?стазды? еткен жалы?пас, ?йретуден балага! ма?ала


Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
Әбдіқожаева Күмісай 1954 жылы тамыз айында Талап савхозының № 3 бөлімшесінде дүниеге келген . 1962 жылы осы бөлімшедегі сегіз жылдық мектептің 1 сыныбына қабылданып онда алтыншы сыныпқа дейін оқыған.1968 жылы қоныс аударуына байланысты Түгіскен совхозындағы №209 орта мектептің 7 сыныбынан бастап оқып, оны 1972 жылы бітіріп шыққан.Бір жылдай өндірісте жұмыс жасап , 1973 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы институтытының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиет бөліміне оқуға түсіп , оны 1977 жылы бітіріп шыққан. Осы жылдан бастап 1994 -ші жылға дейін № 209 орта мектепте бастауыштарға және қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. Ал, 1994 жылдан бастап № 256 орта мектепте өз мамандығы бойынша жұмыс жасаған.
Жалпы пед. стажы -36 жыл.
Әбдіқожаева Күмісай орта буын және жоғары сыныптарына сабақ беріп өз мамандығын жетік меңгерген тәжірбиелі мұғалім.
Ол әрбір сабаққа мұқият дайындалып, оқытудың озық әдістері мен педагогика ғылымының жетістіктерін ұтымды пайдалана біледі. Оқыту материалдары мен формаларын, сабақ элементтері мен типтерін жақсы меңгерген, шеберлігі жеткілікті ұстаз.Шәкірттері әр түрлі салада қызмет етуде.
Сыздықов Мұхтар-дәрігер - хирург.
Нұрқожаев Мұхамеджан -заң қызметкері
Атымтаева Анар - Мұғалима
Ол кісінің оқытып жүрген оқушыларының білімі мен тәрбиесі талапқа сай.Өз пәні бойынша дайындаған шәкірттері аудандық пәндік олимпиада жүлдегерлері.
Мұғалімнің өткізген ашық сабақтары мен жасаған баяндамалары үлгі аларлық дәрежеде . Мысалы: С.Торайғыровтың «Қамар сылу» раманы бойынша 10 сыныпта өтілген сабағы , 7 сыныптағы Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы»тақырыбындағы әңгіме, 6- сыныпта «Фонетикадан өткенді қайталау» тақырыбында өткен ашық сабақтары мен «Тіл дамыту жұмыстары» тақырыбындағы баяндамасы осының айғағы еді.
Әбдіқожаева Күмісай өз ісінің маманы ретінде тәжірибесі аз, жас мамандарға ақыл- кеңес бере отырып, , үнемі методикалық көмек жасап отырады.Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып , түрлі тақырыптарда құнды баяндамалар жасап. Семинар сабақтар өтеді. Қазақ тілі мен әдебиет кабинетінің меңгерушісі, кабинет жабықтауда һз үлесін қосып келеді.
Білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстары және тәуелсіз еліміздің болашақ иелерін тәрбиелеудегі жемістің еңбектері үшін, облыстық департаментінің білім және ғылым қызметкерлері кәсіп одағының облыстық комитетінің құрмет грамотасымен марапатталады 30.09.2000 ж.
Жас ұрпақтарды тәрбиелеу мен оларға білім берудегі елеулі еңбегі үшін Жаңақорған аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің құрмет грамотасымен марапатталған. 3.01.1979 ж.
Жаңақорған аудандық білім бөлімі және білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитеті жас жеткіншектерді тәрбиелеу мен білім берудегі елеулі еңбегі үшін
Жаңақорған аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің құрмет грамотасымен марапатталған. 3.10.1997ж
Білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстары үшін мектеп дерекциясы тарапынанда бірнеше мақтау қағаздарын алды.
Сіздің елеулі еңбегіңіз бен ұстаздық еңбегіңіз өзіңіз қызмет істеген мектеп тарихымен біте қайнап жатыр. Қазіргі таңда Әбдіқожаева Күмісай апайымыз бейнеттің зейнеттін көріп аяаулы әже , қазыналы қария . сонымен қатар быйылғы жылы мүшелі жасқа толуда. Сізге тілер ақ тілегіміз Жанұяңызға береке - бақыт, деніңізге саулық, өзіңізге ұзақ ғұмыр тілей отырып мына өлең шумақтарын арнаймыз.
Қадірлі болып еліңе,
Түгіскен жаннат - жеріне
Ұстаздық еткен жалықпай.
Кейінгі шәкірттеріңе
Ұстаз боп еңбек еттіңіз
Мұратқа ізгі жеттіңіз
Арманды қататтандырып,
Жылжып жылдар , өтті күз. Ұстаз боп терді төктіңіз
Жетістікке жеттіңіз
Бейнеттің зейнетін көріп
Өзіңізді үлгі еттіңіз.
Мұғалімдер мерекесімен құттықтаймыз өзіңізді
Сағынамыз әрдайым сөзіңізді
Мерекеде қуанышта бір болған,
Сағынамыз қуанышты жүзіңізді.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылы №256орта мектебі Ізгі тілекпен: 8б-сынып жетекшісі Жанна Увайдаева