Эссе Педагогикалы? эссе ?стазды? еткен жалы?пас


Эссе
Ізгілік құндылықтарда өз орнын алады, себебі жақсылық жасау әр адамның міндеті.Ізгілік ол шыншылдық махаббат сүйіспеншілік рухани адамгершілік, ибалық, имандық, мәдениеттілік.Өмірде дұрыс әрекет жасасаң шындыққа көз жеткізесің, ақиқатын білсең, адамдарға сүйіспеншілікпен қарап, қиянат жасамасаң рухани адамгершілігі мол ізгі адам боласың.
Адам бойында ізгілікке талпыну тумысынан болады.Осы талпынысты жетілдіріп жас кезінен дұрыс жол көрсете білетін бірден бір тұлға - мұғалім.Ақ парақтай кіршіксіз жас жеткіншекті қолынан жетелеген мұғалімнің алдында үлкен бір даңғыл жол тұрады.Шәкірттерін жетектеген әр ұстаз осы жолда табандылықпен,еңбекқорлықпен ізденіспен жетелей отырып шыңдарға шығаруы да ,бір бұрышта қалдырып кетуі де немесе байқаусызда құздан құлатып алуы да мүмкін.Осы ізденіс жолында жүрген ұстаздар оқушыға тек жақсы азамат болудың жолын сілтеп қана қоймай,өзі жақсы азаматтың үлгісі бола алуы шарт.«Жақсы болу керек »деген ұғым сол жағыдайда ғана әсерлі ,құнды болмақ.Біз ұстаздар оқушының алдында жүрісімізбен,сөйлеген сөзімізбен,тіпті қарым-қатынас жасай білу қабілетіміз арқылы оларға өмірді үйретеміз.Бала үлкеннің ондай бол,мұндай бол деген сөзінен емес,жасаған ісінен үйренеді.
Кеңестік саясат кезінде тәрбиеленген ұрпақтар, бұл күнде егде жасқа келген аталарымыз,ағаларымыз қалай тәрбиеленді?
Олардың тәрбиесіндегі отансүйгіштік пен рухани мықтылық,тәрті қабылдау өте керемет қалыптасқан.Бәлкім ол кезде ұлттық рух,бәсекелестік ұғымдары айтарлықтай маңызға ие болмаған шығар.Мұның өзі сол кездің талаптарына жауап бере алған мәселе болған.
Ал бүгінгі заман талабы мұғалімнен нені талап етеді?Бүгінгі таңда мұғалімдерді қандай құндылықтармен бағалайды?
Осы сұраққа жауап іздер болсақ, ең алдымен қоғамға қандай азамат,қандай ұрпақ керек,біздің еліміз қандай тұстан ақсап жатыр деген мәселеге тоқталамыз.
Қазақстан тәуелсіздік алғанына 20 жылдан асты,елдігімізді алдық,тәуелсіздікке тән барлық сипатқа ие болдық,тіпті елді аузына қаратқан Астанамыз да бар.Жер асты,үсті байлығымыз да жетерлік.Бірақ осы байлықты танып,оны тиімді пайда көзіне айналдыратын,өз еліміздің игілігі үшін жаратанындай,әр нәрсенің бертеңін болжай алатындай стратегия жасай алатын азаматтар жетпейтін сияқты.Көп нәрселерді шет елден үлгі ретінде аламыз,тіпті теледидардағы әр бағдарлама өзге елдің үлгісінен алынады .Неге бізге өзіміз жасамасқа,осының себебі қазақ балаларының ой ұшқырлығының,бастамашылдығының,еңбекқорлығының жетіспеуінде шығар.
Қабілеті жоқ адам болмайды деген қағидаға сүйенсек,мүмкін адам қабілетін бала кезінен танып,оған дұрыс жол көрсетіп Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың тілімен айтқанда шырағын жаға алу мұғалімнің міндеті.
Мұалімге артылған міндеттің салмақтылығын білгендіктен де билік тарапынан қолдаулар жыл сайын артуда.Мұғалімнің әл ауқатын,физикалық факторын қанағаттандыру үшін жалақысын көбейтіп,ынталандыру шаралары да жасалуда.Әдіс-тәсілдерді жетілдіру үшін түрлі курстарға тегін жіберілуде.Соңғы төрт жылдан бері Қазақстанның түкпір түкпірінде ұстаздарды Кембридж университетімен бірлесе дайындаған үш айлық деңгейлік біліктілік курстарынан өткізуде.
Мен өзім де жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздардың бірі ретінде осы курстың екінші деңгейі бойынша біліктіліктен өттім.Курста біліктілігімді жетілдіру арқылы мен заман талабы мұғалімнен нені қалайтынын айқындап,өзіме артылған міндеттің салмақтай түскенін сезіндім.Жаңа леппен мектепке келген соң осы міндеттерімді жүзеге асыру үшін жоспарлы түрде жұмыстар атқарудамын.Барлығы сәтті болды десем өтірік болады.Кедергілерге көптеп кездестім.Бірақ уақыт өте байқағаным,әріптестерімнің,оқушылардың жаңа жүйеге көше бастауы,үйрене бастауында аз да болса менің үлесім де бар деп білем. Мектеп үшін оқушы үшін ,болашақ үшін теңізге құйған тамшыдай бір ізгілікті іс жасай алсам ,сол ісім еленіп жатса, мені ерекше қуанышқа бөлеп,өз кәсібімде ынтамның артуына септігін тигізеді.
Әр сабағысда оқушыны өмірдің даңғыл жолында сабақ боларлық тәлім мен азық боларлық білім,болашаққа үлестіре алар мұра бере алсам,менің өз жолымнан адспағаным.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Мырзағали Нұргүл