне ұнаған, қалауынша аппликация жасау. Жасаған жұмыстарынан әр топ көрме ұйымдастырады.
Әр топқа өздерінің білім деңгейінің көлеміне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі:
1-деңгей: Үлгі қалыппен фигураларды қиып, 3-4 элементтен тұратын аппликация жасау.2-деңгей: Үлгі қалыпсыз қиып, 3-5 элементтен тұратын аппликация жасау.3-деңгей: Әр түрлі фигуралардан кем дегенде 7-10 элементтен тұратын аппликация жасау.5) Ойын “ Бағдаршам” Шарты: бағдаршамның әр шамына жасырылған тапсырманы орындау керек. Үш топ өздері ұнатқан түсін таңдайды.Қызыл - дөңгелектен қандай заттар жасауға болады?Сары - мына үшбұрыштардан не жасар едің?Жасыл – Бағдаршам не үшін қажет? Ол қандай фигуралардан тұрады? ІҮ. Қорытынды кезең.Ой толғаныс. Үш топ үш затты сипаттайды: доп, парта. сызғыш(үшбұрышты).Ү. Оқушы білімін бағалау. Оқушылардың топтық жауаптарына талдау жасап, жеке оқушылардың еңбегін мадақтау және бағалау.ҮІ. Үйге тапсырма: “Менің досым” тақырыбында аппликация құрастыру және сол аппликация бойынша әңгіме құрап келу.
 1. Мәтінді оқу    2. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру  
3. Ұшақтың қандай бөліктері құстың құйрығына, қанатына, басына ұқсайтынын анықтау. Баланың қиялын ортаға салу арқылы   әңгімелету.
Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі   
Құрастырғыштардан  баланың еркі бойынша  көліктер құрастыру
І Ү. Түсінгендерін тексеру.     Акула мен автомобиль, электр пойыз, сүңгуір қайық, кеме пішініндегі ұқсастықтарын табу.
Ү.  Қорытындылау   Бүгінгі сабақта не жасап үйрендік? Сендерге ұнады ма?
ҮІ. Үйге тапсырма:Түсініп оқу,бағалау.