«Же?іл атлетика»,«Биіктікке секіру», «Доп ла?тыру»


Дене шынықтыру сабағы
Сабақтың тақырыбы: «Жеңіл атлетика»,«Биіктікке секіру», «Доп лақтыру»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың денсаулығын дұрыс қалыптастыру
мен салауатты өмір салтына насихаттау,
денсаулықты нығайту, баланың спортқа деген
ынтасын, қызығушылығын арттыру. Ептілік, күш,
жылдамдық қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Керекті құрал жабдықтар: Секіруге арналған құрал, доп, ысқыруық, сағат
Сабақтың өтетін орны: Спорт алаңы.
№ Сабақтың мақсаты Уақыт мөлшері Әдістемелік нұсқау
І-кіріспе бөлім
Сапқа тұрғызу
Тексеру, сәлемдесу. Сабақтың мақсатын айту.Саптағы жаттығулар, жүріс, жүгіріс түрлері.
Ж.Д.Ж. 10-15 мин Саптағы тәртіпті қадағалау
Жаттығу бір кісідей орындалуын қадағалау
ІІ – негізгі бөлім
1.Оқушыларды биіктікке секірту. Жүгіріп келіп оң немесе сол аяған алдыға көтеріп секіру.
2. Жанынан жүгіріп келіп секіру
3.Доп лақтыру 150 гр. Белгілі бір сызықтан аспай жүгіріп келіп допты оң немесе сол қолымен аямай алысқа лақтыру
20-25 минут Секіру кезінде кеудені түзу ұстау. Секірерде сасқалақтамау.
Доп лақтыру кезінде қолды түзу ұстау.
Суретте оқушылардың секіру және доп лақтыру кездері.
ІІІ-қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу.
Сабақты қорытындылау.
Рефлексия(Кері байланыс)
Баға қою.
Үй тапсырмасын беру.
Саппен қайтару. 3-5 минут Саптағы тәртіпті қадағалау, жетістік, кемшілікті айту, әділ баға қою.

Дене шынықтыру пән мұғалімі: Дуйсембаев Серикжан Казезович