?аза? тілінен ашы? саба?. та?ырыбы ?зі?ді-?зі? тексер


Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді-өзің тексер»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Оқушылармен түбір мен қосымшаның жазылуы туралы берілген түсінікті бекіту.Сөз құрамын талдау дағдысын жетілдіру.Сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрістерін дамыту,түрлі әдістерді пайдалана отырып ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын,сөйлеу тілін дамыта отырып шығармашылық қабілеттерін арттыру,өздіктерінен қорытынды жасап,өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды алғырлыққа,білімділікке,сауаттылыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер,слайдтар
Сабақтың әдісі: түсіндіру,топтық,шығармашылық жұмыс,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану,әдебиеттік оқу
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.
Қазақ тілін мақтаймыз
Ереженің барлығын
Есімізге сақтаймыз.
Бұл сайыста болма бос,
Біліміңе білім қос.
Тілейміз сәттілік,
Жеңіп шықсын бірлік.
Оқытушы:Балалар,біз бүгінгісабағымызды сайыс түрінде өткіземіз.Алған бағаларыңызға қарай мен сендерге жетон беремін.(сары – 5,көк – 4,жасыл – 3).Сабақ соңында ұпай сандарын есептейміз.Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Топқа бөлу(топтардың аттары «Түбір», «Жұрнақ», «Жалғау»)
Ережелерді айтып,топтардың атын қорғау
Үй тапсырмасын тексеру.(78-жаттығу)
Ойын: «Cиқырлы сандар»
20 60 40
1.Туынды сөз дегеніміз не?
2.Қосымша нешеге бөлінеді?
3.Сөз құрамына қалай талдаймыз?
Оқытушы: Балалар,бүгін бізде қайталау сабақ.Тақырыбы: «Өзіңді-өзің тексер».
.Топтық жұмыс
І – топ. 1 – жаттығу. Көру диктанты
Қасқалдақ
Ұшпайды онша аспандап,
Қасқа дейді ел,
Дұп-дұрыс.
Қара бауыр қасқалдақ
Суда жүзгіш,
Сүңгігіш.
Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдап,тиісті белгімен белгіле.
ІІ – топ. 3 – жаттығу. Шығармашылық диктант
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу.
Тоғай іші тып-тыныш.Қарағай мен қайың ақ кимешек киіп алған сықылды.Шырша... ақ тыспен көмкерілген алып тымақ... ұқсайды.Үлп еткен жел... қар құйылып төгіледі.
ІІІ – топ. 4 – жаттығу. Шағын мазмұндама жазу.Тақырыбы: «Қысқы ойын»
Ауылдың шеті.Қарлы төбешікке су құйылып,сырғанақ жасалған.Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.Олардың ішінде Бексейіт пен Омар да бар.Беттері қызара бөртіп,сырғанақ ойнаудан жалығар емес.
Қарлы төбешікке сөздерін сөз құрамына талдау.
Үш топтың оқушылары тапсырмаларды ауыстырып орындайды.
Топтық бағалау (үш топ бір-бірін бағалайды)
Сергіту сәті
5 – жаттығу. Жұмбақты шеш.
Көкте жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.(қар)
Қар сөзіне жұрнақ,жалғау қосып айту.(Дидактикалық ойын: «Сөз ойла,тез ойла»)
6 – жаттығу.Мәтінді оқу,талдау.Тақтамен жұмыс.Әр топтан бір оқушы тақтаға жатқа бір сөйлемнен жазады.
Монолог. Әр топтан бір оқушы шығып монолог айтады.(Түбір,жұрнақ,жалғау болып)
Сабақтың қорытындысы:
Топтардың алған ұпайларын есептеу. Жеңімпаз топты мадақтау,бағалау.
Үйге тапсырма: 2 – жаттығу.Ережелерді қайталау.