Мені? елім! т?рбие са?аты сайыс т?рінде


Тақырыбы: Менің елім
Мақсаты: 1. Білімділігі: «Менің елім» тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен іздену, жұмыстану қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұтымды, дәл жауап беруге баулу.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды сабақ барысында ата - дәстүрімізді құрметтей білуге, сүюге, адамгершілікке, шешендікке, өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, сөз құдіретін тани білуге тәрбиелеу.Түрі: сайыс.
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Слайд, , Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Ту, Елтаңба, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мемлекеттік рәміздер, интерактивтік тақта.Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.Мемлекеттік әнұран орындалады.Құрметті, қадірменді оқушылар, бүгін біз « Менің елім » атты тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған сайысымызды өткіземіз.Бүгінгі сайысты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастаймын:Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,Мен оның қасиетті тілін сүйем,Мен оның құдіретті үнін сүйем, деп
Гимн орындалады.
-Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қандай батырларды білесіңдер?
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Сондықтан да біз ана тілімізге деген сезімімізді шешендік сөздер мен тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз..Сүйемін туған тілді анам тілін,Бесікте жатқанымда - ақ берген білім,Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, сол ана тілімізге деген қошаметімізді жарыс арқылы көрсетейік. Сайыс 7 - кезеңнен тұрады.Ойынымыздың кезеңдерімен танысайық.1 - айналым. «1. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру)2 - айналым. «Сырлы суреттер » Бұл бөлімде алдарыңызға берілген кескіндерді құрастыру керек3 - айналым. «Cөз құрастыру» Бұл айналымда топ басшыларына тапсырма беріледі.Сөз құрастыру «Тәуелсіздік, Егемендік4 -айналым. «Үй тапсырмасы» сөзжұмбақ шешу5 - айналым. «Шеберлік минуты» өз өнерлерін ортаға салу6 - айналым. «Полиглот» викторина сайысы .7 - айналым. «Мақал – мәтелдер – сөздің мәйегі.«Сөз тапқанға қолқа жоқ».Сөзіне қарап кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма.Шын сөз қайсысы біле алмай,Әр нәрседен құр қалма. (Абай ) атамыз айтқандай.2 - кезең. Сырлы суреттер. Бұл бөлімде алдарыңызға берілген кескіндерді құрастыру керек.
3 - айналым. «Сөз құрастыру» капитандар сайысы.«Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз.«Бесбармақ»- бармақ, бес, бар, ар, ақ, ес, мас, ас, бақ, бер. «Егемендік» - Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, демі,енді.«Қуырдақ»- қуыр, уыр, ақ, қыр, қу, ыр, дақ, арық, уақ, ардақ, ар, қу4 - кезең. Үй тапсырмасы. Сөзжұмбақ құрастыру
5- айналым. «Шеберлік минуты» өз өнерлерін ортаға салу6 - кезең. «Полиглот». сайысы.викторина сұрақтары
I топ сұрақтары: 1. ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады? ( 1991 ж 16 желтоқсан) 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров) 3. Абайдың анасының есімі (Ұлжан) 4. Ы.Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады? (Кел, балалар, оқылық) 5. Әнұранның авторлары кімдер? (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.әні: Ш.Қалдаяқов)1.   Тәуелсіздік үшін күрескен батыр кім? (Қайрат)
2.   Қазақстанның елордасы қай қала? (Астана)
3.   Қазақстанның елбасы кім? (Назарбаев)
4.   Қазақстан қай құрлықта орналасқан?( Еуразия)
5.   Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі? (қазақ)
6.   Қазақстанның рухани астанасы қай қала?(Түркістан)
7.   Қазақстанның ұлттық валютасы не? (Теңге)
8.   Қазақстанның көршілерінің бірі?(Қытай)
9.   Қазақстан неге бай? (Мұнай)
10. Қазақ халқының ең ірі хандары кімдер?
II топ сұрақтары: 1. ҚР Рәміздерін атаңдар (Мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту, Әнұран )2. Қазақтың жүз жас жасаған ақыны кім? (Жамбыл Жабаев) 3. Елтаңбаның авторы кім? (Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков) 4. Ұя салмайтын құс? (көкек)5. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845 ж) 6. Қазақтың атақты үш биін атаңдар? (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би) 7. Аяғын жаңа басып жүрген балаға жасалатын қазақ халқының салт – дәстүрі (тұсау кесу) 
Шешендіктің сәні жоқ,Сөзіне сүттей ел үйып,Қолтығына ел сыйып,Басына бақыт қонбаса.7 - Кезең. «Мақал - мәтел - сөздің мәйегі».1. Туған жердей жер болмас,(туған елдей ел болмас).2. Туған жер - (алтын бесік).3. Батыр ел үшін туады,(ел үшін өледі.).4. Отан үшін отқа түс,(күймейсің).5. Отан оттан да (ыстық).6. Отансыз адам -(ормансыз бұлбұл).7. Бейбіт елде,(береке бар).Қазақстан – елім менің,Қазақстан – жерім менің,Саған арнап айтыладыСүйікті әнім менің.Хор:  Ән айту    «Атамекен» Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау. Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,Көк туымды қалайша құлатармын.Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,Бәріміз баласындай бір атаның.Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.Халқымның ахуалы дұрыс болсын Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек.Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.Туған тілді білу парыз.Туған жерді сүю парыз.Отанды қорғау парыз.     Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Менің Елім» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көп-көп рахмет!