Ашы? т??ымды ?сімдіктер ?ара?ай , шырша ж?не оларды? т??ым ар?ылы к?беюі 6 сынып


Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы, Күршім ауылы
«№5 Күршім орта мектебі» КММ
Үшінші деңгейлі , І-санатты биология пәнінің мұғалімі
Каирова Жанар Кабиткановна


Пәні: Биология 6 сынып Мұғалім: Ж.К.Каирова
Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер
Қарағай , шырша және олардың тұқым арқылы көбеюі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарағай және оның тұқым арқылы көбеюін мысалға алып, қылқанжапырақтылар туралы толық мәлімет беру
Құзыреттілік: Ашық тұқымды өсімдіктердің жергілікті жерде өсетін:қарағай,арша, шырша, т.б. түрлерін сақтай отырып,оқушыларды орман байлығын қорғауға, табиғатты сүюге баулу.
Оқыту нәтижесі: Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастыру,тұқымды өсімдіктер ретінде ашық тұқымдылардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігін салыстырмалы түрде талдай алуы, салыстыра білуі,ой қорытуды үйренуі жүзеге асырылады.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдісі Блум таксономиясы Топтастыру
СТО Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, оқулық,қосымша дереккөздер:интернет ресурстар, кестелер,кеппешөптер,тірек-сызбалар
Сабақтың мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Топтастыру Ұйымдастыру.
Ынтымақтастық атмосферасын құрады.
Топтарға бөледі.
Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.
Түрлі түсті фигуралар бойынша топтарға бөлінеді.
Үй жұмысын тексеру
Биологиялық жаджазу:
Қырықжапырақтәріздестер – жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы.
Қырықжапырақтар тропикте ағаш, лиана түрінде өседі.
Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған.
Қырықбуынның жанама бұтақтары – вегетативті мүше.
Қырықбуындар – вегетативті, жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді.
Далалық қырықбуын – дәрілік өсімдік.
Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан – таскөмір пайда болған.
Сүрек – ағаштың су өткізгіш бөлігі.
Тест
1.Қазіргі кезде плаундардың неше түрі белгілі?
А.200-500 В.300-450 С.450-600 Д.180-250 Е.100-400
2.Плаундарда қабықтың сыртқы қабатында қандай ұлпа бар?
А.Өткізгіш В.Бөліп шығарушы С.Тірек Д.Негізгі Е.Фотосинтездеуші
3.Плаундар қандай жолмен көбейеді?
А.Түрленіп көбейеді В.Бөліну, өсімді С.Жыныссыз Д.Өсімді жолмен Е.Өсімді, жыныссыз, жынысты
4.Шоқпарбас плаундар қайда өседі?
А.Шөлді жерлерде В.Тоқтау суларда С.Қарағайлы орманда Д.Тауларда Е.Ашық далылы аймақтарда
5.Споралар дамитын орын:
А.Спорангий В.Сорус С.Таллом Д.Ризоид Е.Микориза
6.Плаунтәріздестердің қазіргі кездегі өкілдері:
А.Қырықжапырақтар В.Қырықбуындар С.Көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер Д.Мүктер Е.Балдырлар
7.Төселіп өсетін өскіндерінің үзінділері арқылы жүзеге асатын көбею түрі:
А.Жынысты В.Өсімді көбею С.Жыныссыз Д.Бөліну Е.Тура даму
8.Плаун спораларының өнуінің типтерін ата?
А.Күздік, қыстық В.нағз тамыр, нағыз жапырақ С.Шала, түрленіп Д.Көктемдік, жаздық Е.Жерүсті және жерасты
9.Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі:
А.Шоқпарбас плаун В.Шымтезек С.Көкек зығыры Д.Қырықбуын Е. Хлорелла
10.Плаундар өнеткәсіпте не үшін пайдаланылады?
А.Спирт алынады В.Йод алынады С.Лакмус алынады Д.Сары және жасыл бояу алынады Е.Сірке қышқылы алынады
Білу
1.Ашық тұқымдылар бөліміне жататын қарағай мен самырсын, шырша мен аршаның құрылысы және ерекшеліктері.
2 .Ашық тұқымды өсімдіктердің маңызы.
I-кезең Оқулықпен жеке, топтық жұмыс
II-кезең Мұғалім көмегімен жаңа тақырыпты меңгеруі
III-кезең Тақырып бойынша толық мағлұмат алады.
Оқушылар төменгі сыныпта алған білімдерін естеріне түсіреді.
Тұқымды өсімдіктер ретінде ашық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігін үйренеді.
Топтық жұмыс жүргізіліп,берілген тақырыпты топтан біреуі қорғайды.
Түсіну
Тұқымды өсімдіктер ретінде ашық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасын және көптүрлілігін жете түсінеді.
Жұмбақтар шешу арқылы сабақ тақырыбын ашу.
шырша (ель - Picea), қарағай (сосна - Pinus), балқарағай (листвинница – Larix), самырсын (пихта - Abies), арша (можжевельник - Juniperus), қылша (эфедра - Ephedra)
кәдiмгi қарағай (сосна обыкновенная – Pinus silbestris) және сiбiр қарағайы(сосна сибирская – Pinus sibirica).
Видео көрсету
Тұқымды өсімдіктер ретінде ашық тұқымды өсімдіктердің топ бойынша сипаттамасы және көптүрлілігін жазады
(постер жасау)
Қолдану
Мәтінмен жұмыс жасаудың жолын түсіндіреді. Мәтінмен жұмыс жасай отырып, тақырыпты меңгергендігін пайымдайды (жеке, жұппен, топпен)
Сергіту Адасқан әріптер:
қырықбуын – рықынуықб
қырықжапырақ– қарыпажрықық
сүрек– рексү
қылқанжапырақ – қарыпажнақлық
спора – рапос
Бейнетаспадағы сөздерді құрау
Талдау
Оқулық, сұрақ-жауап Тұқымды өсімдіктер ретінде ашық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипат-тамасы және көптүрлілігін жете қарастырады.
№21 з/ж. Оқушыларға сауалнама тапсырмалары беріледі.
Тапсырмаларды орындау арқылы тұқымды өсімдіктер ретінде ашық тұқымды өсімдіктер- дің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігін талқылайды.
Жинақтау
Интербелсенді тақтадан топқа Тұқымды өсімдіктер ретінде қарағай шырша, арша туралы бейнетаспадан көрсетіледі
Сөзжұмбақ шешу
Т Ұ Қ Ы М Ж А Б Ы Н Б Ү Р Ж А Н А М А
Қ А Б Ы Ғ Ы А Т А Л Ы Қ
Ш А Й Ы Р Л Ы Қарағай қалай көбейеді
Қарағай бұтағының сыртқы қабыршағы қалай аталады
Қарағай бұтағында әр түрлі қандай заттар болады
Кіндік тамырларынан дамиды
Діңнің бөлігінің бірі
Аналықтан басқа қандай бүрлер орналасқан
Сүрегінде қандай жол болады
Жаңа білімдерді қолданады.
Бағалау
Кері байланыс Өз пікірлерін айтады.
Тақырыптың құндылықтарын пайымдайды.Оқушылар бағдаршам әдісі бойынша өзін-өзі бағалайды
Үй тапсырмасын беру.
Ашық тұқымды өсімдіктердің маңызы туралы
қосымша мәліметтер жинақтау
Қарағай, шырша туралы ертегі құрау
Интернет, қосымша оқулықтардан мәліметтерді жинақтайды.