Жерді? К?н ж?йесіндегі орны-та?ырыбына ?МЖ 6-сынып


Сынып 6А пән: математика, география мерзімі: 28.04.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Жер
Мақсат: Оқушыда Жердің Күн жүйесіндегі орны,пішіні мен мөлшері, қозғалыстарын тіршілік үшін маңыздылығы туралы түсінік қалыптасады.Жер қыртыстарының температуларын есептей алады.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ
Сын тұрғысынан ойлауға байланысты: Жер қозғалысының географиялық мәнін анықтау, географиялық заңдылықтарды ашу арқылы оқушылардың дүниетанымдық көзқарасы кеңейеді.
Ресурстар: А3, А4, постер, түрлі-түсті қаламдар мен қағаздар, маркер,жер қыртысы көрсетілген пазлдар, топқа бөліну қималары, стикер, стакан, су, шар, ыдыс
Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ
кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Модуль
Кіріспе Псих. ахуал
Қорытынды Қималарды алады. Қимада жазылған сөздердің басты әріптері бойынша топқа бөлінеді. Басты әріпті құрастыру арқылы тақырыпқа шығады.
1-топ: ж
2-топ: е
3-топ: р
Қорытынды жасайды Диалог
СТО
Тірек білімдерін жетілдіру Пазл құрастыру
Тақтада пазлдардан жер қыртысын құрастырады
Топтардан екі оқушыдан шығып, пазлдарды құрастырады
СТО,
ОҮБжОБ
Сәйкестендір
флепчарт
Жер туралы мәліметтер мен сандар:
күннен қашықтығы-
орбитадағы айналу жылдамдығы-
орташа тығыздығы-
күнді айналу ұзақтығы-
табиғи серігі-
массасы-
радиусының орташа ұзындығы-
экваторының ұзындығы-
меридиананың ұзындығы-
жер бетінің жалпы ауданы-
150 млн.км 29,8 км/с 5,5х103кг/м3 365 тәул. 6 сағ. Ай
6х1024 т. 6371км. 40075,7 км. 40008,5км. 510 млн. км2 Топтан оқушылар кезектесіп шығып,сәйкестікті табады АКТ
СТО
Презентация
(шығармашылық жұмыс) 1. Жердің тарихы және құрылысы - Индира
2. Жер ғаламшарының экологиясы- Нұрсұлу Үй жұмысына берілген шығармашылық
мини жобаларын қорғайды ДжТо
Ақпарат алмасу Топтық жұмыс
ФС Әр топқа тапсырмалар беріледі:
1-топ:
1. Егер шахтаның тереңдігі 1700м, ал жер қыртысының жоғарғы қабатының температурасы -20С болса, шахтадағы температура қандай болады?
2. Сұрақтарға жауап бер
Айжан ата-анасымен қонақтан үйлеріне түн ауа қайтты. Ай жарқырап үйге қайтар жол ағараңдап анық көрінеді.Айжан ай неге жарық, ол салқын дене емес пе деп ойлады?
Неліктен ай салқын бола тұра бізге жарық болып көрінеді?
2-топ:
1.Егер үңгірдің тереңдігі 1300м, ал жер үстінің температурасы +9С болса,үңгірдегі жер қыртысының температурасы қандай болады?
2.Ауаның қасиеттерін мөлдір,иіссіз,түссіз екенін Айгүл біледі. Бірақ Айжан ауаны естіп,сезініп және көргісі келді.
Қандай тәжірибе жүргізгенде білуге болады?
Көру үшін....
Есту үшін....
Сезіну үшін....
3-топ:
1. Егер шахтаның тереңдігі 1900м, ал жер қыртысының жоғарғы қабатының температурасы -16С болса, шахтадағы температура қандай болады?
2. Сұраққа жауап бер
Қазақта өзіңнен кейін із қалсын деген қанатты сөз бар. Бұл әрине рухани өмірдегі адамгершілік іздері жайлы айтылған.Ал жер бетінде біздің аяғымыздың ізі көп дегенде бірнеше күн ғана сақталса, ай бетінде ғарышкерлердің ізі ғасырлар бойы сақталады. Ай бетінде ғарышкерлердің ізі жүздеген жылдар бойы сақталуының себебі не?
Топтар берілген тапсырмаларын орындап, функционалды тақарыпқа берілген тапсырманы қорғайды Рефлексия Баспахана
жұмысы
" Жер -тіршілік бесігі" Шығармашылық жұмыс
1-топ: кітап
2-топ: реферат
3-топ: өлеңдер жинағы Баспахана жұмыстарын орындайды ОБжК
сто
Қорытынды Өз орындаған жұмыстарын қорғайды география пән мұғалімі: Жаманбаева А.Б.
математика пән мұғалімі: Капарова А.К.