Ойын-сауы?Хрюша жолда ж?ру ережелерімен ?алай танысты


Жүргізуші: Балалар, бүгін бізге қонаққа Хрюша келеді. Ол бізбен ойнағысы келеді. Қәнеки,бәріміз шапалақ ұрайық, ол бізге тезірек келсін.
(Балалар шапалақ ұрады, Хрюша кіреді)
Хрюша:Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер мені таңыдыңдар ма? Мен өте көңілді тораймын, ойнағанды жақсы көремін.
Жүргізуші:Хрюша, сен жолда да ойнай бересің бе?
Хрюша:Иә,әрине, жолда да ойнай беремін.
Жүргізуші:Тура көлік жүретін жолда ма? Жел жол ережелерін бұзасын ғой!
Хрюша:Мен ешқандай ережелерді білмеймін,білгімда келмейді. Мен тек қана ойнағанды жақсы көремін.
Жүргізуші: Ой, балалар, не істейміз! Біздің Хрюша жол ережелерін білмейді.Ол көліктін астына түсіп қалуы мүмкін.
Хрюша:Несі бар!Маған ешқандай жол ережелері керегі жоқ.Жүріндер, балалар,серуендеп жүріп қайтайық.
Жүргізуші:Жәрәйді, жүр. Бірақ біз тротуармен жүреміз.
Хрюша: Не үшін мен тротуар жүруім керек?
Жүргізуші:Қәзір бәрін білесің. Балалар, қәне, тораймен «Түрлі- түсті» көліктер деген ойын ойнайық.Балалар қолдарына әр түрлі түсті рульдерді ұстап,музыка ырғағымен жүгіреді. Тәрбиеші бағдаршамның түстерін көрсетеді. Хрюша қорқып балалардың арасына жүгіреді.
«Түрлі- түсті» көліктер ойын
Жүргізуші:Ал енді бәріміз көліктерімізді тұраққа қояйық.
Хрюша:Ух, мен қалай қорқып кеттім.Көліктер жан-жақтан жүргенде қайда қошарымды білмей қалдым.Серуендеуді де ұмытып кеттім. Көліктер басып кетеді деп.
Жүргізуші:Көрдің бе, кішкене болғанда, сені көліктер басып кетететін еді. Сол үшін тротуармен жүру керек.
Хрюша:Жәрәйді,енді тротуармен жүремін. Ал егер мен жолдын арғы бетіне өткім келсе ші, не істеймін?
Жүргізуші:Онда «зебраны» іздеу керек.
Хрюша:Зебра дейсің ба? Ол жылы жақта тұрады ғой.
Жүргізуші:Дұрыс, Зебра Африкада тұрады,ол шөп жейді, су ішеді. Бірақ біз жануар зебраны айтып жатқан жоқпыз.Бізде далада көше қиылысында басқа зебра бар.
Хрюша:Ол маған не үшін керек?
Жүргізуші:Балалар, кім айтады, зебра деген не?
Балалар: «Зебра»- деген жаяу жүрген адамдар –жолдың арғы бетіне,алаңдамай өтуге арналған жол. Ол ақ сызықтармен боялған.
Жүргізуші:Қәне, балалар, бәріміз Хрюшаға жолды қалай өту керек екенін көрсетейікші.(Балалар бір бірінің артынан зебраның үстімен өтеді)
Хрюша:енді мен бәрін түсіндім.
Жүргізуші:Мына жерде тағы басқа белгілер бар.Балалар , мынау қандай белгі?
Балалар:Жаяу жүретін адамдарға жолдан өту белгісі
(тәрбиеші балаларға әр түрлі белгілерді көрсетеді, балалар ол белгілер не үшін екенін айтады)
Хрюша: Ал егер мен Зебраны таппасам,мен жолды мүлдем өте алмаймын ба сонда?
Жүргізуші:Балалар, қане Хрюшаға айтыңдаршы, қай жерден тағы жолды кесіп өтуге болады? Бірақ ол үшін жұмбақты шешіңдер:
«Ол биік, оның үш көзі бар
Бреуі-қызыл,біреуі-сары,біреуі-жасыл» ол не?
Балалар:Бағдаршам
Жүргізуші:дұрыс, бағдаршам
Хрюша:Бағдаршам деген тағы қандай жануар?
Жүргізуші:жоқ, ол жануар емес, ол адамның көмекшесі, ол адамдарға жолды қай кезде өтуге болатынын айтады.
Ойын «Бағдаршамды құрастыр»
Жүргізуші:Хрюша,қалай ойлайсың қандай түске жолдан өтуге болады?
Хрюша:Білмеймін, балалар көмектесіңдерше?
Балалар:
қызыл түс - тұрамыз
Сары түс - дайындаламыз
жасыл түс - жүреміз
Ойын «Қызыл,сары,жасыл»
Тәрбиеші бағдаршамның үш түсін кезек кезек көрсетеді.
Қызыл-балалар тоқтап турады
Сары- шапалақ ұрады
Жасыл- жүгіреді
Хрюша: сендер бәрін біледі екенсіңдер, өте ақылды екенсіңдер. Ал бірақ менің жұмбақтарымды таба алмайсыңдар!
(Хрюша балаларға жұмбақтар айтады)
Төбесінде ебелек, Ұшады өзі керемет. /Тікұшақ/ 
Табанында жолы бар, Төбесінде қолы бар. /Трамвай/ 
Құстан аумайды, Көкке заулайды, (ұшақ) 
Сымға асылып, Жүр асығып./троллейбус/ 
Хрюша:рахмет сендерге балалар маған бағдаршам туралы, жол ережелері туралы көп нәрсе айтып бердіңдер.Енді мен ол ережелерді әр қашан.да сақтаймын.
Жүргізуші:Сағанда,Хрюша, рақмет келгенің үшін келесі кезі біз саған тағы да өте қызықты нәрселер айтып береміз.Сау бол!
Ал сендер,балалар, жол ережелерін сақтайсыңдарма? Жолдың үстінде ойнайсыңдар ма?
Балалар: Иә
Жургізуші:Міне біздің ойын-сауығымыз аяқталып қалды.Бәріміз аман - сау болайық.Ережелерді сақтайық.Сау болыңдар!
-337185top
Ойын-сауық
«Хрюша жолда жүру ережелерімен қалай танысты»
«Балбөбек тобы»
Дайындалған:
Кургамбаева С.Ж
2016г