Т?рбие са?аты: Мені? елім ?аза?стан!!


Менің елім - ҚазақстанымТақырыбы: «Менің елім  - Қазақстаным»Мақсаты:Балаларға біздің Республика күні жөнінде түсінік беру. Ол неге аталып өтіледі? Оның қандай рәміздері бар? Ол бізге неге ыстық?Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.Тәрбиелік  іс-әрекеттің көрнекілігі:   Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар,интерактивті тақта.Сынып  тақтасында тақырып пен Желтоқсан құрбандарының суреттер.Олардың астында гүл шоқтары.Блингвалдық сыңары: Менің Қазақстаным-Мой Казахстан, Отан-Родина.Іс-әрекет кезеңдеріКелген қонақтармен амандасуАмандасу үлкенгеТәрбиенің басы ғойАл,кәнекей бәрімізСәлем дейік үлкенге,Сәләмәтсіздер ме апайлар!Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.Біз Қазақтың баласыДені сау салауаттыБіз-ұлттың болашағыБілімді де сауаттыТәрбиеші: Құрметті ата аналар, қонақтар! 16-желтоқсан Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай даярлық тобымызбен ертеңгілік даярлап отырмыз. Барлығыңызды мерекеңізбен құттықтаймын! Кішкене бөбектеріміз сіздерді қуанта берсін! Еліміз тыныш ,дендеріміз сау, аспанымыз ашық болсын!Бұл мереке салтанатты болғандықтан еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!Әнұран айту. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)Балалар біздің ұлтымыз кім?ҚазақБалалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?Қазақстан Республикасы.Қазақстан қандай мемлекет ?Егеменді,тәуелсіз  мемлекет.Елбасымыз кім?Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Елорда бас қаламыз қай қала?Астана қаласы.Ал өзіміз қандай қаланың жанында тұрамыз?Орал қаласы.Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?Татар,өзбек,корей,шешен,қырғыз,орыс т.бОлармен біз қалай тұрамыз?Тату тұрамыз.Ал бүгінгі өткізіп жатқан шарамыз  қандай мерекеге арналып жатыр?.Қазақстанның тәуелсіздік алған күнінеДұрыс балалар өте жақсы жауаптар бердіңдер. 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күні. Ол күнді біздер ерекше қуанышпен тойлаймыз. Ал ос тәелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауаптары)
Балалар Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік  мағынасы  зор, тамыры  терең  ұғым. Оған   миллиондаған адамдарын  құрбандыққа шала  отырып қол жеткізеді.Қазақстан  тәуелсіздікке қалай қол  жеткізгенін көру  үшін  тарихқа  көз  жүгіртейік.Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.27 жыл бұрын Қазақ елі Ресейге бағынышты болды. Елімізде Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев атамыз бірінші секретарь болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастадыОған  Алматыда бір топ жастар қарсы болып,, Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға шыққанДемонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Тәуелсіздік  аңсаған жастар ұлттың намыс  құдіретін дүние жүзіне  танытқан бұл  оқиғаның  құрбандары  болған  Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова,  Е.Сыпатаевтардың  жүректі  үні, ел  намысын  қорғаған ерліктері  мәңгі  өшпейді. 1 минут үнсіздікпен еске алуОсыдан 5 жыл өткесін 1991 жылы 16 желтоқсан күні -        «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы қабылданды.   Осы күні Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Міне балалар бұ біздің қысқа ғана тарихымыз. Жоғары сыныптарға барған сайын елімізді өткені туралы әлі де көп біліп,үйренесіңдер.Ал енді айтыңдаршы Егемендігіміздің белгісі нелер?Рәміздеріміз. Ту ,Елтаңба,Әнұран.Ендеше Өзңмңз жаттаған тақпақтарымызды ,дайындаған Әндерімізді Тәуелсіздік мерексіне шашу етіп шашайық.Арина Тудың түсі көгілдір. Ортасында күн. Күннің астында қыран құс. Оң жағында қазақтың ою-өрнегі. Мемлекеттік тудың авторы--- Шәкен Ниязбеков. Ту туралы тақпақты Сұлтан айтады.Айнымайды   аспаннанБіздің тудың бояуыОны халық қашандаБиікке іліп қояды. Аяулым. Елтаңбаның ортасында шаңырақ. Екі жағында тұлпар,жоғарғы жағында жұлдыз,астында «Қазақстан» деп жазылған. Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков. Шота УалихановЕлтаңба туралы Айша айтып береді.Құтты береке шаңырақОрын алған ол төрденҚанатты қос арғымақЕкі жақтан көмкерген. Әнұран туралы Бекзат айтадыБарша халық таныған                       Біздің үміт, тілекті.                            Шырқалғанда әнұран   Шаттық кернер жүректі                         Нұргүл Елтаңбамыз ажарлы              Әнұранымыз әуенді            Асқақ бола түссін!             Елдігіміздің белгісі – 
 
Хор: «Нұр аға»7.АрдақОн алтыншы желтоқсанТәуелсіздік алған күн!Ерекше боп мәңгілік,Ел жадында қалған күн! 
8.АйымЖасай берсін Ұлы күн,Үміті боп елінің.Ақ күні боп баланың, Шаттығы боп атаның  Ән: «Мен ауылға барамын» 9. ЭльмираОн алтыншы желтоқсан-Елдің ұлы мейрамы.Жаңа шыққан көктемдей,Жаз күніндей жайдары10. МейрамбекАрымыздай тап-таза,Жанымыздай шуақты.Көтерілді биікке,Қазақстан байрағы.
Ән: «Достар»
11. СаянаЕстісін ел үніңді Дүние түгел естісінТәуелсіздік туыңды,Биік ұста бүлдіршін 
12. МирасЗеңгір аспан көгілдірАлтын күні төрінде.Тамылжытып төгіп тұр,Шаттық сыйлар көңілге 
13. Айрика       Өзіңдікі еліңде,      Өзіңдікі Жерің де,      Өзіңдікі өзің еткен бақ,      Тәуелсіздік төрінде.
Ән: «Болайықшы осындай»
14. Ақбота      Өзіңдікі Туың да,      От пен ауа,суың да      Жаса Қазақстаным       Белді бекем буын да. 
15. АружанСәнді бізің мектебімізЖасыл желек көшемізАясында Отанның,Асыр салып өсеміз             Ән:»Санамақ» Балалар бәріміз бірігіп Отан туралы тақпағымызды айтайықОтан деген-атамекен,           Отан деген-туған жер.Отан-ана, Отан-үлкен, Қазақстан-туған елОйын «Киіз үй»Дөңгелене тұрамызКерегені құрамызУықтар боп иіліпШаңыраққа киіліп,Киіз үйді тігемізЕліміздің аспаны ашық болсын!Жерімізде гүлдер көп болсын! (Гүлді шашу)Ал балалар гүлден шашу шаштық енді осы гүлдерді бір бірден алып Отанымыз туралы мақал айтайық.(Әр бала өз мақалдарын айтады)Хор  «Біз өмірдің гүліміз»Хормен:  Жақсыдан үйренейік   Жаманнан жиренейікЕліміздің ең ақылды,ең білімді,ең бақытты азаматы болайықБалалар жарайсыңдар! Өздерің Отандарыңды қалай сүйетіндеріңді дәлелдеп бердіңдер! Осылай еліміз,жеріміз гүлдеп ,жайнай берсін!
 Арина«Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл»Аяулым«Туған жерге туынды тік» Сұлтан «Опасызда Отан жоқ» Айша«Туған жердің қадірін?        Шетте жүрсең білесің» Ардақ«Отанды сүю- отбасынан басталады.»Айым«Отаның берік болса, жауың алмайды.» Эльмира«Туған жердің ауасы да шипа».Мейрамбек «Ер жігіт ел үшін туады,Ел үшін өледі» Саяна  «Батыр туса – ел ырысыЖаңбыр жауса – жер ырысы»Мирас«Отан- Оттан да ыстық»Бекзат Ел іші-алтын бесік»Нұргүл«Отан- елдің анасы, Ел- ердің анасы»Айрика«Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.»Ақбота«Опасызда отан жоқ.»Аружан«Отаның тыныш — сен тыныш»