Презентация по истории на тему Жапония


Тақырыбы: Жапония мемлекеті Жоспары:Мемлекеттің қалыптасу тарихыЖапония қалаларыМемлекеттің ең үлкен қалаларыТабиғатыГеографиясыЖапондардың салттарыӘдебиетіӨнеріҚорытынды




ЖАПОНИЯНиппон, Нихон (“Күншығыс елі”)
Ел: 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку,Кюсю. Жер аумағы : 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы : Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан: 47 префектураға бөлінеді. Жапония - бір ұлтты ел. Халқы: 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі: жапон тілі. Негізгі діндері: синтожәне будда діндері. Жапония -конституциялы монархияны сақтаған ел.





Туыr Елтаңбасы
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Мемлекеттің қалыптасу тарихыТарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI-IXғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстіккe ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.
Жапония қалаларыЖапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.Токио
Мемлекеттің ең үлкен қалаларыТокиоИокогамаНагояСаппороКобеКиотоФукуокаКавасакиОсакаСайтам




ТабиғатыЖапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо аралында), Оу,Эчиго, Хида, Кисо, Аканши (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсюаралында), Ишикари (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС, Рюкю топаралында 16ӘС, ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар (Бандай — Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп. ГеографиясыЖапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропикалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады. Жапондардың салттарыЖапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық монархия болады. ӘдебиетіЖапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Коджики” шежіресі (712) мен “Манъесю” өлеңдер жинағы (759). “Коджики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Шикибудың “Генджи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хейке — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхейки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Ешицуне-ки” (“Ешицуне туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы, Чикамацу Монзаемоның (1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 — 1694), Бусано (1716 — 1783), Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку (1755 — 1829), Каватаке Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоенің“Отты бағана” романы, ақын Ишикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. ГейшаЖапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғасырлардаЖапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Жапония архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғасырдан сақталған. 7 ғасырда сарай музыкасы дамыды. Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыкалық мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі — кагура. Бұл — мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыка халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики(үрлемелі аспап), фуэ, шакухачи (бамбук флейталар). 16 ғасырдан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883 — 1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері: Ясуджи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары Токио', Осоко, Киото, Нагоясияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапония театры тарихында гигаку (7 ғасыр), бугаку (11 ғасырдан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. Өнері Главные ворота столицы Хейдзё-кё.stroke.colorstroke.on Образец керамики среднего периода дзёмон.
Могильный курган императора Нинтоку Самураи провинции Сацума во время войны Босин Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықСоңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-экономикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония араcындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапарлары негіз қалағанын атап өткен жөн. Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға жасаған алғашқы сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның сол кездегі Премьер-Министрі М.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік кітапты” табыс еткені дәлел болмақ.
Назарларыңызға рахмет!!!