?ажайыптар ?лемі сыныптан тыс ж?мыс


Тақырыбы: Биология-ғажайыптар әлемі
Мақсаты:оқушыларды биология ғылымының қызықты мәліметтерімен таныстыру және білімді, білікті болуға, шапшаңдыққа, алғырлыққа, тез ойлауға, достарымен топтасып жұмыс жасауға баулу.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі /сынып оқушыларын 3 топқа бөліп орналастыру/
ІІ. Негізгі бөлім
«Оймаржан» /сұрақ-жауап/
«Ойлы болсаң озып көр» /суреттермен жұмыс/
«Жұлдызды сағат» /тапсырмалар/
«Таңғажайып»
«Білімдімен дос болсаң...»
Сыр сандық
ІІІ. Қорытындылау /жеңімпаз топты марапаттау/
І. Сайысқа 3 топ қатысады:
1-топ: «Барыс»
2-топ: «Қыран»
3-топ: «Тұлпар»
Тапқыр,білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды.
Сүйсең туған жеріңді
Ортаға сал барыңды,-деп сайысымызды бастаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім «Оймаржан»/сұрақ-жауап/
1-топқа қойылатын сұрақтар:
Жануарлар туралы ғылым /зоология/
Өсімдіктің жер асты мүшесі /тамыр/
Ұлғайтқыш құрал /микроскоп/
Өсімдікке жасыл түс беретін органоид /пластид/
Бунақденелілердің аяқ саны /6/
Ерекше қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер қайда тіркелген /қызыл кітап/
Ихтиология қандай ғылым? /балықтарды зерттейтін/
Шортан қандай балық? /сүйекті/
Жүйелеуді енгізген ғалым /Линней/
10) Сүлік қай кластың өкілі /буылтық/
2-топқа қойылатын сұрақтар:
Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым (ботаника)
Қызылшақа балапан шығаратын құстар /кептер, торғай, тоқылдақ т.с.с/
Құстардың арғы тегі /археоптерикс/
Бунақденелілердің қанша түрі бар? /700 000/
Өте еңбекқор бунақденелілер /ара, құмырсқа/
Өсімдіктің көбею мүшесі /гүл/
Ең кішкентай құс? /колибри/
Жасушаны ашқан ғалым. (Роберт Гук)
Өсімдік пен жануар арасын байланыстыратын бір жасушалы жәндік(жасыл эвглена)
10)Бидай өсімдігінің гүлшоғыры (күрделі масақ)
3-топқа қойылатын сұрақтар:
Жасыл боп жыпырлап өнеді, сары боп үзіліп түседі? /жапырақ/
Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым? /микология/
Бір жасушалы жасыл балдыр /хламидомонада/
Өсімдіктің генеративті мүшелері (гүл, жеміс, тұқым)
Жасыл эвглена қалай қозғалады? (талшық)
Ұша алмайтын құс /түйеқұс/
Балдыр жасушасына жасыл түс береді? /хромотофор/
Энтомология нені зерттейді? /бунақденелілерді/
Құстарға ғана тән тынысалу ерекшелігі /қосарлы/
Омыртқасы жоқ желілі жануар /қандауырша/
2.«Ойлы болсаң озып көр» /суреттермен жұмыс/
Бұл бөлімде оқушыларға жануарлардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың дене мүшелері беріледі, сәйкесін тауып орналастыру керек.
3.«Жұлдызды сағат» /тапсырмалар/
«Жұлдызды сағат» - сын сабақ,
Жұмбақты шешіп, ойнап кұл.
Білімдіден мол талап күтіледі, оны біл!
Ал ойыннан қалмайық, жауапсыз мүлде болмайық.
Жұмбақ
Өтім-дәрі, қаным-дәрі,
Әркімнің кірер меніңмен әрі. /аққу/
Тікұшақтай жаны бар,
Танымасаң танып ал. /инелік/
Жатқан мылқау сарт етті
Жортқан қорғау жалп етті. /қақпан мен қасқыр/
Аяқтары қолдай,
Мақұлық бар ондай.
Өзі балпақ,
Басы жалпақ. /бақа/
Қай мақұлық ол тағы,
Құлақтары құрықтай.
Түнде жортса қорқады,
Маңына жан жуытпай. /қоян/
Бейнетқор көпшілікте көрдім халық,
Күніңде бір отырмас дамыл алып.
Өзінен ауыр жүкті көтереді
Үйінде жатып кейде рахаттанып. /құмырсқа/
4. «Таңғажайып» /жануарларды баласына қарай сәйкестендіру/
Аққу қозықа
Қыран құс торай
Бұғы бөлтірік
Елік қодыға
Арқар көгілдір
Аю алан
Шошқа мамыр
Қасқыр ақүрпек
Барыс қонжық
Үйрек еңлік
5.«Білімдімен дос болсаң...»
Берілген суреттерге қарап мақал-мәтел айту.
6.Сыр сандықБерілген сипаттамаға қарап қандай жануар екенін табу.
Қорытындылау.