4-сынып ?аза? тілі п?нінен С?з ж?не оны? ма?ынасы та?ырыбына саба? жоспары


Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету таным қабілетін дамыту, сөз мағынасын айыра білуге жаттықтыру, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ішін-ара іздену, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: ребус,тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 4-5-жаттығуды оқу.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру. Сызбаға сүйене отырып, сөз мағынасы туралы түсінік қалыптастыру.( 1-жаттығу)
Сөз және оның мағынасы
Сөз неден құралады?
Сөзненібілдіреді?

- сөз дыбыстан құралады;
- сөз мағынаны білдіреді

Сөздеген не?
Сөзмағынасыныңқандайтүрлерінбілесіңдер ?

Сөз дегеніміз қандай да бір заттың т.б. атауы
- сөздер мағынасына қарай бір-біріне жуық мәндес сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, айтылуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер болады.

-Осы сұрақтар жайлы талдау жасалған соң, білгішбектің сөзімен қортындыланады.
Оқулықпен жұмыс 2-жаттығу сызбамен жұмыс
-мағынасы жуық сөздер: сұлу, көркем, әдемі, келетті, ару; (синоним сөздер)
-мағынасы қарама –қарсы сөздер: ақ-қара, кең-тар, биік-аласа; (антоним сөздер)
-дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер: бас, бет, ашық; (омоним сөздер)
3-жаттығу сөз мағынасымен жұмыс.( Ашық)
Көркем сурет бойынша сөйлемдер құрау.
4-жаттығу Мағынасы жуық сөздерді бір бөлек, мағынасы қарама-қарсы сөздерді бір бөлек топтастыру және дәлелдеу.
«Кім жылдам» ойыны
Мағынасы жуық сөздер:
Қашық, шалғай, алыс; Сұлу, көркем, әдемі;
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді:
Түзу-қисық, жуан-жіңішке, ірі-ұсақ, ерте-кеш,
5-жаттығу ребусты шешу. Шешуі: Кітап-білім бұлағы.
7-жаттығу. «Ойлан тап» ойыны
Сергіту жаттығуы
Ү Бекіту: -балалар, сөз және оның мағынасы жайлы нені еске түсірдіңдер?
ҮІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ Үйге тапсырма: 6-жаттығуды түсіндіру.
ҮІІІ Оқушыларды бағалау