Шамалар (?зынды?, масса, уа?ыт, сыйымдылы?) ж?не ?лшем бірліктері


Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Базарова
Пәні: математика Уақыты:09.09.2016 ж Сыныбы: 3 «А» Мұғалім:Шотаева Б
Сабақтың атауы Шамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктері
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкаларЖалпы мақсаттар Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары»,  сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.Сабақтың түрі: ойынӘдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысыОқыту  нәтижесі Топқа бөлу Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б. Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Психологиялық дайындық
Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»:1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп)2.Математикада неше цифр бар? (10)3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)
Қызығушылықты ояту «Ой ашар»І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған)2. Көбейтудің заңдарын ата(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)3. 1км-де неше метр бар? 1000м4.1дм-де неше мм бар? 100мм5.1 м-де неше мм бар? 1000мм6.1тоннада неше кг бар? 1000кг7. 1тоннада неше центнер бар? 10цкм, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)Қандай өлшем бірліктері?- км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері- т, ц, - бұлар салмақ өлшем бірліктері.Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг)Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
1-мысал. Ұзындықтың өлшем бірліктерін есіңе түсір.
1м=
1м=
1 дм=
2-мысал. Массаның өлшем бірліктерін есіңе түсір.
1т=
1т=
1ц=
3-мысал. Уақыттың өлшем бірліктерін есіңе түсір.
1жыл=12ай
1жыл=365не 366 күн
1тәул.=24 сағ
1сағ.=60 мин
1мин=60с
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Сергіту сәті Қоян шықты далаға,Жан-жағына қарады.Секірді, жүгірді,Отырды, тұрды. Оқушылар сергіп алады
Ой толғаныс 4-мысал. Бөшкені сумен қалай толтыруға болады? 3 тәсіл ұсын.
(1л, 3л, 5л, 8л)
Үй тапсырмасы 5-мысал (17-бет) Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Базарова
Пәні: әдебиеттік оқу Уақыты:09.09.2016 ж Сыныбы: 3 «А» Мұғалім: Шотаева Баян
Сабақтың атауы Міржақып Дулатов. Қырдан келген жас қазақ
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Мақсатымен міндеттер: Міржақып Дулатовтың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Шоқан Уәлиханов портреті.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту 1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Шоқан туралы не білесің? Берілген суреттерді пайдаланып, Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеле.(Шоқан Омбыдағы қадет корпусында оқыған.)
Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Ғалым, саяхатшы
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгін Міржқып Дулатовтың «Қырдан келген жас қазақ » мәтінді оқимыз.
Оқулық бойынша жұмыс 19-20 бет «Қырдан келген жас қазақ»- мәтін
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
148590-1686560азат жолмен оқу
мәтінде кім туралы айтылған?
Сұрақтар бойынша жұмыс:
-Мәтіннен ашық жасыл түспен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқы. Осы сөздерге сүйеніп, Шоқанның іс-әрекеті, қызметі туралы әңгімеле.
-Көкшіл түспен боялған кісі аттарын білесің бе?
Жаңа білімді бекіту:
-Күннің суретін ал. Ортасына Шоқан деп жаз. Әрбір сәулесіне мәтіннен қызыл түспен жазылған сөздерді жаз. Күнге тағы қандай сәулелер қосар едің?
зерек
ақ жүрек

ұлтын сүйюші
ақылдылығы
Сергіту сәті Ой толғаныс Үйге тапсырма М.Дулатов Қырдан келген жас қазақ (мазмұндау) Күнделіктеріне жазады.
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады