Сандарды? арифметикалы? ортасы-5 сынып


Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы
Жарияланды 11-04-2013, 23:14 Категориясы: Математика 
Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы туралы түсінік қалыптастыру, сандардың арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын табуды, есептер шығаруда қолдануды үйрету.Сабақтың міндеттері:1. Білімділік: Сандардың арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын табуға, есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;2. Дамытушылық: Есептеу дағдыларын, логикалық ой - өрістерін, шапшаңдықтарын, белсенділік қабілеттерін арттыру;3. Тәрбиелілік: Адамгершілікке, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгертуСабақтың түрі: Іскерлік дағдыны қалыптастыруСабақтың көрнекілігі: кесте, шарлар, гүлдер, жетондарСабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, кітаппен жұмыс, көрнекілік, өзін - өзі тану.Сабақтың барысы:І. ҰйымдастыруІІ. Психологиялық сәтІІІ. Үй тапсырмасын тексеруІҮ. Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлауҮ. Жаңа материалды меңгертуҮІ. Жаңа материалды пысықтауҮІІ. Жаңа материалды алғаш бекітуҮІІІ. Сабақты бекітуІХ. Үйге тапсырма беруХ. БағалауХІ. ҚорытындыІ. ҰйымдастыруОқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.ІІ. Психологиялық сәтІІІ. Үй тапсырмасын тексеруМұғалім:- Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?Оқушы:- Сандардың жуық мәндері. Сандарды дөңгелектеу. 1257 - ші есепті шығарып келуМұғалім:- Сабаққа кім дайын?Оқушы: -№1257Жұлдызшаның орнына дөңгелектеу дұрыс болатындай етіп, цифрлардың ең үлкенін жазыңдар.2, 49=2, 5 ------------- 28, 730=28, 739, 3509=, 35 -------------- 44, 9804=4, 9814, 679=14, 68 ------------- 53, 4359=53, 436Мұғалім: - Сонымен оқушылар санның жуық мәні дегеніміз не?Оқушы: - Санның дәл мәні мен артық немесе кемімен алынған сан.Мұғалім: - Санды қалай дөңгелектейміз?Оқушы: - Санды дөңгелектегенде сан өзінің жуық мәніне ие болады. Санды оған жақынырақ натурал санмен немесе нөлмен алмастыруды, осы санды бүтінге дейін дөңгелектеу дейміз.ІV. Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлауМұғалім:- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы». Бұл тақырыпты өту барысында сіздер сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы туралы түсінік қалыптастырып, сандардың арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын табуды, есептер шығаруда қолдануды үйренесіздер.V. Жаңа материалды меңгертуХалық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімнің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т. с. с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі.Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері: арифметикалық орта өзгеріс ауқымы, мода. Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды қарастырайық.1 - есеп: Наурыз айында тоғызқұмалақ ойынынан сіздер, 5 - сынып оқушылары: 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпай аласыздар. Енді осы ұпайлардың арифметикалық ортасын табайық.Шешуі: Оқушылардың алған барлық ұпайларының қосындысын тауып, оны ұпайлар санына бөлеміз:(13+13+12+13+10+13+12+10): 8=12 немесе13+13+12+13+10+13+12+10= 128Жауабы: оқушылардың алған ұпайларының арифметикалық ортасы - 12ұпай.Есептей нәтижесінде алынған 12 саны - берілген 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 сандарының арифметикалық ортасы.Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.Сандардың қосындысыСандардың арифметикалық ортасы=Қосылғыштар саныҚандай бір шаманың сан мәнінің өзгерісінің статистикалық сипаттамаларының бірі - өзгеріс ауқымы.2 - есеп:Наурыз айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 3 º, 4º, 5º, 8º, 6º, 4º, 7º болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табайық.Шешуі: апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының ең көп мәні 8º, ал ең аз мәні 3º. Онда апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымы 8º - 3º=5º.Жауабы: апта ішіндегі тәуліктік температураның өзгеріс ауқымы 5º.Өзгеріс ауқымы дегеніміз – берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы.Статистикалық сипаттамалардың ең көп қолданылатын түрі – мода.Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан сол сандардың модасы болады.3 - есеп:Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары 5, 5, 5, 4, 3, 4, 5, 4, 5, 5. Оқушылардың осы алған бағаларының модасы қай баға?Шешуі: жиелігі ең көп баға бестік баға. Демек оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының модасы бестік баға.Жауабы: математикадан алған бағаларының модасы «5 - тік» баға. Кейбір жағдайларда сандардың модасы болмайтын жағдайда болады немесе артықта болады. Мысалы: Егер оқушының тарих пәнінен алған бағалары: 3, 4, 5 болса, мұндай жағдайда оқушының алған бағаларының модасы жоқ.ҮІ. Жаңа материалды пысықтауМұғалім: - Сонымен оқушылар арифметикалық орта дегеніміз не?Оқушы: - санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.Мұғалім:- өзгеріс ауқымыОқушы:- Өзгеріс ауқымы дегеніміз – берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы.Мұғалім: - мода дегенімі не?Оқушы:- Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан сол сандардың модасы болады.ҮІІ. Жаңа материалды алғаш бекіту.Мұғалім:- енді оқулықтағы есептерді шығару үшін, сол есептерді шығара отырып, мына жұлынып қалған гүлдерді қайта гүлдендірейік. (Оқушылар есептер шығару арқылы гүлдерді отырғызады).№1275 есеп. Сандардың арифметикалық ортасын тап.1 - гүл ---------- 2 - гүл ------------- 3 - гүл5 пен 3; ------------ 15 пен 17; --------------- 0, 6 мен 0, 4;7 мен 9; ------------ 30 бен 50; --------------- 1, 2 мен 1, 8;10 мен 12; ------------- 100 бен 90; -------------- 0, 25 пен 0, 75;Жауабы:1 - гүл -------------- 2 - гүл --------------- 3 - гүл(5+3): 2=4 ------------- (15+17): 2=16 --------------- (0, 6+0, 4): 2=0, 5(7+9): 2=8 --------------- (30+50): 2=40 --------------- (1, 2+1, 8): 2=1, 5(10+12): 2=11 ------------- (100+90): 2=95 ------------ (0, 25+0, 75): 2=5№1278 есеп. Сандардың өзгеріс ауқымын тап.4 - гүл0, 1; 2; 0, 5; 7;6, 3; 0, 6; 7; 15, 9;0, 4; 2, 5; 9; 20;Жауабы: 7 - 0, 1=6, 9; 15, 9 - 0, 6=15, 3; 20 - 0, 4=19, 6;№1279 есеп. Сандардың модасын тап.5 - гүл1) 2, 1; 3, 5; 4, 6; 2, 1; 0, 3;2) 3/5; 8/7; 7/3; 3/5; 1; 3/5;Жауабы: 2, 1; 3/5;6 - гүл1) 5, 1; 7, 5; 8, 3; 10, 2; 20;2) 6, 1; 7, 5; 7, 5; 5, 9; 6, 1;Жауабы: жоқ; 7, 5; 6, 1;7 - гүл1) 0, 6; 0, 5; 0, 3; 0, 6; 0, 1;2) 7; 9; 10; 8; 6;Жауабы: 0, 6; жоқ.(Осы есептерді шығарып оқушылар гүлдерді отырғызды).VIII. Сабақты бекіту.Сабақты бекіту үшін оқушыларға шарға қағаз жапсырылған сұрақтарды ұсынамын.1. Шар: Сандардың модасын тап.2, 1; 3, 5; 4, 6; 2, 1; 0, 3;Жауабы: 2, 1;2. Шар: Сандардың модасын қалай табамыз:Жауабы: Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан сол сандардың модасы болады.3. Шар: Сандардың өзгеріс ауқымын тап:2, 6, 8, 10, 7.Жауабы: 10 - 2=84. Шар: Сандардың модасы болмайтын жағдайына мысал келтір?5. Шар: Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері:Жауабы: Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода.6. Шар: Сандардың арифметикалық ортасын тап: 7, 9, 10, 20.Жауабы: (7+9+10+20): 4=11, 57. Шар: Бірнеше санның арифметикалық ортасын қалай табамыз?Жауабы: Сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөлінді.8. Шар: Өзгеріс ауқымы дегеніміз не?Жауабы: Берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы.IX. Үйге тапсырма беру.№1276, 1277 есептерді шығарып келу, ережелерді жаттау.X. Бағалау.«Марапат» Мұғалім марапат, мақтау сөз айтып, (конвертті т. б) бір балаға береді. Ол бала марапат, мақтау сөз айтып келесі балаға ұсынады. Осылайша жалғаса береді.Сабаққа араласқан оқушыларды бағалаймын. Бағалаудың түрі:5 ----- 4 ----- 3XI. Қортынды.Мұғалім:- Балалар, бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?Оқушы:-Мұғалім:- Тапсырмаларға түсіндік пе?Оқушы:-«Қоштасу жылылығы» Балалар бір - бірінің қолынан ұстап, дөңгеленіп тұрады. Мұғалім: «Бір - біріңнің қолдарыңнан жылылық сезініңдер. Бір - біріңе жылылық сыйлаңдар» деп айтады».Мұғалім:- Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!Оқушы:- Сау болыңыз!
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1.Өткен тақырыптан алған білімдерін жинақтап, тиянақтау
2.Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, өз білімдерін көрсету қасиеттерін ашуға үйрету
3.Оларды ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап, топтық, практикалық - проблемалық, іздену, ой қозғау
Сабақтың түрі:Қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі:
Нақыл сөздер,даналық ағашы,үлестірме материалдар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:Оқушыларды екі топқа бөліп,ынталарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру: №1269 (1,2)
1)(11,8-у)•2,9=18,473
11,8-у=18,473
11,8-у=6,37
у=11,8-6,37
у=5,43
(11,8-5,43)•2,9=18,473
2)(3,2у-13,78)•6,8=187
3,2у-13,78=187:6,8
3,2у-13,78=27,5
3,2у=27,5+13,78
3,2у=41,28
у=12,9
(3,2•12,9-13,78)•6,8=187
1.Даналық ағашы:
1.Санның арифметикалық ортасы дегеніміз не?
2.Өзгеріс ауқымы дегеніміз не?
3.Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан қалай аталады?
4.Мына берілген сандардың модасы неге тең:1,3; 0,4; 5; 3; 0,4; 2;
5.10 мен 12 сандарының арифметикалық ортасы неге тең?
III.Негізгі бөлім:
2.Бақытты сәт:
I кезең:Бой сергіту(Әр топқа 10 сұрақтан қойылады)
1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?
2. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
3. Шаршы дегеніміз не?
4. 2-ге қандай сандар бөлінеді?
5. Жай сандар дегеніміз не?
6. Радиус дегеніміз не?
7. Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса,ол бөлшек қалай
Аталады?
8. Аликвоттық бөлшектер дегеніміз не?
9. Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысы үлкен?
10.10 дм-де қанша мм бар?
1. Теңдеу дегеніміз не?
2. Тік төртбұрыштың периметрі неге тең?
3. Үшбұрыш дегеніміз не?
4. 9-ға қандай сандар бөлінеді?
5. Құрама сандар дегеніміз не?
6. Диаметр дегеніміз не?
7. Бөлшектің алымында,бөлімінде олардың 1-ден өзге ортақ
бөлгішіне бөлу қалай аталады?
8. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
9. Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысы үлкен?
10. 10см - де қанша мм бар?
II кезең:Бөшкеден шыққан бас қатырғылар
1. Әлібек бір сан ойлады. Сол санды 2,5 есе кемітіп, нәтижесінен 18,25 санын азайтқанда 13,95 саны шықты. Әлібек қандай сан ойлады.
2.Данияр аулаған балықтарын жеке-жеке өлшегенде массалары: 1,2 кг; 3,24кг; 1,9кг; 2,16кг; 2кг болды. Даниярдың аулаған бір балығының орташа массасы неше килограмм?
3.Машина бір күнде 8,5 га жерге картоп отырғызды. Ол 102га жерге неше күнде картоп отырғызады?
4.6,4 пен 2,9 санының көбейтіндісін 4,8 бен 1,6 санының айырмасына бөліңдер.
5.Ұзындығы 3,2 см, ал ені 1,7 см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
6.6,3; 06;7;15,9; сандарының өзгеріс ауқымы неге тең ?7.2,1;3,5;4,6;2,1;0,3;2,1 сандарының модасы неге тең?
8.Есептеңіз 7,389 : 0,01
III кезең:Жұмбақ тас(Логикалық есептер)
1.5 пен 7 сардарының арифметикалық ортасы неге тең?
2.Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады?
3.Қандай бөшкеге су құюға болмайды?
1.Қосындысы 12-ге, ал көбейтіндісі 35-ке тең өзара жай сандарды ата:
2.Қатар тұрған натурал үш санның қосындысы және көбейтіндісі 6-ға
тең. Бұл қандай сандар?
3.Бөлмеде 4-мысық бар, әр мысықтың алдында 3-мысықтан. Бөлмеде
Барлығы қанша мысық бар?
IV кезең: Сен-маған, мен-саған
Әр топ үйден дайындап келген тапсырмаларын(сөз жұмбақ н/е ребус)
бір-бірімен алмасып шешеді.Көп сөз шешкен топ 1-ұпайға ие болады.
V кезең: Көсемдікке ұмтылу
1. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды,қаншасы қалды?
2. 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарының қосындысы көп пе,көбейтіндісі көп пе?
3. Төрт қайың қатар өсіп тұр.Әрбір қайыңда 4 бұтақтан.Әр бұтақта 4 алмадан, барлығы қанша алма?
4. Екі бестің арасына қандай таңба қойғанда 5-тен үлкен,6-дан кіші сан шығады?
5.Ағаш үстінде 100 торғай отыр.Аңшы біреуін атып алды.Қанша торғай қалды?
6. Ол нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенен гөрі басқалар көбірек қолданады, ол не?
7.86-санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.Ол қалай?
8. Электр поезы батыстан шығысқа қарай жүріп келе жатты және оған қарсы бағытта жел соғып тұрды. Жел поездің түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді?
9. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады.Мұны қалай түсінуге болады?
10. Бір жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?
11. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг, ал екі аяғымен тұрса қанша кг?
12. Қосындысы 651-ге тең болатын қатар тұрған екі натурал санды атаңыз...
IV. Қорытынды:
Үй тапсырмасы түсіндіріліп,сабаққа белсенді қатысып,есептер шығарған
оқушылар бағаланады.
V.Үй тапсырмасы: №1282 . №1283
Тақырып: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: санның арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын таба білуге үйрету; ә) дамытушылық: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын аттыру, есептеу дағдыларын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, қорытынды шығаруға, тазалыққа, белсенділігін арттыру, ізденуге дағдыландыру. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық,интерактивті тақта,карточка
Әдісі: түсіндіру
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
б) оқушы зейінін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау: №1186, №1187
III. Жан – жақты білімдерін тексеру:
Санды дөңгелектегенде, сан қандай мәніне ие болады?
Санды бүтінге дейін дөңгелектеу дегеніміз не?
Сандарды дөңгелектеу ережесі қалай тұжырымдалады?
Натурал сандарды мыңдықтар разрядтарына дейін дөңгелектегенде, неше нөлмен аяқталады?
Ондық бөлшекті қандай разрядқа дейін дөңгелектегенде, үтірден кейін бір цифр ғана жазылады?
V. Жаңа сабақ: Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамыдығының және т.с.с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі.
Статистикалақ сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері:арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы.
Сандардың арифметикалық ортасы.
1 – есеп. Мәнерлеп сырғанау жарысында сырғанаушылар жұбына сырғанаудағы мәнері үшін әділ қазщылар алқасы:
5,4;5,2;4,8;5,5;4,7;5,0 балл қойды.
Мәнерлеп сырғанаушылар жұбына қандай орташа балл қойылды?
Шешуі (үлгі). Есептің берілуі бойынша: 1) 5,4+5,2+4,8+5,5+4,7+5,0=30,6 (балл) – әділ қазылар қойған балдар қосындысы;
2) 6- балдар саны;
30,6:6=5,1(балл) – мәнерлеп сырғанаушылар жұбына қойылған орташа балл немесе
5,4+5,2+4,8+5,5+4,7+5,06=30,66=5,1 (балл)
Жауабы: 5,1(балл)
Есептеу нәтижесінде алынған 5,1 саны – берілген 5,4;5,2;4,8;5,5;4,7;5,0 сандарының арифметикалық ортасы.
Сандардың арифметикалық ортасы=сандардың қосындысықосылғыштар саныБірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
Қандай да бір шаманың сан мәндерінің өзгерісінің статистикалық сипаттамаларының бірі – өзгеріс ауқымы.
Шаманың өзгеріс ауқымы.
2 – есеп. Наурыз айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 30,40,50,80,60,70болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табыңдар.
Мұндағы: 30,40,50,80,60,70 – берілгендер қатарын құрайды.
Шешуі (үлгі). Апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының:
80-ең үлкен мәні;
30-ең кіші мәні.
Апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымы:
80-30=50Жауабы: апта ішіндегі тәуліктік температураның өзгеріс ауқымы 50.
Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәннің айырмасы.
Мода – статистикалық сипаттамалардың ең көп қолданатын түрі.
3 – есеп. Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары:
≪5≫,≪5≫,≪5≫,≪4≫,≪3≫,≪4≫,≪5≫,≪4≫,≪5≫,≪5≫.Оқушының осы алған бағаларының модасы қай баға?
Шешуі (үлгі).Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының жиілігі:
≪5≫-тік баға – 6 (рет)
≪4≫-тік баға – 3 (рет)
≪3≫-тік баға – 1 (рет).
Жиілігі ең көп баға - ≪5≫-тік баға.
Жауабы: оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының модасы ≪5≫-тік баға.
Шаманың модасы – оның берілген мәндерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.
Қайсыбір жағдайларда берілген шаманың модасы болмауы да мүмкін немесе біреуден артық болуа да мүмкін.
Мысалы, егер оқушының тарих пәнінен алған бағалары: ≪3≫,≪4≫,≪5≫ болса, мұндай жағдайда оқушының алған бағаларының модасы жоқ.
Егер оқушының география пәнінен алған бағалары: ≪5≫,≪4≫,≪3≫, ≪3≫,≪4≫,≪3≫,≪4≫,≪5≫ болса,, мұндай бағалардың модалары: ≪4≫- тік баға және ≪3≫-тік баға. Себебі, ≪4≫-тік бағаның жиілігі 3, ≪3≫-тік бағаның да жиілігі 3, бұл ең көп жиілік. Оқушының басқа бағаларының жиіліктері одан аз.
Сыныптағы көптеген оқушылар белгілі бір пәнді өте қажет пән ретінде ұнатып оқиды. Сол пән оқушылардың оқитын пәндерінің модасы.
Сол сияқты көшедегі адамдардың киімінің белгілі бір түрін жиі кездестіруі
Болады. Киімнің сол түрі – сол кезеңге сәйкес киімнің модасы.
Халықтың тұрмыстық қажетін өтеудегі, коммерциялық жұмыстардағы моданың бірі – халықтың көп сұрайтын сұраныс заты.
VI.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:
Бірнеше санның арифметикалық ортасы қалай табылады?
Берілген сандардың өзгеріс ауқымы деген не?
Шама мәндерінің модасы қалай табылады?
VII.Жаңа сабақты бекіту: №1209 (ауызша)
Тест тапсырмасы:
Тапсырма А Б
1) 5+8+6+7+4+2=30
30:6=5
Арифметикалық ортасы
дұрыс Дұрыс емес
2) 5,7; 5,9;5,8;5,7;
Модасы 5,7
Дұрыс емес дұрыс
3) 12;56;48;25;23;34
Өзгеріс ауқымы 44
Дұрыс емес дұрыс
4) 12;32;26;24
арифметикалық ортасы
21 42
5) 1,8;1,6;1,7;1,9;1,8
модасы 1,7 1,8
№1210
1)15+21+17+18+19=90; 90:5=18; сандардың арифметикалық ортасы – 4,8;
2)3,5;4,8;4,7;4,8; сандарының модасы 4,8;
41;43;40;39; сандардың саны – 4;
2,5;3;2,5;1,8;1,8 сандарының модасы – 2,5 және 1,8.
№1211 Aрифметикалық ортасын табу:
5+7+10+12+165=505=25;14+18+17+234=724=18;45+58+76+814=2604=65;VIII.Үйге тапсырма: №1216, №1217

Тексерілді:
«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі» МКМ

Тақырып: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы.
Пән мұғалімі: Ширкитба