Ашы? саба? Ж?мыс.?уат.Энергия тарауы бойынша ?орытынды.Есептер шы?ару


Сабақтың тақырыбы :Жұмыс.Қуат. Энергия тарауы бойынша қортынды.
Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:а)білімділігі:Жұмыс.Қуат.Энергия тарауы бойынша білімдерін
тиянақтап,тексеру ,есептер шығару арқылы бір жүйеге келтіру.
ә)дамытушылық:Есептер шығарта отырып,формулалар қорыту арқылы оқушылардың логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, сонымен қатар есептеу дағдыларын жетілдіру.
б)тәрбиелік:Оқушыларды ұлтжандылыққа,жауапкершілікке,ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа,ынтымақтастыққа тәбиелеу,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың типі:қайталау,пысықтау
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың ұраны: «Аз сөйле,Терең ойла,Көп біл»
Сабақтың жүрісі:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Ой қозғау
“Аз сөйле” атты физикалық тест
1.Денені орын ауыстырған кезде істелетін жұмыс А) Механикалық жұмыс Ә) Жай жұмыс Б)Ауыр жұмыс
2.Механикалық жұмыстың формуласы А) А = Fm Ә) А = FS Б)А=Nt
3.Жұмыстың өлшем бірлігі А) Ньютон Ә) Джоуль Б)Ватт
4.Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама А) Энергия Ә) Қуат Б)Масса
5.Қуаттың формуласы
А) N = tA Ә) N = At Б)N=At
6.Қуаттың бірлігі А) Ватт Ә) Джоуль Б)Ньютон
7.Кинетикалық энергияның формуласы
А) Е = m2ϑ2 Ә)Е=mϑ22 Б)Е=mgh
8.Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы
А) Е = gmһ Ә)Е = mgV2 Б)Е=Е1+Е2
 
9.Күш моменті қандай әріппен белгіленеді? А) d Ә) М Б)F
10.Күш моментінің формуласы

А) М = Ғ*d Ә) М = FD Б)М=М1+М2 “Терең ойла”
“Жұмбақ конверт” ойыны

Ғалымның хаты өлмейді
1.Энергияның сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген,жұмыстың өлшем бірілігі XIX ғасырдағы ағылшын ғалымы?(Д.Джоуль)
2.Алғашқы бу машинасын ойлап тапқан 1736-1819 жылдары өмір сүрген ағылшын ғалымы?(Джеймс Уатт)
3.Германияның Гайбах шахтасындағы көмір шығаратын,ұзындығы футбол алаңынан он есе артық болса, биіктігі отыз қабатты үймен тең әлемдегі ең үлкен машина?(Экскаватор) Білім көзі -тәжірибеде
4.Айналмалы бұранда ылди бойымен суды жоғары көтереді.Тұтқа бұранданы айналдырады.Бұранданың көмегімен суды жоғары көтеретін бұл машинаны 2200 жыл бұрын грек ғалымы кім ойлап тапты?(Архимед)
III.“Көп біл”(есептер шығару) 1.Массасы 2 т автомобиль 0,5 км жолда бір қалыпты қозғалғанда оның двигателі қандай жұмыс өндіреді?
Берілгені: Шешуі:
m=2т=2000 кг A=F*s; F=mg; А=mgs:
S=0,5км=500 м A=2000кг*10 Н/кг*500м= 10 МДж
Т/к А-? Жауабы:А=10 МДж
2.Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 секундта 2 м биіктікке көтереді. Сонда ол қандай қуат өндіреді?
Берілгені: Шешуі: t=4 с A=F*s; F=mg; А=mgs;
m=200 кг s= 2 м
Т / к N -?

Жауабы: N=1 кВт
Тақтамен жұмыс
3.Жер бетінен 3м биіктікке көтерілген массасы 2кг дененің потенциалдық энергиясы неге тең?

Берілгені:Шешуі: һ=3мЕп=mgһ m=2кгЕп=2кг* 98Н/кг*3м=60Дж т/к Еп-? Жауабы:Еп=60Дж


4.Массасы 80кг, жылдамдығы 5м/с велосипедшінің кинетикалық энергиясы неге тең?
Берілгені:Шешуі:
m=80кгЕп=mϑ22𝜗=5м/сЕп=80кг*(5мс)22=1000Дж=1кДж
т/к Еп-?Жауабы:Еп=1кДж
5.Жер бетінен 120м биіктіктегі балконнан массасы 0,5кг доп көкжиекке параллель 10м/с жылдамдықпен лақтырылған.Жерге түсер кездегі доптың механикалық энергиясы неге тең?
Берілгені:Шешуі:
Һ=120мW=Еп+Еп
m=0,5Еп=mϑ22=0,5кг*(10мс)22=25Дж
𝜗=10м/сЕп=0,5кг*9,8Hкг*120м=600Дж
т/кW-?W=25Дж+600Дж=625Дж
Жауабы:W=625Дж
6.Иіндіктің кіші иініне 600 Н, ал үлкен иініне 400 Н күш әсер етеді.Кіші иінінің ұзындығы 10см.Үлкен иінінің ұзындығын анықтаңдар.
Берілгені:Шешуі:
F1=600Hd1d2=F2F1F2=40Hd2=d1*F1F2=0.1м*600Н40Н=1,5м=150см d1=10см=0,1м Жауабы:d2=150см
т/к d2-?
Жеке оқушыларға тапсырма IV.Қорытынды. Білім іздегенге ғана табылады
V.Бағалау
VI.Үйге тапсырма:§51-59 қайталау