Жиб-жица к?ресі саба? жоспары 4 сынып ?дебиеттік о?у


Сабақтың тақырыбы: Жиб - Жица күресі. Қалмақан Әбдіқадыров.Мақсаты: Оқушыларға Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб - Жица» әңгімесі бойынша қазақтың әлемге әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, күрес түрі жайлы мәлімет беру; дұрыс оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту.Сабақ түрі: аралас сабақ.Оқыту әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістеріКөрнекілігі: Мазмұнды суреттер, кестелер, үлестірме материалдарСабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту:Психологиялық дайындық:
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.Үй тапсырмасын сұрау:Ұшақ ұшыру арқылы сұрау. (серпілген сұрақтар) Сұрақ-жауап.
Оқушыларды топқа бөлу.
Бағалау парақтарын үлестіру.Мақсат қою кезеңі: «Сөзжұмбақ» шешейік:1. Жетім мәтінің кейіпкері 1. Қасым2. Қасиетті жан 2. Ана3. Ағаштың көркі 3. Жапырақ4. Ынта сөзінің баламасы 4. Ықылас5. Тышқанның жауы 5. Мысық6. Құстың панасы 6. Ұя7. Дала және үй құсы 7. Қаз8. Тәтті жеміс 8. Алма9. Бір өркешті түйе 9. НарСөзжұмбақ шешімі «Қажымұқан»1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.- Қажымұқан кім? Ол туралы не білеміз?Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақтың әлемге әйгілі палуаны. Жер шарының жиырма төрт елін аралап, талай - талай атақты палуандармен белдескен. Алтыны, күмісі бар – барлығы 48 медаль алған.Мағынаны тану: Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб - жица» әңгімесі:- Автор туралы мәлімет: Әбдіқадыров Қалмақан (15.04.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30.04.1964) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді. Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фердоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В. М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет — 1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған.Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1886 - 1948 жж.) — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1886 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
Мәтінмен жұмыс:1 бөлім: Қажымұқанның Жапон палуаны Сар - Кек – Ки - мен кездесуі.2 бөлім: Палуандар арасындағы сайыс3 бөлім: Қажымұқанның жеңісі.
«Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Мысалы, мәтіннің 1 - бөлімі бойынша бір топтан, 2 - бөлімі бойынша келесі топтан шығады. Олар мазмұнын баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады.
Сергіту сәті.1 - топ:«Бес жолды өлең» әдісіНұсқаулық:1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.3. Іс - әрекетті көрсететін үш сөз.4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.5. Соңғы сөз синоним болуы керек.2 - топ:Венн диаграммасы:● Қажымұқан● Сар - Кек - Ки● Екеуі де палуан3 - топӘңгіме мазмұнына сәйкес келетін мына мақалдың екінші бөлігін тауып, мәнін түсіндір.Қоянды қамыс өлтіреді, Жігітті намыс өлтіреді.
1 - топ:Сәйкестендіру тест.
ҚажымұқанСар - Кек - Ки
Қалақазақ палуаны
Жапон палуаныХарбин
Жиб-ЖицаҚажымұқан
48 медаль алғанжапон күресі
2 - топ:гармошка әдісі.
3 - топБүгін кім жайлы білдік? Қажымұқанға сипаттама беру.Қ –қайратты т.б А-ақылды Ж-жомарт Ы-ырыс М-мықты Ұ-ұқыпты Қ-қайсар А-айлалы Н-намысшыл Үш тілдік жұмыс.
Күрес – борьба – файт
Күш –сила- форс
Палуан –борец – файтер
Чемпион- чемпион
Қорыту. Бүгін кім жайлы білдік?Кері байланыс.
Ағашқа жапырақтарын ілу.
ҮІІ. Үйге тапсырма:1. түсініп оқу,2. Қазақстандағы палуандар туралы мәлімет жазу.