Ма?ала: Отбасы о?ыту мен т?рбие ж?мысында?ы мектепті? ода?тасы


Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы
68 МИББ кешенінің
Әлеуметтік педагогі Г Айтбай

Ұлттың болмысты жеке тұлғаның бойына сіңіріп, қалыптастыру мектеп қабырғасы мен отбасынан басталады. Еліміздің көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге көтерілуі ұрпак бейнесімен көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конситуциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата –ананың құқығы әрі парызы», - деп көрсетілген.
Ал әлемдік деңгейде «Баланың құқығы туралы конвенция» қабылданып, онда бала дүниеге келмей жатып камқорлық жасаудың жолдары қарастырылған. Мұның өзі бүгінгі балалар мен жас өспірімдер тәрбиенің өте күрделі екендігін дәлелдейді.
Бала жүрегі айнадай тап –таза мөлдір, сол айнадан баланы көру үшін, оның жүрегіне үңіліп қарауды қажет етеді. Л. Пинттің пікірінше, ата –аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін, оның мінез – құлқындағы әрбір ұсақ – түйектерді байкап білуге қабілетті болу керек. Педагогтар секілді кез–келген ата –анаға педагоикалық әдіс қажет.
Отбасындағы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып, жинакталып, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса тәрбиенің құндылығы арта түседі. Баланы дұрыс тарбиелеу үшін, отбасы қоғаммен тығыз байланыста болу керек. Ғалым – педагог Гребенников отбасы қызметін қызметін 5 топқа бөлді: ұрпақ жалғасатырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым –қатынас бос уакытта дем алуды ұйымдастыру. Демек, отбасында ата –ана осы қасиеттерді барынша біріктіріп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психологиялық әдіс тәсілден хабардар болса отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан , ол адам үшін ең жаксы әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрдің, жағымды өнегелердің мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моралдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның адамзат болып өсуінің негізі.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтежелі болу осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата –ананың борышы.
Мектеп оқу тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қомқорлық жасайды, ата – аналарды, барлық жұртшылыққа қалыптастырады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар.
Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, т.б талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің жолдары қарастырады.
Байланыс формаларының басты бір түрі – педагогтардың оқушылардың үйіне баруы. Мақсаты: оқушының тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты ата –анамен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып-білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.
Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты.
Мектептің, отбасының, жалпы халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты, казіргі заманың талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, олардың өмірде өз орындарын таба білуге даярлау болып табылады.
Бүгінгі таңда: «Нарықтық экономикаға сай, ұлттық сана сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу ата-анамен мектептің міндеті. Ұстаздар жүйелі жоспар құрып , шәкірттерімен ақылдасып ата –аналармен бірлесе жұмыс істегенде ғана үлкен нәтижелелерге ие болады. Ең бастысы мектеп қабырғасында әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан –жакты біліп, ата- аналармен тығыз байланыста болу кажет. Осы орайда сынып жетекшілік қызметін атқаратын сыныптағы оқушылардың күшті және алсіз жақтарын ескеріп, нәтежелеріне салыстырулар жүргізіп нақты талдау жасап отыру қажет. Шәкірттерімнің тәрбиелік деңгейлерін үнемі бақылаймын. «Отбасы туралы жалпы мәліметтер», «Ата- ана және бала» , «Достық дегеніміз не?» атты сауалнамалар алу барысында, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасының тәрбиелік мүмкіндігін зерттеп үшінші сауалнама бойынша тәрбиеленушілердің жүрген ортасын анықтауға мүмкіндік алдым.
Сонымен қатар, «Сыныпты бақылау күнделігін» бастап, онда та –ана, бала, мұғалім атқаратын жұмыстарын есепке алып отырамын.
Осылайша сыныптағы оқушылар, елін суйетін, мектеп тәртібін қатаң сақтайтын үлкенді құрметтеп, кішіге ізет корсете білетін оқушыларды тәрбиелейміз.
Ұрпақ көші дұрыс перзент болсын десек, перзент болмысын түзетуді құрсақтан бастаған жөн. Дана халқымыз «Жасында бағу көрмеген, өскенде қарауға көнбес», - деп бекер айтпаған. Ұрпағын өмірінің қазнасы санаған қариялар тәңірге «Құдай бала бер бала берсен сана бер», -деп те бекер айтпаған. Яғни жалпыға тән адамгершілік қасаеттер – мейірбандық, сыйластық, өзара түсіністікке ұмытылдыру, жаксыны өнерге тарту, үлкенге құрмет, кішіге изет көрсете білуді, бүгінгі жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу,отбасы мен мектептің басты мақсаты болып табылады.
Тәрбие – бұл қоғам талабына сай, адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес түрде әсер ету. Н.Ә. Назарбаев өзінің « Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде, «Тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде экономикалық және және рухани дағдарыстытарды жеңіп шыға алатын ізгілігі мен XX ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан - жакты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп айқын көрсеткен.
Олай болса, отбасымен мектептәрбиенің ынтымақтастығы негізінде балаларды тәрбиелеуде олардың бойына мынандай қасиеттерді: адамдармен тез тіл табысуы қабілеті, жанашырлық таныту қабілеті, басқа адамды түсіну қабілеті, адамгершілік құндылықтарды, психикалық сауаттылығы, өзін–өзі ұстау, сабырлық мүмкіндігі, іскерлікті қалыптастыру қажет.
Педагог әр бір оқушының қабілеттерін толығырақ дамытып, балалардың өмірін дұрыс ұйымдастырып, табиғат берген дарынын аша түсуге тәрбиелейді.
Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері, назардан тыс қалып көрген емес. « Бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндетті», - деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Білімді де білікті саликалы да парасатты, жан–жакты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу-мемлекеттік, мектеп пен отбасының маңызды ісі екені белгілі. Сол себепті, келешек қамын бүгін ойлап саналы тәрбие мен сапалы білім беруде бүкіл жұрт болып ат салысуға міндеттіміз.
В.Г.Белинский «Тәрбие - ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Ал, Коменский «Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы»,- деген пікір білдірген. Біздің мақсатымыз – оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу.
Әдебиеттер:
Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р.М. «педагоика»
Макеренко А.С. «ата –аналарға балалар жайлы» т. М: 1998ж.
«Қазақсатан мектебі» №1 басылым , 2001 жыл.
Н. Ә. Назарбаев « қазақстан 2030.» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолаушылар Алматы, 1997, жыл