ФИЗИКА САБА?ЫНДА ?ЛТТЫ? ??НДЫЛЫ?ТАРДЫ МЕ?ГЕРТУ. (8сынып)


ФИЗИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ МЕҢГЕРТУ.
Ұлттық тәрбие – ұлттық сана –сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.Мақсаты-ұлттық сана сезімі қалыптасқан ұлттық мүдденің құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.Ұлттық тәрбиенің көздері – ауыз-әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, шешендік сөздер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары.Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұдттық ерекшелектері, жеті ата туралы түсінік, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер, ізгілік сынды сапалық белгілер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттары болады.[1]
Ұлттық тәрбие - сапалы білім берудің негізі. Қазақ халқының тұрмыс салтында әдет ғұрпында қолданылған үрдістерін әр пәнді оқыту кезінде пайдаланудың мүмкіншілігі мол. Бұл әрбір ұстазға ғылыммен ұштастыра отырып сабаққа енгізу, оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру, халқымыздың тұрмыстық ерекшеліктерімен таныстыру міндеттерін жүктейді. Осы орайда физикалық ұғымдарды ұлттық таным дүниесі арқылы оқушыларға түсіндірудің маңызы зор. Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білім мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Физика сабағында халқымыздың тұрмыстық ерекшеліктерімен сабақтастыра оқыту оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына, жаңа тақырыпты жеңіл меңгеруіне ынтасын дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.Физика сабағында оқушыларға қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып үйрету - бір –бірінен бөліп алуға болмайтын үш міндетті атқарады,олар – білім беру, оның тәрбиелік мәні мен бала танымын кеңейту.Физика пәнін оқытудағы өз тәжірибемде оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері,әдет-ғұрыптары туралы түсінік беруге болатынынына көзім жетті.Физика сабақтарында оқушыларды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырады.
Халықтың педагогиканың маңызын кеңінен айту үшін физикамен байланысты екеніне және қазіргі кезде бұл ең қарапайым қазақ халқының кәсібінде, күнделікті өмір салтында көретінетініне көз жеткізу керек. Мақал -мәтел-бұл поэтикалық, сөйлеуде көп қолданылатын, нақты, тұрақты, көп мағыналы, жиі бейнелі, ауыспалымағынасы бар, тәлім-тәрбие беретін мінез құлқы бар тарихи халық тәжірибесі. Біріншісі синтаксисті келтірілген сөйлем сияқты, жиі ырғақты біріккен болып кездеседі. Екіншісі сөйлеуде сөйлем бөлігі сияқты келтірілген, оның негізімен жиі үндеспейді. Көптеген мақалдар мен мәтелдерде физикалық құбылыстар кездеседі. Оларды физикалық заңдармен немесе математикалық формулалармен олардың қысқа формасында терең ой жатқандықтан салыстыруға болады.
Қазақ мақал мәтелдерінің физикамен байланысы
1. Темірді қызғанда соқ.
(температураға байланысты)
2.Шоқ қайдан болса. жылу содан.
(жылу мөлшеріне байлынысты)
3. Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
(ауырлық күшіне байланысты)
Мақалдар, мәтелдер пайданылған сабақтарда оқушылар күнделікті тұрмыстағы даналықпен ғана танысып қоймай, сондай-ақ физикалық құбылыстар, заңдар және теорияларын оқудағы білімдерін бекітеді.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: - оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; - жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін
ұялату, ұлттық рухын дамыту; - ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени
мұраларды қастерлеу; - жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін
қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
 Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып, ықпалдастыру мүмкін болмайды.Еліміздің дамуы мен қалыптасуында сан түрлі қажеттіліктерге сәйкес ұлы мақсаттар айқындалып отыр.Оның ең бастысы – еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ даярлау.