Урок на казахском языке на тему Жапония


Сабақтың тақырыбы: Жапония
Сабақтың мақсаты: Жапонияның географиялық орны,табиғат байлықтары,халқы, шаруашылығы,экономикалық аудандары жайлы сипаттама беру.
Міндеттері: 1.Студенттердің бір-бірімен ой-пікір,алмасуына мүмкіндік беру
2. Өз ойын еркін жеткізе білу
3. Студенттердің өзара сыйластық,мәдениет дағдыларын дамыту
Күтілетін нәтиже: 1.Студенттердің оқу материалдарын меңгеру барысында жаңа терминдермен таныса білу.
2.Топта жұмыс істеу барысында өзара сыйластыққа дамыта алады.
3. Өз ойларын еркін жеткізе білу
Бағалау: Студенттердің топтағы белсенділігі үшін және сабақ соңындағы ойларын еркін жеткізе білу арқылы бағалана алады.
1.Қызығушылықты ояту сатысы:
А)Мұғалімнің сұрағы: Жапония мемлекеті жайлы не білеміз?
Ә)Мұғалімнің нұсқауы: Қазір осы сұрақ бойынша барлығыңыз ойланып, алдарыңызда жатқан ақ параққа жеке түрде барлық білетін ақпараттарыңызды жазып шығыңыздар. 3 мин.
Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Жазып болсаңыздар,осы жазған ақпараттарыңызды жұпта бір-бірлеріңізбен ой бөлісіп шығуларыңызды сұраймын. 3 мин.
Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Енді бір-бірлеріңізбен қосқан ақпараттарды топта барлығыңыз бірге талқылап,ортақ ойды жариялауға дайындалыңыздар. 5 мин.
Мұғалім тақтаға «Не білеміз»? деген бағанды толтырып шығады?
Әр топтан бір оқушы топтың ойын жариялап шығады,ойларын тізбектеліп тақтаға жазылады.
А) Мұғалімнің сұрағы: Тағыда қосатын ойларыңыз болса,мәліметтер айтыңыздар.Бағанды толтырып болғаннан кейін,мұғалім ақпараттардың астын сызып қояды.
А) Мұғалімнің сұрағы: Студенттер енді Жапония мемлекеті жайлы сіздер тағы «Не білгіңіз келеді?»
А)Мұғалімнің сұрағы: Қазір осы сұрақ бойынша барлығыңыз ойланып жеке түрде барлық білгіңіз келетін ақпараттарыңызды сұрақ түрінде рәсімдеп жазып шығыңыздар. 3мин.
Ә)Мұғалімнің нұсқауы: Болсаңыздар,осы жазған ақпараттарыңызды жұпта бір-бірлеріңізбен бөлісіп шығуларыңызды сұраймын. 3 мин.
Ә)Мұғалімнің нұсқауы: Енді бір-бірлеріңізді қосқан ақпараттарды топта барлығыңыз бірге талқылап,ортақ ойды жариялауға дайындалыңыздар. 3 мин.
Мұғалім тақтаға « Не білгіміз келеді?» деген бағанды толтырады?
Әр топтан бір студент топтың ойын жариялап шығады. Ойлар тізбектеліп тақтаға жазылады.
2. Мағынаны ажырату сатысы: Әр топта берілген нөмірлер бойынша топқа бөлінеді?
Әр топқа бөлінген топтары бойынша Жапония мемлекеті
жайлы мәтін таратылады?
Мәтінмен жұмыс: ДЖИКСО-1
1 топқа: Жапонияның географиялық орны
2 топқа: Жапонияның табиғат ресурстары
3 топқа: Жапонияның халқы,оның ұдайы өсуі
4 топқа: Жапонияның шаруашылығы және экономикалық аудандары
Студенттердің мәтінмен жеке толық танысып шығады.10 мин. беріледі.
Ә) Мұғалімнің нұсқауы:
Мәтінмен толық танысып болсаңыздар жұпта ой бөлісіңіздер 3мин.
Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Жұпта ой бөлісіп болсаңыздар,ойларыңызды топта бөлісулеріңізді сұраймын. 3 мин.
Енді жұмыс тобынан,жанұя тобына орналасуларыңызды сұраймын.
Ә) Мұғалімнің нұсқауы: Студенттер жан-жақтан алып келген ақпараттарыңызды топта салып,ой бөлісіңіздер. 3мин.
3. Кубизм сатысы: Студенттерге кубик лақтырылады. Кубиктің түскен бағыты бойынша әр топқа берілген тақырып бойынша суреттейді, зерттейді,салыстырады, қолданылуы жайлы мәліметтер айтылады.
4. Ой толғаныс сатысы: Студенттердің айтылған ақпараттары бойынша
«Не үйрендім?» бағанды толтырып жазып шығады. Алғашқы бағандағы студенттердің білімдерін осы « Не үйрендім?» бағанымен салыстырып ойды дәлелдегенін сұрақтардың өз жауабын тапқанын талқылап, шығу керек. Жауабы табылмаған сұрақтарға үйде ізденіп келуге тапсырылады.