Саба? жоспары: Бір ша?ыра? астында


Білім саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғыммен таныстыру.
Тақырыбы: Бір шаңырақ астында
Мақсаты: - өзге ұлт өкілдері туралытүсініктерін кеңейту;түрлі сезім
мүшелері арқылы : көру,есту,сипап сезу,санауға үйрету;
- жақындарымен жақсы қарым- қатынас орнатуға тәрбиелеу;
- түрлі көлемде өсу және кему ретімен қойып,заттарды
орналастыру ретін сөзбен айтып салыстыру дағдыларын
қалыптастыру.
О.і.ә.әдісі: «Шаттық шеңбері», әңгіме, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: достық үйдің макеті,санауға арналған ұсақ заттық
суреттер.
Блингвизм: достық-дружба,орыс-русский,украин-украинец,кең-широкий
тар-узкий,ұзын-длинный,қысқа-короткий.
Әлеуметтік инклюзия: балаларды бауырмал,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: шаңырақ, достық,ұлт өкілдері.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалар іс-әрекеті.

Мотивациялық- қозғаушы.
Іздену –ұйымдастырушы.
Рефлексивті коррекция
Шаттық шеңбері
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Балаларды «Достық үйіне» саяхатқа баруға шақырады. «Достық үйі» туралы түсінік береді.
Жаңа тақырып
«Киімінде қандай пішін бар?»дидактикалық ойыны.
Әр ұлт балаларының суретін көрсетеді.Сұрақтар қояды:
--Орыстың баскиімінде қандай пішін бар?
--Украиннің (өзбектің) баскиімінде ше?
«Кімнің киімі?» дидактикалық ойыны.
Тәрбиеші тақтаға бойлары және дене бітімдері әртүрлі (жіңішке ұзын,толықша орташа денелі және аласа орташа денелі) 3 бишінің кескінін орналастырады.Бұлардың «Достық мерекесінде»билейтін бишілер екенін айтады.Сұрақтар қояды:
--Бойы ұзын бишінің ұстап тұрған көйлегі өзінікі ме?
--Бойы аласа қыздың қолында қандай көйлек?Оған қандай көйлек керек? т.с.с.
«Кең – тар, ұзын - қысқа» сөздерін орыс тілінде айтқызады.
Сергіту сәті
Шаңырақ астында
Шаңырақ болар дөңгелек,
Тұра қалайық дөңгелеп.
Келсе қонақ күнде үйге,
Ас піседі бұл үйде.
Қазандықта от қызады.
Қазанда түрлі ас піседі.
Қолға тұрмас дөңгелеп,
Ыстық бауырсақ дөңгелек.
Қорыту
Сұрақтар қоя отырып,сабақты қорытады.Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін аяқтайды.
Саяхатқа баруға қуана келіседі.Тәрбиешіні тыңдайды.
Суреттерді тамашалайды
Пішіндерді тауып,атайды
Бишілердің бойларын,дене бітімдерін салыстырады,көйлектерді тиісті қыздың жанына орналастырады, дәлелдейді.
Тәрбиешінің соңынан қайталап,сөздерді айтып үйренеді.
Тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды
Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұлт өкілдерін ажырата алуды
Игереді: «кең», «тар» ұғымдарын өлшем бірлік ретінде қолдануды
Меңгереді: геометриялық пішіндердің атауын,кеңістікті бағдарлай білуді.