Мені? т???ыш Елбасым ерте?гілік (Балаба?ша)


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Оқу қызметі: көркем әдебиет, тіл дамыту, сурет.
Тақырыбы: «Менің тұңғыш Елбасым»
Мақсаты: Балаға елбасы туралы толық мағұлмат беру, өз еліне, туған жеріне, елбасына деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу. Жас ұрпақты Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Еласының суреттері, рәміздердің суреттері, Елбасымыз туралы слайд-шоу.
Билингвалды компанент: Отан-Родина, Ту-флаг, Астана-Столица, Елтаңба-герб
Елбасы-Президент, Әнұран-гимн
Іс- әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру ізденістік
Рефлекивті түзетушілік Шаттық шеңбері
Алақанға салып, алақан,
Шеңберге бірге тұрайық
Жер шарындай айналып,
Жарық күнге ұқсайық.
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық.
Жиналған жылы күн нұрын,
Қонақтарға шашайық.
Бүгінгі ашық ұйымдастырған оқу іс-әрекетіміз тұңғыш елбасы күніне орай “Менің тұңғыш Елбасым” деп аталады.
Ой қозғау:
-Біз қай елде тұрамыз?
-Елордамыз қай қала?
-Елбасымыз кім?
-Рәміздерімізді білесіңдер ме?
-Қане, атап көрейікші?
-Өзіміздің тұратын қаламыз туған жеріміз қалай аталады?
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
1940жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Кішкентай кезінен бастап қиыншылықтарды бастан кешірген. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қарлы боранға, қара суыққа қарамастан, таң қараңғысында қатынап оқыған. Мектепте озат оқушы, болған. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанды құрмет тұтқан.Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, мақсатына жететінін біз осы елбасымыздың жасап жатқан айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.
1991жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев президент болып сайланды. Ал 1992жылғы 4 маусымда Қ.Р рәміздері бекітіледі. (Ту, Елтаңба,Әнұран).
Отанымыз жүректе
Оған ұлан шын сай біз
Қолды қойып жүрекке,
Әнұранды шырқаймыз.
Әнұран орындау
Қане, еласымыз туралы кім қандай тақпақтар біледі екен?
Тақпақтар
1-бала: ШахмарданАуыр күнді артымызға тастауы,Қиын сәтте қиындықтан қашпады,
Елбасымыз Нурағаның бастауы.
2-бала: Сүйінбай
Көсіле шабар жерім бар,
Тау котерген елім бар,
Қол бастайтын ерім бар.
3-бала: Саян
Биіктей бер Нұраға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
4-бала: Арай
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан-байтақ жеріміз.
Туған елін, жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Билинвалды компанент:(қос тілді компанент)
Отан-Родина
Астана-Столица
Елбасы-Президент
Ту-Флаг
Елтаңба-Герб
Әнұран-Гимн.
Елбасымыз өз халқына арналған жолдауының бірінде «Бір халық» -бұл барлығымыз үшін ортақ мүдделер. «Бір ел»- бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр»-бұл біз бірге жүріп өткен қиыншылықтар мен жеңістер деп атап көрсетті.
Олай болса «Астана» деп аталатын сөзжұмбағымызды шешейік.
1.Қай елде тұрамыз?
2.Елбасымыз кім?
3.Рәміздің біреуі?
4.Рәміздің біреуі?
5.Рәміздің біреуі?
6.Апорт алма қай қалада өседі?
Сергіту сәті:
«Сен білесің бе?» видеоролик көрсету.
Қазақстанда 14 облыс бар. Сол облыстарымыздың бірнешеуіне тоқталып өтейік
1.Алматы: Айша
Апорт деген алма бар,
Алматы оның отаны
Ондай алма қайда бар,
Жерді жарған атағы.
-Алматы да не өседі?
-Қандай алма?
-Апортты кім егеді?
2.Қызылорда: Жазира
Ерте тұрып ақ таңнан,
Қара жерге нәр құйған
Айналаиын диханнан,
Күріш егіп,дән жиған.
-Қызылорда да не өседі?
-Күрішті кім егеді?
3.Семей: Азиз
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.
-Бұл кімнің сөзі?
-Абай қайда туған?
-Абай кім?
4.Ақтау: Мағжан
Аузы бар, тілі жоқ
Терісі бар, түгі жоқ
Қанаты бар ұшпайды
Су астында қыстайды.
-Бұл өлең не туралы айтылған?
-Балық қайда мекендейді?
-Балық өсіретін адамды не дейміз?
Қане, балалар енді өнер орталығына жиналайық. Біз бүгін өз туымыздың суретін бояп шыгарамыз.
-Тудың түсі қандай?
-Ортасында ненің суреті бейнеленген?
-Күннің түсі қандай?
Бірлігі жарасқан кең байтақ жеріміз бар. Міне сондықтан біздің еліміз көп ұлтты, ынтымағы жарасқан, тату халықпыз.
Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, бүлдіршіндер. Олай болса оқу іс-әрекетіміздің соңында «Еліміздің иесі» ән шумақты орындайық.
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз кім туралы болды?
Балаларды мақтау. Оқу қызметін аяқтау.
Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарының мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Балалар орындарына отырады.
Сұрақтарға жауап береді:
Қазақстан
Астана
Н.Ә.Назарбаев
Иә
Ту,Елтаңба,Әнұран
Қызылорда қаласы, Қарауылтобе ауылы.
Тәриешінің түсініктемесін мұқият тыңдайды.
Слайд көрсетіледі.
Суреттерін көрсету.
Хормен айтады.
Слайд көрсетіледі.
Балалар орындарынан тұрып, Әнұранды орындайды.
Тақпақтар айтады.
Хормен қайталайды.
Жолдаудан үзінді айтылады.
Сұрақтарға жауап беру арқылы сөз жұмбақты шешеді.
Тақпақтар айтады.
Алма
Апорт
Бағбан
Күріш
Диханшы
Абай
Семейде
Ақын
Балық
Суда
Балықшы
Балалар өз орындарына жайғасады.
Көк
Күн
Сары
«Елдің тұтқасы елбасы» деп слаид көрсетіледі.
Сұрақтарға жауап береді.