Эссе ?стазды? еткен жалы?пас


Мені шабыттандырады...
Эссе
Жаңа заман ұстаздан үнемі ізденуді , білімін жетілдіруді талап етеді. Бұл курстың мақсаты алдымен ұстаздың өзін-өзі реттеуі, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту. Бұл оқушының бар қырын ашу. « Өзін-өзі тану мұғалімі білімді дайын күйінде ұсынбайды, ол тек оқушылардың даму бағдарын сыртқы әлемді зерттеуден өзінің ішкі жан терең дүниесінің шексіз әсемдігін ашуға бағыттаймыз. Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани терең адамгершілік құндылықтар негізінде жоғары адамгершілік мәнін жағдай жасау. Осы орайда мен өзімнің білімді, тәжірибемд жетілдіру үшін «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған курсқа келдім. «Өзін өзі тану пәнін оқытудың ғылыми терең әдіснамалық негіздері» атты курс басталғалы мен өзімнің шабыттамғанымды байқадым. Өзін өзі тану тарихымен, педагогикадағы ұлы классиктерімен, ізгілік психалогиясының классиктерімен танысып, рухани адамгершілік қасиеттерімен, құндылықтар туралы дәріс алып, мол тәжірибеге кеңелдім.
Оқушының жетістігі ол ұстаздың жемісі. Оқушыларымның мейірімді, ақылды, адамгершілікті, өзінің ойына, сөзіне, ісіне жауапкершілікпен қарауы берген білімімнің жемісі әрдайым мені шабыттандырады.

Мен шабыттандырамын...
Эссе
Қазіргі таңда білім беру мен тәрбие жұмысын қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселесі туындады. Осы орайда білім беру ұйымдарында жүйені ізгілендіру мақсатында « Өзін өзі тану пәні маңызды рөл атқаруда». Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, басқа да құнды қасиетерді сіңіріп дамыту, отбасы мен ұстаздардың міндеті.
Тұлғаның рухани дамуына үйлесімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани адамгершілік білім нақты білімдік тәрбиеде түрлі жолдармен, ең алдымен «Өзін өзі тану пәну арқылы жүзеге асырылады. Баланың адамгершілік пен махаббатқа тәрбиелеу мақсатында тиімді әдіс-тәсәлдерді халқымыздың аңыз-әңгімелер мен шешендік өнер үлгілерін, даналар сөзін қолданудың рөлі маңызды екенін түсінді. Бұл пән басқа пәндерден ерекшеленуі әрбәр оқушының өз рухани терең адамгершілік табиғаты мен щығармашылық әлеуетін оның адами кемелденуін гүлденуіне, өміріндегі өз мұратын ұғынуына жағдай туғызу арқылы ұшыға мақсаты бағытталған білімді үдерісті ұйымдастыруды көздейді.Өмірге адам болып келу аз. Адамға тән өмір сүру қажет. Сондықтан да « Өзін-өзі тану пәні оқушылардың әлеументтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне , қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысты себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру
Менің ойымша, мұғалім оқушының оқуға шабытандыру үшін ең алдымен өз пәнін жетіп менгеру жеткіліксіз. Мұғалім бойында білімі мен оның балаға деген сүйіспеншілігі мен тығыз үйлесім табуы қажет, осы жағдайда ғана оқушының пәнге деген, өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Алдымен рухани қуат беру керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, бала мен тең жағдайда әңгімелесу, сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, айтқан ойын құлақ қоя тыңдау қасиеттері арқылы ғана баланың бойында адами қасиеттерді қалыптастыру арқылы жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге болады. Сабақты түрлендіру, яғни әр түрлі тәсілдерді қолдану арқасында оқушының сабаққа деген шабытын оятуға болады. Оқушылардың тұлғалық, рухани өсуінің ішкі динамикасына неғұрлым мұқият назар аудару, диалог ұйымдастыруына жағдай туғызу, сонымен қатар оқушылар үшін сабақта талқыланатын мәселелер бойынша өз көзқарасын, пікірін білдіруге, өз қабілеттерін барынша ашуға, қызығушылықтарын дамытуға, өзіне және қоршаған әлемге құндылықтың қатынасын қалыптастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Оқушылардың көңіл күйін түсіне отырып, сабағымды әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы қызықты өткіземін. Осы әдіс –тәсілдер арқылы баланы шабыттандыра отырып, өзімде шабыттанамын..