Д?ниетану Жануарлар тіршілігіне ?ажетті жа?дайлар 2 сынып


Дүниетану 2 сыныпСабақтың тақырыбы Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар
Жалпы мақсаты Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру, жан-жануарларға қамқорлық жасауға баулу, бүкіл жанды табиғаттың қорек тізбегі арқылы бір-бірімен байланысы туралы ұғым қалыптастыру.
Оқу нәтижелері Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды танып біледі.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс,  БЛУМ таксономиясы, АКТ. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар Демонстрациялық материалдар, стикер, маркер, магнит, АКТ
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру

Топқа бөлу
2 мин
Тренинг
3 мин Күннен, жерден нәр алғанБіз - өмірдің гүліміз.Ақпан басталғанСәтті болсын күніміз.
Оқушылар жануарлар суреттері арқылы төрт топқа бөлінеді.
15875154305
90487545720
104775-1676401647825-215265
Құстар Балықтар Жер асты Жер үсті
жануарлар жануарлар
Сергіту биі: «Веселая зарядка» Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.
Оқушылар суреттеді алып, төрт топқа бөлінеді.
Интербелсенді тақтадан оқушылар бидің қимылын бірге жасайды. Жануарлар суреттері
АКТ, видеоролик
«Баянда»
10 мин Әр топқа төрт түліктің суреттерді беріледі, үйге берілген тапсырмадан постер шығарады, сұрақтарға жауап береді.
Жылқы - пірі кім? Төлін не деп атайды? Пайдасын ата. Мақал айт;
Сиыр - пірі кім? Төлін не деп атайды? Пайдасын ата. Мақал айт;
Қой - пірі кім? Төлін не деп атайды? Пайдасын ата. Мақал айт;
Түйе - пірі кім? Төлін не деп атайды? Пайдасын ата. Мақал айт. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды, сұрақтарға жауап береді. Төрт түліктердің суреттері, желім, А3 плакат, қосымша материалдар
Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
"Тұсаукесер" стратегиясы
2 мин 13017530480
Берберілген гүл күлтелерінен сөздер құрап, оның маңызын түсіндіреді. Оқушылар берілген суреттерден сөздер құрайды, маңызын түсіндіреді
Суреттер
Білу
«Білгенге маржан»
5 мин 20637520320ЖануарларҚұстарҚосмекенділерСүтқоректілерЖорғалаушыларБунақденелілерБалықтарМұғалім жануарларды топқа бөлінуі жөнінде мәлімет береді.
- Құстар-8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады;
- Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
- Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
- Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды - Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
- Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.
Жаңа мәліметті мұқият тыңдайды.
Суреттер, тірек сызба
Түсіну
5 мин
«Оқулықпен жұмыс»
Әр топ өздерінің тобына сәйкес оқулықтағы мәліметті тауып оқиды, өзара талдайды. Өздеріне қажетті мәліметті мәтіннен тауып, мәлімет алмасады. Оқулық
Қолдану 5 мин
«Сәйкестендір»
Суретте берілген жануарлардың мекенін, қорегін, тіршілігін, тыныс алуын өзара тиісінше сәйкестендіреді.
Әр топ өздеріне берілген жануарлар тобына қатысты суреттерді сәйкестендіреді. Суреттер
Сергіту сәті
3 мин «Жануарлар қимылы»
Аюдың, қоянның, құстың, жыланның, балықтың қимылын көрсетеді. Оқушылар жануарлар қимылын көрсетеді. Музыка
Талдау 5 мин
«Ой толғаныс»

Әр топқа тақырып беріледі, өз ойларынан эссе жазады.
«Ауаның маңызы»
«Судың маңызы»
«Қоректің маңызы»
«Жарықтың маңызы» Өз ойларынан эссе жазады, 2-3 сөйлемнен құралады. Дәптер, қалам
Жинақтау
3 мин Оқушыларға жұмбақтар жасырылады, логикалық тапсырмалар беріледі.
Жұмбақтар шешеді, логикалық тапсырмалар орындайды. Жұмбақтар, суреттер.
Рефлексия. Бағалау
2 мин Бейне смайликтер арқылы өздерінің көңіл күйлерін көрсетеді, түсіндіреді. Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады. Оқушылар берілген баспалдаққа өздерінің атын жазады. Баспалдақ суреті. Смайликтер
Үйге тапсырма
Мәтінді оқу. Сусыз өмір сүре алатын жануарлар туралы мәліметтер жинату. Оқушыларға қосымша материалдар іздеу