?аза? тілінен саба? жоспары: Мені? досым


Сабақ: «Менің досым» Мектеп: Долинск ЖОББМ
Күні: 2-тоқсан Мұғалім: Ихсанова Гулмира
Сынып: 1-сынып Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну;
1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру;
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары: Барлығы: Өзінің досы туралы айта алады (оның атын, неше жаста екенін, оның нешінші сыныпта оқитынын, оның қандай екенін)
Көбі: Тыңдаған ақпаратты түсінеді, достары туралы сұрақтар қоя алады, өзара достары туралы сөйлесе алады.
Кейбірі: Өздерінің достары туралы қосымша ақпарат бере алады.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері Оқыту ресурстары
Басы «Мен сені жақсы көремін» психологиялық дайындық
-Оқушылар, барлығымыз ортаға шығып, қолымыздан ұстайық. Бір-бірімізге «Мен сені жақсы көремін» деп айтып, қолымыздан қысайық.
-Жарайсыңдар, достар әрдайым осылай бір-біріне жақсы көретіндіктерін айтып жүрулері керек.
Сабақ мақсатымен таныстыру. Сабақтың ортасы: -Бүгінгі сендердің танысатын жаңа сөздерің – «дос» сөзі.
Дос – друг - friend
1-тапсырма: «Құнды қасиетті беру» (Оқушылар баяу музыка ырғағымен қорапты айналып жүреді, әуен тоқтағанда кім қорапты ұстап тұрса, сол қорап ішіндегі тапсырманы орындайды).

2-тапсырма: Тыңда, Қайтала.
-Мынау – менің досым. Оның аты – Юра. Ол – жақсы.
3-тапсырма: «Мен жақсы көремін» ойыны
-Оқушылар қазір бір-бірімзге доп лақтырамыз. Кім допты ұстайды, сол өзінің кімді жақсы көретінін айтады. Мыс: Мен анамды жақсы көремін. Мен әжемді жақсы көремін, т.б.
Сергіту сәті
4-тапсырма: «Түспен ажырату» ойыны
(Оқушылар өзінің досының суретін салады. Ол суретті белгілі бір түске бояп, мінездеме береді.)Қызыл – әдемі – красивый
Сары – мейірімді – добрый
Ақ – адал – честный
Көк – жақсы – хороший
Жасыл – күшті – сильный

5-тапсырма: (Ж). Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген диалог арқылы достары туралы сөйлеседі.
-Бұл кім?
-Бұл менің досым.
-Оның аты кім?
-Оның аты – Ақылбне.
-Ол неше жаста?
-Ол алты жаста.
-Ол нешінші сыныпта оқиды?
-Ол бірінші сыныпта оқиды.
-Ол қандай?
-Ол жақсы.
6-тапсырма: Дәптермен жұмыс
Тапсырмалар салынған қорап
доп
Түрлі-түсті адам бейнеленген А4 форматты қағаз
№1 жұмыс дәптері
Сабақтың соңы: Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі
Қызыл, сары, көк түсті дөңгелек қағаздар
Қосымша ақпарат: Кері байланыс: Пәнаралық байланыс:
Орыс тілі, бейнелеу өнері, ағылшын тілі
Рефлексия: Қорытынды бағалау: Ең жақсы өткен екі әрекет:
1.
2.
Қандай әрекет жақсы өтуге ықпалын тигізуші еді:
Әже
Әпке
Аға
Ана
Әке
Ата
Мынау менің
Мынау менің
Мынау менің
Мынау менің
Менің әдемі.
Менің күшті.
Менің ақылды.
Менің жақсы.