Саба? жоспары Балы?тарды? к?беюі мен дамуы.


Ашық сабақ № 2
Күні: 06.02.2017ж
Сыныбы: 7 «А»
Пән: биология
Сабақтың тақырыбы: Балықтардың көбеюі мен дамуы. Мінез-құлығының ерекшеліктері.
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға балықтардың көбеюі мен дамуы, өрістеуі, өсімталдығы, ұрпағына қамқорлық жасау, түйсігі туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға,еңбектенуге,өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма, СТО элементтері, қаламсаптар, карточкалар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, балықтың қаңқасы, өзеннің суреті, балықтың суреттері, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, жаратылыстану, әдебиет.
I . Ұйымдастыру кезеңі. 
Сәлемдесу,түгелдеу.
Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылардың көңіл-күйін сұрау. (Дөңгелер қағздар таратылып, оқушылар сурет салып, бір-бірлеріне тілек айтып, сыйлайды).
Оқушыларды 2 топқа бөлу. (смайлдердің түстері бойынша). Бағалау парағы таратылады.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша топ ішінде ең жақсы деген эссені оқиды.
 2. Әр топтан 4 сұрақтан қойылады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Жұмбақ жасыру: 
Көздері бар, қабағы жоқ
Әсте кірпік қақпайды
Ол қай жануар суға салсаң,
Тұншықпайды, батпайды ( балық) 2. Тұз мысалында жаңа сабаққа шығі. Яғни тұздың қандай пайдасы бар, қандай зияны бар?(Оқушылар жауап береді).
Ендеше бүгінгі сабағымыз осы балықтар туралы білім алуды жалғастырамыз. Алдымен балықтардың эволюциялық жолмен қалай дамығанын қарастырайық.
Балықтардың көбеюі мен дамуы
Балықтар дара жынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шоғал деп аталады. Оның құрамында аталық жыныс жасушасы- сперматозоидтар болады. Аналық безде уылдырық деп аталатын майда жұмыртқа жасушалар болады.
Шеміршекті балықтар іштей ұрықтанады, аналықтары ұрықтанған уылдырық шашады, ал кей түрлері тірі шабақтайды. Уылдырықтарының саны өте аз. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады.
Балықтар уылдырықтарын суға жеке-жеке шашпайды. Көп жағдайда уылдырықтар бір-бірімен сілемейлі, тығыздау шырышты зат арқылы байланысады. Уылдырық шашылған жерге аталық балықтар келіп, ішінде сперматозоидтары бар сұйықтығын төгеді. Ұрықтанған уылдырықтан ұрықтың одани әрі дамуы басталады. Көпжасушалы ұрықтың пайда болуы, одан дернәсілдің дамып-жетілуі уылдырықтың ішінде өтеді. Өздігінен қорек аулап, тіршілік ете бастаған балық дернәсілін шабақ дейді. Шабақ ересек балыққа ұқсас болады.
Балықтардың өрістеуі. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Мысалы бекірелер, албырттар теңізден өзенге өрістеп, уылдырық шашады.
Ең қысқа және жиі болатын тәуліктік өрістеу, ұзаққа созылатын жыл мезгіліне байланысты болады. Балықтардың өрістеуі табиғи сұрыпталу кезінде пайда болған тұқымқуалайтын бекітілген түйсік арқылы жүзеге асады. Өрістеу кезінде балықтар қоректенбейді. Кейбір балықтар теңізде бірнеше жыл болып, тіршілігінде бір ақ рет уылдырық шашып, соңынан өліп қалады. мысалы: кета, горбуша балықтары.
1 тапсырма: Мәтінмен жұмыс. Ондағы термин сөздерді дәптерлеріне жазу.
2 тапсырма: 2 топқа да "Постер" әдісі беріледі. (7 мин).
Қорғауға 6 мин.
3 тапсырма: Сыныпта қағаздар ілініп тұрады. Әр топ өз сұрағы бойынша жауаптарын іздейді. ( 5 мин).
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Тест жұмысы (5 мин)
1. Балықтың жүрегі қанша қуысты:
А) 1  ә) 2   б) 3   в)4
2. Қанайналым жүйесі қандай?
А)ашық    ә)жабық     б)тұйық3. Балықтардың тынысалу мүшесі қандай?
А) желбезек    ә)демтүтік   б) өкпе4. Сүйекті балықтар қалай ұрықтанады?
А) іштей    ә) сырттай     б)жұмыртқа5. Ресми деректер бойынша 2002-2012 жылдар аралығында елімізде бекіре балықтардың қоры неше есе азайғандығы анықталды?
А) 46 ә) 87 б) 65
6. Балықтарды қолдан ұрықтандыру тәсілін 1857 жылы қай ғалым ұсынған?
А) Ж.Б.Ламарк ә) В.П.Врасский б) Карл Линней
7. Қазақстанның Қызыл кітабында (2010) жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін балықтың неше түрі тіркелген?
А) 20 ә) 12 б) 17
8. Аквариумда балық өсірушілерге Қ.Қайымның «Суасты әлемнің айнасы» атты нешінші жылы «Қайнар» баспасынан шыққан кітабын ұсынады?
А) 1989 ж ә) 1990ж б) 1886 ж
Карточкалар таратылып жауап беру (6 мин)
І топ
Балықтардың мінез-құлығының өзгеруі неге байланысты?
Шеміршекті балық және сүйекті балықтар қалай көбейеді?
Шоқыр, қортпа балықтары уылдықтарын неше мыңға дейін шашады?
ІІ топ
Миграция дегеніміз не?
Өзен жыланбалығы туралы сипатта?
Кейбір балықтарда ұрпақтарына қамқорлық жасау жағдайы байқалады ма? Байқалса, мысал келтір?
V. Үйге тапсырма:
1. § 51 оқу
Рефлексия.
Екі жұлдыз бір тілек. Бағалау.