М??алімдерге арнал?ан ?мірге позитивті к?з?арас атты тренинг


Мұғалімдерге арналған «өмірге позитивті көзқарас»
атты тренинг.
Мақсаты: Топты ұжымшылдыққа, эмоционалды қысымды түсіруге және позитивті тұрғыдан ойлауға бағыттау.
І. Әрбір қатысушыға тілегі бар «смайл» белгілерін ұсынамыз. (Таңдап алуға болады). Құрметті әріптестер «өмірге позитивті көзқарас» атты тренингімізге қош келдіңіздер!Тақырыбымыз позитивті көзқарас болғандықтан, бүгін барлығымыз негативті эмоцияларымызды сыртқа шығарып, позитивті тұрғыдан ойлауға тырысайық.Яғни позитивті ойлау – бұл дегеніміз өмірдің жағымды жақтарына өзімізді бағыттау.Олай болса, бір сергіп алсақ.
ІІ. Сергіту. Би билеу (әуен қосылады,барлығы қайталайды).Қатысушыларды ойындардың алдында сергітіп,жаттықтырып алу.
ІІІ. «Орындықтар» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер бойы құрылады. Барлығы орындыққа отырып, көршісінің тізесіне жатады.Барлығы шеңбер бойымен жатып болғаннан кейін, бір-бірлеп орындықтар алынып тасталады. Қатысушылар орындықсыз сол қалпы тұрып калулары керек.
Барлық қатысушылар орындыққа отырып, шеңбер құрады. Ойынды жүргізуші бастайды. Орындық саны бір орындыққа кем болуы тиіс. Жүргізуші белгісімен мысалы: кімде мойынында орамал бар дегендер орындарымен ауысады. Орынсыз қалған қатысушы ойынды жалғастырып кетеді.
IV. «Шапка» жаттығуы. Барлық қатысушылар шеңберге тұрады. Сол қалпы бас киімді қолсыз бір– біріне беріп шығу керек. Бұл ойынның мәні көршісінің қимылдарына ыңғайлану.
V. ««Жұлдызқұрт» жаттығуы. Қатысушылар бірінен соң бірі тұрады. Оң қолын артта тұрған адамға береді де,ал сол қолын алда тұрған адамға береді. Осы күйі барлығы ажырамай қимылдар жасаулары керек. Мысалы:алға екі қадам, солға қадам,бір орында секіру.
VI. «Үрмелі шар» жаттығуы
Барлық қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Үрмелі шарды шеңбер бойымен шынтақпен, қолды мүлдем қолданбай бір-біріне беріп шығу керек. Екінші рет үрмелі шарды тізенің екі ортасына қысып беру керек, содан кейін Үшінші рет шарды бас пен иықтың арасына қысып беріп шығу керек.

VII. «Копияға түсіру». Барлық қатысушылар бір-бірінен теріс айналып,бір қатарға тұрады. Жүргізуші бірнеш қимылды бірінші тұрған ойыншыға көрсетеді. Ол теріс тұрған қатысушыға осы қимылды көрсетуі керек. Ең соңында қандай қимылдар шығатынын көруге болады.
VIII.. Бейнеролик ( позитивное мышление и позитивный настрой).Бұл видео арқылы қатысушыларды әр жағдайдың жақсы жақтарын таба білу керектігіне бағыттау.
Рефлексия: Өз сезімдерін,алған әсерлерін айту.
ІХ. «Көңіл-күйіңді қалай көтеруге болады?» буклеттер тарату
«Рудный қаласының №15 орта мектебі» ММ
Мұғалімдерге арналған «Өмірге позитивті көзқарас»
атты тренинг
Өткізген: Кунекова Д.Б
Рудный 2013 жыл
«Рудный қаласының №15 орта мектебі» ММ
Мұғалімдерге арналған «Өзіңді-өзің тани біл»
атты мастер-класс
Өткізген: Кунекова Д.Б
Кудесова Н.С
Рудный 2013 жыл
«Рудный қаласының №15 орта мектебі» ММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Салауатты өмір салты»
Өткізген :Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кудесова Н.С
8 «а» сыныбы
Рудный 2013 жыл
«Рудный қаласының №15 орта мектебі» ММ
Мұғалімдерге арналған «Арманыңызға бір қадам қол жеткізіңіз»
атты тренинг
Өткізген: Кудесова Н.С

Рудный 2013 жыл