Д??гелек ?стел ?аза?стан зайырлы мемлекет


«Бәйге төбе мектеп – балабақша кешені» КММ
Тақырыбы:
-5026192741«Қазақстан зайырлы мемлекет»
00«Қазақстан зайырлы мемлекет»

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Түгелбайқызы Бағдагүл

Тақырыбы: «Қазақстан зайырлы мемлекет»
Мақсаты: Жас ұстаздардың арасында рухани үндестікті тәрбиелеу, толеранттылықты қалыптастыру, жастардың бойындағы отаншылдық қасиеттерін арттыру, діни экстремизмнің алдын алу.
Түрі: тәрбиелік шара (дөңгелек үстел)
Әдісі: Сұрақ – жауап (әңгіме – дебет, пікір алмасу, нақты дәлелдер келтіру).
Көрнекілігі: слайд, суреттер, бейнебаян
Ұйымдастыру:
Жас мамандармен тренинг («Бір сыр, бір ой» мектеп психологімен)
«Дін» дегеніміз не?
«Зайырлылық» дегеніміз не?
Діни экстремизм және терроризм дегеніміз не?
Қорытындылау.
Кіріспе сөз
Құрметті жас ұстаздар, қонақтар. Бүгінгі «Зайырлы қоғам Қазақстан» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер. Қоғамның ең әлсіз тұсы қазіргі кезде дін мәселесі болып тұр. Жастарымыздың арасында әр түрлі секталарға кіріп басқа діннің жетегінде жүру көбейіп кетті. Осы мәселе бойынша жастардың діни сауаттылығын толықтыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып отыр.
Жүргізуші: «Дін» дегеніміз не?
Тарих пәні мұғалімі Ғалмжанның ойы:
«Дін» - бұл әлемді танудың бар әдісінің көмегімен түсіндіруге немесе логикалық ұғынуға беріле қоймайтын әлдебір ғажайыпқа сенуді білдіретін дүниетаным немесе дүниені сезіну (және адамның мінез-құлқына себепші болуы).
Адамдардың діни түсініктері адамзат тарихының бір бөлігі бола отырып, адамзат қоғамымен бірге өзгеріп отырды. Қазірде адамдардың барлығы белгілі бір дінді ұстанады. Мен Ислам дінін қолдаймын.
Химия пәні мұғалімі Асылай:
Біртіндеп бүкіләлемді жаратушы, барлығын қамтушы, бір құдайға сенім пайда бола бастайды. Адам өмірінің мақсаты адамға рухани даму жолында көп жетістікке жеткен өзінің ағайындарынан (пайғамбарлар және т.б) берілген өсиеттер мен уағыздар арқылы өзін – өзі жетілдіру болды.
Жүргізуші: «Зайырлылық» дегеніміз не?
Физика пәні мұғалімі Гүлжиһан:
«Зайырлылық» термині қоғам мен мемлекеттің , мемлекеттік саяси орнығуының айқындаушы сапалы сипаттамасы белгісі болып табылады. Зайырлылық терминін «жерлік, бұқаралық,тынымсыз, азаматтық» деген ұғымдарынмен түсіндіреді.
Зайырлы мемлекеттің көпшілік мақұлдаған белгілері:
Оның діни немесе өзгеде идиология көздерімен әлеуметтік және формальды тәуелсіздігі;
Мемлекеттік тәртіптің шексіз егемендігіне ешбір алдыңғы болып өткен немесе жоғары тәртіпті қарсы қоюға жол бермеу;
Жалпыға міндетті діннің идеологияның болмауы;
Мемлекеттің және мемлекеттік – құқықтық қатынастардың тәуелсіздігі;
Діннің қысым көрсетуінен яки оның идеологиясынан санкциялаудан;
Идеологияны таратуға бағытталған діни бірлестіктерге мемлекеттік қызметке бағынуынан;
Олардың саяси, бұқаралық – биліктің қатынастарды, мемлекеттік билік органдарының, өзге де мемлекеттік органдар мен мекемелердің, сондай-ақ және қоғамдық саяси институттардың құрылымы мен қызметін құқық пен реттеушіліктің барлығына араласуынан.
Яғни, зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік пен ол мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы.
Жүргізуші:
«Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл - біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді.
Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп кез-келген экстремизм түрін үзілді – кесілді мойындамаймыз. Жастарды радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін. Сондықтан, Қазақстанның діни қайраткерлері бұл жолда жұмыс атқарады деп ойлаймын» деп атап көрсетті ҚР президенті Н.Назарбаев.
Жүргізуші:Діни экстремизм және терроризм дегеніміз не?
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Асхат:
Діни экстремизм ұғымы – шынайы діннің негізгі қағидаларынан, қазіргі қолданыстағы ұлттық заңнамалардың және халықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс шектен шығу дегенді білдіреді. Экстремизм – жеке және хылықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс шектен шығу дегенді білдіреді.
Зерттеушілер діни экстремизмнің шығуының басты үш негізін атап айтқан болатын. Олар бірінші – діни сауатсыздық. Екінші – теріс пиғылды ағымдардың өкілдерінің сөзіне еру арқылы қалыптасқан жаңсақ сенім. Үшінші –әлеуметтік мәселелер. Қазіргі кезде діни насихат ғаламтор желілерінде өте көп. Соның алдын алу мақсатында осындай отырыстар мен кездесулер болғаны жақсы. Діни сауаттылық болмай жастардың жат ағым жетегінде кетуі тоқтамайды.
Рефлексия:Рефлексияны біз 6 қалпақ әдісі бойынша жасаймыз. Әр жас маманға ақ, көк, қызыл, сары, қара, жасыл түсті қалпақтар таратып беріледі. Әр топ дөңгелек үстел қорытындысын шығарады.«ақ қалпақ» - дөңгелек үстелдің нақты деректерін келтіреді және сол ақпаратты көңіл - күйіне және бағалауға қолданбайды.«сары қалпақ» - дөңгелек үстелдің тек жақсы жақтарын айтады.«қара қалпақ»- дөңгелек үстелдің кемшіліктерін айтады.«қызыл қалпақ» - дөңгелек үстелдің барысында пайда болған көңіл - күйін, яғни эмоционалды айтады.«жасыл қалпақ» - бүгінгі дөңгелек үстелден алған тәжірибені қайда және қалай қолдануға болатынын туралы айтады.«көк қалпақ»- қорытынды жасайды және пайда болған мәселелер мен сұрақтарды анықтайды.Осы жұмысқа топқа он минут беріледі. Тапсырма түсінікті ғой, онда алға.
Қорытынды сөз: Құрметті әріптестер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет! Жат ағымнан сақтанайық. Діни түсініктерімізді жетілдіру мақсатында БАҚ мен дос-жарандармен пікір алмасып жүрелік . Кемшіліксіз әрине болмайды, сіздер айтқан кемшіліктерді, өшіруге тырысамыз. Әрқашан да биік шыңдардан көріне берулеріңізге тілектеспіз! Келгендеріңізге өз ойларыңызбен бөліскендеріңізге үлкен рахмет.