?МЖ Таби?ат ж?не адам. Физикалы? ??ымдар (7сынып)


Бекітемін:
Пәні: Физика және астрономия
Қысқа мерзімді жоспар №
Сабақтың тақырыбы : Табиғат және адам.Физика- табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар №201 мектеп-лицей
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Шілдебаева Айгүл
Сынып: 7 Сабақтағы оқушылар саны: 20 Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтағы оқыту мақсаттары: Оқушылар үйренеді:
1.Физикалық құбылыс, табиғат, физикалық ұғымдарды білуі, материяның мағынасын түсінуі, зат, дененің анықтамасын білуі, мысалдар келтіруі.
2. Физикалық құбылыстардың бір-бірімен байланысын білуі, эат пен денеге мысалдар келтіре алуы, ажырата алуы.
3. Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіре алуы. Физикалық ұғымдарды түсіндіре алуы, деректерді жинап, талдап, іріктей алуы. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алуы.
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар:
Физикалық құбылыс, табиғат, физикалық ұғымдарды біледі, материяның мағынасын түсінеді, зат, дененің анықтамасын біледі, мысалдар келтіреді.
Оқушылардың көпшілігі:
Физикалық құбылыстардың бір-бірімен байланысын біледі, эат пен денеге мысалдар келтіре алады, ажырата алады.
Кейбір оқушылар:
Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіре алады. Физикалық ұғымдарды түсіндіре алады, деректерді жинап, талдап, іріктей алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.
Тілдік мақсаттар Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру.
Табиғат-природа-
құбылыс – явления - The phenomena
физикалық құбылыс – физическое явления - Physical phenomena
табиғат құбылысы – природное явления - Natural phenomena
жылу – теплота - heat
жарық – свет - light
электр – электр - electric
механикалық – механическое - mechanical
Материя- материя – matter
Әлем – Вселенная - Universe
Зат – вещество - Substance
Дене – тело- body
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану, география
Алдыңғы білім Физикалық құбылыстар деген не? Табиғат құбылыстары
Дерек көздер, ресурстар 1.Б.М. Дүйсембаев, т.б, Физика және астрономия. Алматы «Мектеп», 2015 ж
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, І деңгей
3. Электронды оқулық, 7 сынып
4.В.И.Кем, Б.А.Кронгарт Физика . Есептер жинағы
Жоспар
Жоспар-
ланған мерзім Жоспарланған іс-шаралар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау түрі
Кіріспе
(3мин) «Мозайка» арқылы 4 топқа бөлу. Ынтымақтастық ортасын құру. Ережелерді еске түсіреді. Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді Ынталанды
ру
Үй тапсырмасы (8 мин)
Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары
Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырыптар бойынша бойынша береді.
Мұғалім әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтады.
ойлану
талқылау, диалог
жауап беру
Мадақтау

3 мин
Қызығушылығын ояту
Миға шабуыл .
Бейнеролик арқылы Бейнеролик көрсету, Оқушылар бейнероликті көре отырып, ой-пікірлерін білдіреді.
Сабақтың тақырыбын ашады. Негізгі бөлімі
(13 мин)
Мағынаны тану
Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.
(«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы) Шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылау: Барлық оқушылардың белсен-ділігін, әрекет түрін, оның сапасын, өзара ынтымағын, нәтижеге жету ниеттерін бақылау. Арнайы рөлдерге бөліну арқылы шағын топта кіші жоба әзірлейді. Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді. Басшы рөлдерге бөледі, бақылайды,
Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,
Топ спикері қорғайды. Критерий арқылы бағалау
1.Қорғау тәртібін сақтау: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашылуы;
3. Өмірден мысалдар келтіруі.
5 мин Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру
Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.
Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар-дың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады

Қорытын-
ды бөлімі
8 мин
Ой - толғаныс
Жеке жұмыс. Жалғасын тап Сынып ішіндегі барлық оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалау. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау. Оқушылар тапсырманы орындайды.
Жаңа тақырып бойынша өз білімдерін тексереді, сыни ойланады, ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары дамиды
Кері байланыс
(5 мин)
Маған не қиын болды, не қиын болмады
Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз ойларын стикерге жазып, кестеге жапсырады.
Үйге
Физикалық ұғымдар: материя, зат, дене.
Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді , тақырыпты оқып келеді. Зат және денеге 10 мысалдан жазу.
Сөзжұмбақ «Материя»
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Топтық жұмыс. Кіші жоба қорғау.
І топ. Табиғат құбылыстарына не жатады?
2.Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
ІІ топ. Тірек - сызбалар арқылы
Сызбаны толтыр. Физикалық құбылыстарды қандай түрлерге жіктейді?
Физикалық құбылыс




Физикалық құбылыс -

ІІІ топ. Кестемен жұмыс
Кестеде денелердің мысалдары келтірілген. Оң жақтағы графаға осы денелердің қандай заттардан тұратынын жазыңдар.
Дене Зат
Терезе Шыны стақан Ағаш қасық Темір пышақ Қаламсап Қарындаш Тігін инесі Жаңбыр тамшысы ІУ топ. Сәйкестендіру
1-тапсырма. Құбылыстарды анықтамасына сәйкес сәйкестендіру
Механикалық құбылыстар- бұл денелердің өзара әсерлесуімен, қозғалысымен байланысты
Дыбыс құбылыстары- бұл дыбыстың таралуы және шағылуымен байланысты
Жылу құбылыстары- бұл дене күйінің өзгеруімен, температурасының өзгерісне байланысты.
Электрлік құбылыстар- бұл дененің электрлік қасиеттеріне негізделген.
Магниттік құбылыстар – бұл магниттік қасиеттерге негізделген.
Оптикалық құбылыстар- жарықпен байланысты.
Жұптық жұмыс. Берілген құбылыстарды сәйкестендір
Құбылыс
Құбылыстың аты
1 Судың қайнауы электр
2 Жаңбыр тамшысының жерге түсуі жылу
3 Сабаққа қоңырау соғылуы механикалық
4 Найзағайдың жарқылдауы жылу
5 Қорғасынның балқуы жылу
6 Қардың еруі жарық
7 Жаңа ғана шаш тараған тараққа қағаз ұнтақтарының тартылуы жылу
8 Кемпірқосақтың пайда болуы дыбыс
9 Судың қатуы Механикалық
10 Шардың домалауы жылу
Жеке жұмыс. Жалғасын тап.
Материя
Физикалық ұғымдар деп _________________________________________________
____________________________________________________________
Материя деп ____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
Зат деп ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
Дене деп ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________

Төменде аталған заттар мен денелерден: ұшақ, су, стақан, алюминий, бор, қағаз, дәптер, қарындаш, темір, резеңке, қар көшкіні, автокөлік, күннің күркіреуі, қарлы боран, алтын, сызғыш, қайнау,спирт, шеге, қаламсап, мыс, пластмасса заттарын бір бағанға, денелерін екінші бағанға, құбылысты үшінші бағанға көшіріп жазыңдар.
Заттар Денелер Құбылыс