Саба? С?йлесе білу де ?нер 5-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Сөйлесе білу де өнер»
ppt_yppt_yppt_y
ppt_yppt_yppt_y Тыныштық сәтi. Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенінді елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқандай сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ..... (тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.Ал, енді сыныптың бөлмесіне ораламыз. Жаймен көзімізді ашамыз.Сізге «тыныштық мезеті» ұнады ма?Қазір көңіл-күйлерің қалай? Оқулықтағы сөйлеу әдептерін оқып келу тапсырылған болатын.Адамдармен қалай тіл табысуға болады?Бейтаным адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар?Жақындарың мен достарың сені түсіне ме?Үй тапсырмасын тексеру. Әңгiмелеу (сұхбат). «Не айтарыңды ойлап ал» атты үнді аңызын оқиық.Данышпан әйелге қандай тәлім берді?Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?Неліктен біреу туралы ғайбат сөз айтуға болмайды? Дәйек сөз. Сөз қадірін білмеген -өз қадірін білмейді. Халық мақалы. Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Шығармашылық жұмыс. Оқулықтағы нақыл сөздердің мағынасын ашып түсіну. Топпен ән айту.«Адамдар бар жөн жосықсыз сөзге құмар» Қ.Нақысбеков Үй тапсырмасы. И.Тоқаштың «Уәдешіл Алтай» атты әңгімесін оқып келу. Бағалау. Қорытындылау. «Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді»,-деп халық мақалында айтқандай не айтатынымызды ойланып сөйлесек,сөз қадірінде,өз қадірімізді де білетін боламыз.