С?здерді? жуан, жі?ішке айтылуы.


Арқалық қаласы
Целинный негізгі мектебі Хамзина АйманКубландиновна
Aiman_ 67 kz @bk.ru
Шағын комплекттік 2-4 сыныптар
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: сөздердің жуан, жіңішке айтылуына мысалдар келтіріп, түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың тілін, ой-өрісін, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: ой қозғау, талдау, іздену, топтау, салыстыру. Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері, ойынға қажетті құралдар.
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім.
Бағдарлау-мотивациялық кезең.
1 тапсырма.
Тақтада үй жануарларының суреттері мен тірек сөздер. Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді тауып,суреттерді мазмұнына қарай сөздермен сәйкестендіріп айту.
Мысалы: қой маңырайды.
2 тапсырма. Өқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып, сөздерді жуан, жіңішке болып айтылуына қарай ажырату.
Ойтұжырым
Дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып бөлінеді.Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады: әлем,дәптер,немере.
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады:қалам,адам,қозы.


ІІ. Сараланған бөлім.
Операциялық- орындаушылық кезең.
«Өзіндік жұмыс».
2 сынып. 3-тапсырма. Буындардан сөз құрап жазу. Үлгі: қам-шы, бал-та.
қам қа тер бал бу шық ұр
та дәп сық шы ын та қау
ба на ой ла лық сый гүл
дос тық тар пен лы дер уық

4 сынып.
3-тапсырма. Фигурадағы сөздерден «Достық» тақырыбына 5 сөз тауып, сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.
4-тапсырма. Сөздерге жалғанған қосымшалар неліктен жуан, неліктен жіңішке екенін дәлелдеу.
Құрдас+тар, гүл+дер, қам+шы, дос+тар, тәуел+ді, тапқыр+лық, жиен+дер,гүл+дей+ді ІІІ. Сергіту сәті. Ойын: «Кім шапшаң?»
ІҮ. Кіріктірілген бөлім.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
Тест тапсырмалары:
2 сынып.
1.Жуан айтылатын сөзді табыңдар:
а) көру ә) айту б) есту в) сөйлеу
2.Жіңішке айтылатын сөзді табыңдар:
а) айтылым ә) тыңдалым б) оқылым в) тілдесім
3. Жуан дауысты дыбыстардың қатарын табыңдар.
а) е,у,ө ә) а,е,и б) ә,ы,о в) а,ы,о
4. Жіңішке дауыстылар қатарын көрсетіңдер.
а) е,і,и ә) и,о,ө б) ә,а,ұ в) ү,ы,і
4 сынып.
Жуан дауысты жалғауларды белгілендер.
а) –ге, -ке ә) –ден, -тен б) –лер, -тер в) –ға, -қа
2. Берілген дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр.
а) Ойынды да бірге ойнайды, сыныпта да бір ... отырады.
Жауабы: қатарда, жерде, партада, столда.
ә) Қосымшалар ... сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғанады.
Жауабы: біріккен, қос, жай, түбір
Ү. Бағалау. Үйге тапсырма.