Мектепалды даярлы? ?ош келді?, ?з Наурыз!


Ембі қалалық №3 орта мектеп
Қош келдің, әз Наурыз!
МАД «Ә» тобы
Тәрбиеші: Жиенбаева А.Б.
2016 – 2017 оқу жылы
Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Барысы:
Армысыздар ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).
(«Көктем келді !» әні орындалады)

Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы мәлімет берместен бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесіне арнаған өлең шумақтарын тыңдайық:
Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады. Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Топ жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн. Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.
Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз.
Тұсау кесу:
Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң аяғын қазқаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жеріні топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап таңтамаша болады. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың анасы алақұла шуда жіптен екіүш қарыс дайындап, оны ауылдағы бір желаяқ пысық әйелге «ал сен кес, өзіндей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсауша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Бала анадайдағы апасына қарай тәлтіректеп жөнеледі.
Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғышқы ізі жер бетін шимақтайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшінақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.
Осы арада «баланың аяғына не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ туу мүмкін.
Бұның мәні мынада: қазақ баласының сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептен істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгенннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастанақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағылаға жолма, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе кесіпқұртуға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Біріншісі – баста айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу.
Үй көрсету - дәстүр. Жаңа түскен келінді туыс туған, көрші көлем, ілік жекжаттар «үй көрсетуге» (шығыс жақ «отқа шақыру» дейді» яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәде жорасымен барады. Мұны « ілу» дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне (үлкен, кіші деген мағынада) келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер келіннің мінез құлқын, жүріс тұрысын яғни әдеп, тәртібін байқап сынап отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған дәстүр әлі жалғасып келе жатыр.
Ұлттық тағам.
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.«Қамажай» биі биленеді.
Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз.
1. Қол күрестен жарыс (ұлдарға)
2. Орамал тастау
Жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағазы табыс етіледі.
"Дастархан" әні орындалады.
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Кезекті оқушыларымыздың өлең жолдарына берейік.
Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық!
Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Бата.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!