Конспект урока по казахскому языку для 2 класса на тему Мені? досым


Сабақтың тақырыбы Менің досым.
Сілтемелер2- сынып оқулығы «Алматыкітап баспасы», 2013ж, интернет ресурстары, «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы – 2013ж
Жалпы мақсаты:
а) «Менің досым» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, пысықтау.
б) Оқушылардың сөздік қорларын молайтып,байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.
в) Өзара сыйластыққа,татулыққа тәрбиелеу,оқушылар арасындағы ынтымақ, бірлік, ұжымдық сезімдерді кеңейту.
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:
Өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар топта ынтымақтаса жұмыс істейді.
Бір-бірін дұрыс түсінуге, сыйлауға ынталанады.
Сабақтың түрі:
Сабақтың технологиясы:
Сабақ беру тәсілдері:
 Қорытынды сабақ.
АКТ, СТО
Әңгімелеу, топпен жұмыс,диалогты оқыту,салыстыру.
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:
Музыка әуенімен оқушылар сыныпқа кіріп, орындықтарының қасына тұрады.
Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қоршаған ортамен, қонақтармен амандасайықшы.
Сабаққа психологиялық тренинг
-Сәлеметсіз бе, күннің көзі!
-Сәлеметсіз бе, аспан!
-Сәлеметсіз бе,жер-ана!
-Сәлеметсіз бе, қонақтар!
-Сәлеметсің бе, сен!
-Сәлеметсің бе, мен!
2. Сабақтың ережелерін еске салу.
1-ереже: Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!
2-ереже: Сабақта тақырып бойынша сөйлейміз!
3-ереже: Сабақта жақсы баға аламыз!
Қызығушылықты ояту.
Сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері көрсетіледі. Не туралы екенін еске түсіреді.
-Балалар, не туралы?
- Кімдердің достығы?
Мұғалім: Бүгін сабақта біз достық туралы әңгімелесеміз. «Менің досым» модулін қайталаймыз.
Сұрақ-жауап
-Балалар, біз қандай баламыз?
- Біз бақытты, ақылды баламыз.
- Сендерге дос керек пе?
- Иә, керек.
- Дима, сенің досың бар ма?
- Карен , сенің досың бар ма?
Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.
«Жақсы достар» әңгімесі бойынша сұрақ-жауап
Сергіту сәті «Шырша»
«Менің досым» модулі бойынша өткен сөздерді қайталай отыра , 3 топқа бөлінеді. (Стикер таратылады)
Топ тапсырмалары
1-топ
«Менің досым» тақырыбы бойынша диалог құру.
2-топ
Сурет бойынша сөйлем құра
3-топ
«Мен досыма не сыйлаймын? сурет салу.
( әр топ жұмыстарын қорғайды)
Ақпарат көздері, құралдар мен жабдықтар:
Қағаз, қалам, және т.б.
АКТ, суреттер, үнтаспа.
Cабақты қорытындылау.
 Балалар, дос қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

ДОС
Үй тапсырмасы
Бағалау
Рефлексия «Дос» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
Үш түсті жетон арқылы бағалайды.
Солтүстік Қазақстан облысы
«БЭСТ» гимназиясы


Менің досым
(ЖАС МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ)
2 «А» сынып

Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
ll санат
Нұрмағамбетова Қымбат
Жамбырбайқызы
Петропавл қаласы
2013 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы
«БЭСТ» гимназиясы


Менің досым
(ЖАС МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ)
2 «А» сынып

Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
ll санат
Нұрмағамбетова Қымбат
Жамбырбайқызы
Петропавл қаласы
2013 жыл